62-бап. Ескіру мерзiмінiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
«ҚР ӘҚБтК-те көзделген жағдайлардан басқа, тұлға – әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ ҚР оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, ҚР энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн, техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін – оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды».
Достарыңызбен бөлісу: |