Клиникалық жағдай №1 Оқиға болған орын



Дата07.02.2022
өлшемі15,44 Kb.
#94889
Байланысты:
Есеп №7


Клиникалық жағдай №1


Оқиға болған орын: қабылдау бөлімшесі
Науқас туралы мәлімет: ер адам 35 жаста
Шарты: науқас оң сирағының ортаңғы үштен біріндегі ауырсыну шағымымен жедел медициналық көмек бригадасымен жеткізілген. Науқастың айтуымен белгілі болғандай, жарты сағаттай бұрын ол велосипедтен оң аяғына қарай құлаған.
Жергілікті: оң сирағының ортаңғы үштен біріндегі ауырсыну және алдыңғы сыртқы беткейінде өлшемі 5х2 см-лік топырақпен ластанған беткейлі жарақаттың (терісі сыдырылу) болуы анықталған. Қан кету белгілері жоқ.
Тапсырма:

  1. Алғашқы хирургиялық өңдеуді өткізіңіз;

  2. Асептикалық таңғыш салыңыз.

Клиникалық жағдай №2


Оқиға болған орын: қабылдау бөлімшесі
Науқас туралы мәлімет: жасөспірім 15 жаста
Шарты: Қабылдау бөлімшесіне баласын алып әйел келді. Бала оң сирағы аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анасының айтуынша: баласы жарты сағат бұрын ағаштан оң аяғына қарай құлаған, көптеген тері сыдырылулары болған.
Жергілікті: оң сирағының ортаңғы үштен бірі деңгейінде алдыңғы сыртқы беткейінде ұзындығы 5см-лік беткейлі жарақат (терісі сыдырылу) анықталды, қабыну және қан кету белгілері жоқ. Жарақатта бөгде денелер бар (топырақ, шөп бөлшектері).
Тапсырмалар:

  1. Алғашқы хирургиялық өңдеуді өткізіңіз;

  2. Асептикалық таңғыш салыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет