Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы



бет8/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

1. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі больш табылады. Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты
бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кылмыстық жауаптылыққа әкеп соктырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және басқалардың) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатьш (мысалы, жекеленген кару туралы ҚР занымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с.с.), қорғалатын коғамдык катынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік кұқык бұзушылықтын күрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың зандык белгілері:
а) құқыққа қарсылык, -бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау больш табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сактау әкімшілік жауапты­лық шараларымен корғалады.
б) кінәлілік, яғни кұқыкка карсылық әрекетгі қасақана не­месе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа карсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бузушылық қасақана жасалған деп танылады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінін немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мумкін екенін біле турса да, бірақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойлаған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздыкпен жасалған деп танылады.
Құқық теориясында қасақана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың құқық бұзушылықтык менмендік немесе құқық бұзушылықтык салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзакылык ұсак ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияктылар -осылардың бәрі және соларға үқсас әрекеттер тек кана касақана жасалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бузушылыктар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт кауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияктылар.
Кінә-әкімшілік құқық бұзушылыктың міндетті белгісі; ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылықка тартуға негіз жок деп табылады.
в) қогамга зиянды деп азаматгың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады.Әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.
Әкімшілік құқық бузушылықтың коғамға зияндык салмағы кылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар занды түрде басқаша бағаланады да, аса қатал емес жауаптылық белгіленеді. Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің жасы кәмелетке толмағандардын, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны ұшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.
Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін соларды жасаған кезде он алты жаска толғандары жауапты болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар туралы Ережеде көзделген шаралар колданылады, 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13 -бабының
екінші абзацында көрсетілген (ұсақ бұзакылық, атылатьш карудан елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда, немесе белгіленген тәртіптің ережесін бұзып ату, полиция қызметкерінің немесе халық жасакшысының заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау жөне с.с.) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.
Әскери қызметшілер және жиындарға шақырылған әскери міндетті адамдар, сондай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары әкімшілік құқық бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерін, кеден ережесін бұзған және контра­банда жатпайды.
Осы көрсетілген жағдайларда бүл адамдар жалпы негіздерде өкімшілік жауапты болады. Сосын, бул санаттағы азаматтарды өкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.
Қазақстан аумағында тұратьн шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР азаматтығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. ҚР әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.
Лауазымды адамдар олардың кызмет жағдайларына байланысты әкімшілік құқық субъектілерінің ерекше санатын құрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдык тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын корғау саласындағы белгіленген ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету «өздерінін кызмет міндетіне жататын басқа ережелерді сактамауына бай-ланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.
2.Әкімшілік құқық бұзушылықтың құқық бұзушылықтан және тәртіптік құқық бұзушылықтан айырмашылығы.
Жалпы құқық бұзушылық бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқықкқ қайшы, қоғамға кауіпті, кінәлі іс-қимыл. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.
1. Құқық бұзушылық бұл ҚР құқық бұзушылықтық кодексінде көрсетілген, құқық бұзушылықтық жауапкершілік пен құқық бұзушылықтық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет.
2. Теріс қылық қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтыққұқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз әкімшілік құқық бұзушылық.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2015 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс ҚР Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған кағидалары мен нормаларына негізделеді. ҚР әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ак ҚР Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері -адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қоргау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Жеке адамның, әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті, не әрекетсіздігі немесе заңды түлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, онын залалды салдарын алдын-ала білсе және осы салдардьщ туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын-ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса ла осындай салдардың туындау мумкіндігін алдын-ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады (30бап).
3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: объект, объективті жақ, субъект, субъективті жақ.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны жауапкршілікке тарту үшін жеткілікті және қажетті заңмен белгіленген белгілердің жиынтығы. Егер осы заңды құрамның барлық белгілері болғанда ғана әрекет құқық бұзушылық деп танылады. Ол мынадай 4 элементтен тұрады:
1) әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі;
2) әкімшілік құқық бұзушылық объектісі;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъектлауазымды тұлғ,алар, диплматиялық қорғаншылықтарды пйдаланбайтын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект әскери қызметкерлер, әскери жиында жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы тұлғалар, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар:
1) жалпы объект мемлекеттік басқару облысында туындайтын және бұқаралық құқық салалырмен реттелетін қоғамдық қатынастар;
2) текті объект пайда болу және жүзеге асырылу саласы бойынша бір текті жақын қоғамдық қатынастар тобы. , мысалы, жеке меншік, қоғамдық тәртіп, табиғатты қорғау, тұрғындардың денсаулығы, басқару тәртібі;
3) түрлі объект бір текті құқық бұзушылықтар үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы, мысалы, жол жүру ережелерін бұзу, паспорттық режимді бұзу, кеден ережелерін бұзу.
4) тікелей объектәкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын, нақты қоғамдық қатынастарға зиян келтіру, мысалы, кедендік бақылау зонасының режимін бұзу.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады:
1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;
2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану);
3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде);
4) оның тигізген зиянды салдарлары (зиянның мөлшері кейде әкімшілік немесе құқық бұзушылықтық жауаптылық шараларын қолдануды анықтайды);
5) құқық бұзушылық істеген кезде пайдаланылған құралдар (көлік құралы, ішімдік заттары, есірткі заттары, қару-жарақ).
Әлденеше рет жасау бұл бір текті әрекетті немесе әрекетсіздікті бірнеше рет жасауды білдіреді.
Қайталану бұл тұлғаның 1 жыл ішінде біртекті құқық бұзушылықты жасап, сол үшін алдында ғана әкімшілік жазаға тартылған болса. Бұл жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады. Құқық бұзушылықты әлденеше рет жасаудың қайталанудан айырмашылығы бірнеше құқық бұзушылық емес, тек бір ғана құқық бұзушылық болып саналады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы құқық бұзушының істеген құқыққа қайшы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және оның салдарларына ішкі, психикалық қатысы. Құқық бұзушылықтың субъективті жағының міндетті белгісі кінә. Оның 2 нысаны бар: қасақана және абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп.
Қасақана бұл тұлғаның өзінің ісәрекетінің құқыққа қайшылығын сезсе, оның зиянды салдарларын алдын ала білсе, ол салдарлардың туындауын қаласа, әкімшілік құқық бұзушылық әдейі жасалған деп танылады. Оның екі нысаны бар; тура және жанама;
Абайсызда -әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға өзінің іс-әрекетінің зиянды саладарларының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ оның алдын алуға болатындығын ұшқары ойласа немесе тиісті назар аударғанда оның алдын алуға болатындығын,соындай салдарлардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалған деп саналады. Оның екі түрі бар: немқұрайлылық пен менмендік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет