Бас қаламыз Астана туралы білу. Өлеңді түсініп оқуға төселу. Өз желісінде мазмұндауға машықтану



Дата08.07.2018
өлшемі86,26 Kb.
түріСабақ

Әдебиеттік оқу 3 сынып

Тақырыбы:



Астана – арман қала.

Мақсаты:



Бас қаламыз Астана туралы білу. Өлеңді түсініп оқуға төселу. Өз желісінде мазмұндауға машықтану.

Күтілетін нәтиже:



A) Өлеңді түсініп оқуға төселеді.

B) Өз желісінде мазмұндауға машықтанады.

C) Жаңа жас Астана мен бұрынғы астанамыз Алматы қаласын салыстырады.


Керекті жабдықтар



Әдебиеттік оқу Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық/ Б.А. Тұрғынбаева З.Муфтибекова. П.Қ.Жаманқұл – Алматыкітап баспасы 2014 «Әдебиеттік оқу», Әдістемелік нұсқау, З.Муфтибекова ,кері байланыс

парақтары. Маркер,карандаш,флипчарт.



Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Кіріспе



Психологиялық дайындық

Попорация оң жақтан оң құлақ

Попорация сол жақтан сол құлақ

Фотограф аяқ тарсылдату, қол шапалақтау.

Топқа бөліну.

Астана Бәйтерек Есіл Алматы

Үй тапсырмасын сұрау.

Топпен жұмыс

1-топ бәрі бірге хормен мәнерлеп оқу.

2-топ жұппен оқу.

3-топ шумақтап оқу, бір шумақтан тізбекпен оқу.

4-топ жеке оқу әр шумақты мәнерлеп жеке оқып шығады.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Бұл мәлімет шындық па, немесе жалған ба?


  • Менің туым өлеңінің авторы Әлкей Марғұлан.

Жалған Болат Үсенбаев

  • Болат Үсенбаев Қытай Халық Республикасында Құлжа қаласында дүниеге келді. шындық

  • 1982 жылы алғашқы өлеңдері жарияланды. Жалған /бұл жылы «»Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі болды. /

  • Болат Үсенбаев 1955 жылы 24 наурызда туған шындық

  • 1977 жылы қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдады. шындық

  • Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Шындық

  • Алғашқы өлеңдері 1999 жылы «Айгөлек» журналында жарияланды. Жалған /1971жылы «балдырған журналында жарияланды»/

  • Болат Үсенбаев қазіргі таңда «Жайық үні» газетінің бас редакторының орынбасары жалған

  • /Болат Үсенбаев қазіргі таңда «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары/

  • Болат Үсенбаев «Еңбек туы», «Лениншіл жас» газетінде тілші қызметін атқарды. Шындық.

  • Болат Үсенбаевтің алғашқы өлеңі «Правда» газетінде жарияланды. Жалған./ Болат Үсенбаевтің алғашқы өлеңі «Балдырған» журналында жарияланды.

Оқушылар шаттық шеңберін құрды.
Ұйымдасып, топқа бөлініп отырды.

Тұсаукесер




Он сұрақ Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның арқасына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Сөз Бәйтерек.

Сурет бойынша жұмыстанады.

Негізгі бөлім

Сыныппен диалог

Бекіту.

Қорытынды






Өлеңді өзбетімен оқу.

Әр топқа оқыту.

1-топ бәрі бірге хормен мәнерлеп оқу.

2-топ жұппен оқу.

3-топ шумақтап оқу, бір шумақтан тізбекпен оқу.

4-топ жеке оқу әр шумақты мәнерлеп жеке оқып шығады. Видеоролик, слайд әнімен. «АСТАНА»

"Түрткі сұрақтар" Не себепті әр команданы Астана, Есіл, Сарыарқа, Алматы тобы деп атадым?

Әкімшілік бөлінуі.

Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы бар.

Не себепті Астананы жас қала дейміз?

Қай жылы құрылды? 1997 10-желтоқсанда Қазақстанның Елордасы болып ресми жарияланды.

Ақынның Астанаға тілегін қай шумақтан аңғаруға болады? Үшінші және төртінші шумақ.

Оны қалай байқадың? Тілегін оқиық.

Шұғыла шаша бер алтын күн сияқты.

Ақынның Астананы арман қала деп атауының себебі неде? Арман қуып талай жастарымыз сол қалаға оқуға түсуді, сол қалада тұруды армандайды.

Неге жастар, жалпы халық сол қалада тұруды армандайды деп ойлайсыңдар? Болашақ бар.

Ал болашақ деген не балалар?

Елге пайдаң тиер маман иесі болу, заман талабына сай өмір сүру, елбасымыз міндет еткен үш тілді меңгеру.

Жақсы, балалар, осы «Астана –арман қала» өлеңінің авторы кім? Ендеше ақын өмірбаянымен өзбетімізбен танысайық.

Ресурспен жұмыс

1-топ Ақын өмірбаянын топтастыру.



Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылында туған – ақын.

Қызылорда педагогикалық институтын бітірген Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім, 1967 - 71 жылдары аудандық "Сырдария" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарған. 1985 - 88 жылдары орта мектептің директоры қызметін де атқарған. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы. Шығармалары:

«Жүзім бағы» «Қызыл жыңғыл» ,«Ақ сәуле»,«Сыр әндері» ,«Сыр жырлары» (2000жыл), тағы басқа жыр жинақтары жарық көрген.

• 1990жылы Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі болды.

• «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

• Сырдария ауданының құрметті азаматы.

2-топ Астана, Алматы туралы мәлімет.

1997 10-желтоқсанда Қазақстанның Елордасы болып ресми жарияланды.

Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана - Бәйтерек” Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанариум, кинозалдар бар. «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан. Бұл аквариумдағы «Мұхит аралдың» ең ірі тұрғындары - акулалар, алып алабұғалар, және өзге де балықтар тіршілік етуде.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10-желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды. Бірақ Ақмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6- мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды.

Міне осындай әдемі -Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы болды.

Астананың алғашқы атауы Ақмола. 1998 жылы 10 маусымында Астана қаласы Қазақстан Астана – еліміздің бас қаласы, сәулетті қала .Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.

АЛМАТЫ

Алматы — елдің ғылыми, мәдени, тарихи, орталығы. Бұрынға астанамыз. Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе тауы. Көктөбенің басына шығып қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар. 28 панфиловшылар паркі.Понфиловшылар дегеніміз Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктерімен танылған атқышдар дивизиясы. Жауынгерлер. Алматының апорты ең тәтті үлкен алма.



Тау етегінде орналасқан бақта өседі. Алматының алмасына өзге елден қыдырып келген туристтер таң қалады. Ол аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.

Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Суретші Қастеев атамыздың музейі бар.

Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы байқалады Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі.

3-топ Астанамыздың символы Бәйтеректің Бәйтерек деп аталуының себебе неде? Дәлелдейміз. Бес жолды өлең құрастырамыз.

Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана - Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.



Астана сөзі қандай мағына береді?

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.



Топпен жұмыс

1-топ Ақын өмірбаянын топтастыру.

2-топ Венн диаграммасы. Астана, Алматы.

3-топ Бес жолды өлең «Бәйтерек»

Астанамыздың символы Бәйтеректің Бәйтерек деп аталуының себебе неде? Дәлелдейміз./топ басшысы/ Бес жолды өлең құрастырамыз.

4-топ эссе. Астана – арман қала.

Бағалау: « Екі жұлдыз, бір тілек»

Өлең мазмұнын талдайды.


Оқушылар

Топпен жұмыс жасайды.


Жұппен жұмыс жүреді.



Үйге тапсырма




Өлеңді жаттау, Астана туралы мәлімет жинақтап жазып келу.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Кері байланыс





Бағалау, Топ өзара бірін бірі бағалайды.

Рефлексия

Бағдаршам


Кері байланыс жасайды.

Сабақтың талдауы





Өзгертулер бойынша



Каталог: uploads -> konspekt -> literatyra
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
literatyra -> А. С. Есалина Тақырыбы: М. Шаханов "Отырар" дастаны. Мақсаты: Жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталу;Отырар қаласы туралы түсінігін молайту;поэма
literatyra -> Сабақтың атауы Қасқыр қысты қалай өткізеді? Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
literatyra -> Мақсаты: білімділік-оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып,әңгімедегі кейіпкерлер,олардың іс-әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен
literatyra -> Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау 302 306 жаттығулар Сабақтың мақсаты
literatyra -> Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы Жалпы мақсаттары
literatyra -> Сабақ жоспары күні: Тақырыбы Менің жазғы демалысым Сөз таптары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет