Қазақстан Республиксының Ғылым және Білім Министрлігі
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Аралық бақылау
Кафедра: Мода және киім дизайны
Орындаған: Биболатова А.Ж.
Тексерген: Құсайынов Д.У.
Алматы 2021ж.
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назараударамыз. Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады. Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем.
Еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар. Бұл дегеніміз, өз бетінше өндірісті дамытып, ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру.
Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар, ол еркіндік. Тарих ашық түрде еркіндік «Әрекет етуге бөгет жасамаңдар» деген ұранмен буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде 17-18ғ. енген болатын. Бұған бұл ұғым қарастырылмаған деген түсінік тумауы тиіс, әрине. Жүйелі түрде осы кезеңнен бастап бүгінгі күнгедейін шолу жасап көрейік.
Ағылшын философы Томас Гоббстың пікірінше, еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы. Гоббстың көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы.
Еркіндік мәселесі Б.Спиноза (1632-1677) мұрасында кеңінен қарастырылған. Ол Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі – «Этика».
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай – табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.
Ең бастысы Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты – адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату – құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бұл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді.
2 М.Хайдегердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
Неміс экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі М. Хайдеггер пікірлері осы еркіндік мәселесі тұрғысынан өзі қызық әрі құнды. Адамның шынайылығы-оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және болмысты негіздейді. Еркіндік-адам шынайылығының ақиқаты "осында орныққан" адам ерікті, себебі: "осындағы болмыс"орын және адамға Адам болу мүмкіндігін беретін орын қасиетін ашады. Орынды жоғалту өліммен бір. Орынға иелік ету-белгілі бір нәрсені тірлігіне мүмкіндік жоқ болу емес, орын - адам өз-өзін зерделей бастайтын шынайылықтың түрі. Бұл оның тірлік негізі және оның жүзеге асумүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |