Байланысты: Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату Әкімшілік жауапқа тарудың мерзімінің ескіруі деп әкімшілік құқық бұзушылық істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол әкімшілік құқық бұзушылығы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол әкімшілік құқық бұзушылық ескірген әкімшілік құқық бұзушылық қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп, ескірген әкімшілік құқық бұзушылықты қарау оған дәлелдерді жинау, істі сотта қарау кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген әкімшілік құқық бұзушылығы үшін кінәлі адамға әкімшілік жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Әкімшілік кодексте (8-тарауда) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген әкімшілік құқық бұзушылықтың жекеленген түрлеріне байланысты болып көрсетілген.
Ескерудің мерзімі әкімшілік құқық бұзушылық істегеннен күннен бастап есептелінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық істеген уақыт деп әкімшілік құқық бұзушылықтың зардабының орын алған уақытынан тысқары іс-әрекет жүзеге асырылған уақытты айтамыз.