Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері



бет4/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

2.Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критериялар мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы (в сфере);
д) занды күші;
е) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер
тобына қолданылуы).
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
материалдық (қаржылық) нормалар
процессуадды болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).
Процессуалды нормалар мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материаддық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативтік актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а)өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін занды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, яғни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабыддануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортага, яғни сфераға байланысты және т.б.
Субъетілердің мінез-қүлқына әсер ететін әдістер:
1. міндеттеуші (обьязывающие);
2. тыйым салушы (запрещающие);
3. уәкілдік беруші (уполномочивающие) әкімшілік-құқықггык нормалар болып бөлінеді.
1. Міндеттуші әкімшілік-құқықтық нормалар -тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын (жалоба) белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «ҚР мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171 -бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.
2. Тыйым салушы (запрещающие) әкімшілік-құқықтық нормалар норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.
Тыйым салудың екі түрі бар:
а) жәй тыйым салу;
б) арнайы тыйым салу.
Жәй тыйым салу дегеніміз әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.
Арнайы шектеу дегенімізҚР Президенті заңының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен қаржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.
3. Уәкілдік беруші (уполномочивающие) нормалар -субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек. Мысалы: «ҚР банктері мен банк жүйесі» туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген: Егер ҚР Ұлттықбанкі II дәрежедегі әкономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:
а) міндеттеуші хатты талап етеді;
б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;
в) ескерту, сөгіс береді;
г)жазбашатүрдебереді;
Қолданылу шегіне байланысты:
а) жалпы міндетті;
б) ішкі жүйелік.
а) жалпы міндетті нормалар әкімшілікқұқықтық қатынасқа
түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.
б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы билікгің талап
етуіне байланысты қолданылуы.
Мекен-жайға байланысты (по адресату): белгілі бір ұйым іс атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін (статусын) белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.
Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар -бұл конституцияда бекітілген белгілі бір кағидалар мен ережелердің жиынтыгы. Ал әкімшілікқұқықтық қатынастар бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдык қатынастар. Бүл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп басқарып отырады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды. Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкессіздік азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге, жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң алдында тең. Әкімшілікқұқықтық қатынастардың мақсаты тұракгц заңмен карастырылған катынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастар барысында субъектілердің әр түрлі мүделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін ерікгі түрде орындауға бағытталған. Басқару органы өзінің биліктік өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының ,бірі құқық бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа тартылады. Ал бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түрлі тараптардың өз құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайды және ол ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-құқықтық.Іс қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше өзгерту мүмкіндігі шектелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет