Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Дәріс № 1. Әкімшілік құқықтың пәні және әдісі



бет3/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Дәріс № 1. Әкімшілік құқықтың пәні және әдісі.
Негізгі сұрақтар:
1. Әкімшілік құқықтың түсінігі және мәні.
2 Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
3. Әкімшілік құқықтың түсінігі және мәні.
1.Әкімшілік құқықтың түсінігі және мәні. Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер пен ведомствалар, өзге де орталық атқарушы органдар, акиматтар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың кұрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтар мен және өздерінің құзіретгеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдар мен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-әкімшілік кұкық бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.
Әкімшілік құқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып ҚР Конституциясы, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құқықтық қатынастары нормалары бар және осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ ҚР қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық келісімдер болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім шығару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ал өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру шешімдер жолданатын адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тиым салу белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде, әкімшілік құқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта болатынындай тең болып табылмайды, бүл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен занды тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей құзіретін айқын реттеуден көрінеді.
Сонымен әкімшілік құқық ҚР құқық жүйесінің кұрамды буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың тағы бір маңызы мынада: қаржы, банк, кеден, салык кұкығы және басқалары сияқты құқық салаларының жаңа институттарын кұру процессінде әкімшілік-құқықтық нормалар басқарушы, әдістемелік орталық рольді атқарады, және олардың орнығуына, кешенді институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмекгеседі.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың міндеті адам мен азаматгың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, халыктың денсаулығын, санитарлық-әпидемиологиялық саулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын мемлекетгік билікті, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
2. Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
ҚР «әкімшілік кұқығы» мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол әкономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, ҚР салааралық мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық қызметте зандылықты қамтамасыз ету нысандары (формалары) мен әдістерін оқытуды қарастырады.
ҚР «әкімшілік құқығы» мемлекеттік басқару жұмысы мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне түсінік береді. Басқармалық қатынастарда әкімшілік құқық пәнін окытуды республика және белгілі бір аймақ (облыс немесе аудан) көлемінде қарастыруға болады. Сондықтан министрліктердің, әкімшіліктердің, басқа да мемлекеттік басқару органдарының болашак қызметкерлеріне тәжірибелік қызметте қажетті білім беру, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру мен бекітудің маңызы жоғары.
ҚР «әкімшілік құқығы» пәнін окыту міндеттерін жалпы алғанда былай көрсетуге болады:
- басқармалық катынастардың ерекшеліктері мен мағынасын
зерттеу;
- басқармалык қатынастарды реттеудегі әкімшілік-құқықтық нормалардың қызметін аныкгау;
- әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық орнын анықтау,
- әкімшілік құқық қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу.
- әкімшілік құқық субъектілерінің жұмысында зандылық тәртібін қамтамасыздандыратын тәсілдерін белгілеу.
Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныкқанына 20 жыл толып отыр. Қазақстан зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет койып отыр. Оның стратегиялык мақсаттары: әкономиканы нарықтық қатынастарға негіздеу, либерал-демократиялық қоғам құру және құқықтық мемлекет орнату. Осы мақсатгарды жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Ал азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқықтық реттеп отыратын пән әкімшілік құқық пәні болып табылады. Қоғамда құқықтың алатын орны ерекше, жалпы қоғамдық, даму құқықсыз мүмкін емес. Құқық қалыпты өміріміздің арқауы. Мамандар пікірінше құқық жалпы өркениет процессіндегі үзілмес компонент, қоғамдық мәдениет институты.
Белгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша құқық миссиясы терең қажеттіліктерден туындаған. Олар:
- азаматтық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.
- басқарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету
- автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.
Бұлардың бәрі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық конституциялық құқық бұзушылықтық құқықтар секілді дербес құқық саласы болып табылады. «Әкімшілік» сөзі латынша«басқару» мағынасында, сондықтан бұл саланы көбіне «басқару құқығы»деп те атайды. Сонымен әкімшілік құқық дегеніміз мемлекеттік басқару саласында, аткарушы мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру процессінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін заң саласы. Әкімшілік құқықтық реттеу кызметі мемлекеттік басқару аясында (сферасында) қарастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатынастар мәселесі кетіріледі.
Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде (практикада) әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың кұ-құқық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айкындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:
- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.
- атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
- атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.
- азаматтар мен қоғамды атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.
- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.
- Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
- әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген
қоғамдық қатынастарды қорғау.
- қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару сапасындағы катынастарды ығыстыру.
Қазіргі әкімшілік құқыққұқық саласы ретінде құқық жүйесінде жеткілікті деңгейде жеке тұлға құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда болған кезде калыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана аткарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен кұбылыс болып саналады. Әкімшілік құқықөте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.
Әкімшілік құқық құқықтық нормалар мен институттардың біртұтас жүйесі. Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу әдістері және пәні, Әкімшілік құқық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып өзге құқық салалары секілді өзінің заңдық басымдыкгары ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандыктарын қарастырады. Қазакстан Республикасының Конституциясында азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқықтарының концепциясы айқындалған.
Әкімшілік құқықтың басты мақсаты-мемлекетгік билік аппаратын заң мүддесіне кызмететіп, оның талаптарын орындауға бағыттау. Құқық салалары өзара пәні, құқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Заңдық әдебиеттерде әкімшілік құқықтың ғылым немесе пән ретінде қатынасы әлі де таластар тудыруда. Әкімшілік құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасьшың құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар іс басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін кұрайды. Бұлар басқарушылық қатынастар деп атапады.
Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:
I. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін үйымдастыру нығайтылады.
2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы.
Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы катынастар жатыр. Бұл қатынастардың түрлері:
басқару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазакстан Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)
-басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік және жергілікті орган)
-басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынасы (завод және министрлік).
Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді. Әкімшілік кұкық ғылым ретінде әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және тұжырымдар жуйесі болып табылады.
Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сферасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару аппаратының кұкықтық реттелу зандылығын қарастырады. Ол басқару қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың кең қолданылуын дәрістейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінін мәртебесін, басқарудың құқықтық формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылыкты, тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.
Осы заңдылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар негізінде қалыптаскан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ак әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Әр қоғарғы деңгейде дамыған әлеуметтік, демократиялык елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе әкімшілік құқық дегеніміз ҚР әкімшілік-құқықтық нормаларымен және нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген, жалпыға міндетті нормалар жүйесі.
1. Әкімшілік құқық және конституциялық құқық, бұл салалар бір-бірімен тығыз байланысты және тіпті олардың нормаларын бір-бірінен айыру да қиын. Бірақ, бұл салалардың арасында айырмашылыктар да бар. Мысалы, конституциялық құқық қоғамдық құрылыс пен мемлекет саясатының негізін, мемлекет пен тұлға арасындағы байланыстың негізін, улттық мемлекеттік және әкімшілік территориялық құрылысты қарастырып, мемлекеттік органдардың жүйесін және сонымен қатар барлық мемлекеттік органдарға тән ортақ негізгі қағидаларды құрайды.
2. Әкімшілік құқық сонымен қатар құқық бұзушылықтық құқықпен де тығыз байланысты. Әкімшілік құқыққа барлығы орындауға міндетті тәртіптер кіреді (жол козғалысы, паспорттық жүйе, санитарлық, өртке карсы және т.б.). Әкімшілік құқық әр түрлі коғамдық қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқық 2 бөлімнен: жаппы және ерекше бөлімнен тұрады. Әкімшілік құқық жалпы бөлімінің жүйесі акт, нормалар, мемлекеттік басқару саласындағы жалпы мәселелер. Оларға мыналар жатады.
1. мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын қарастыратын нормалар;
2. әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық қатынастарын қарастыратын нормалар;
3. мемлекеттік қызметтің негізі мен қағидаларын анықтайтын нормалар;
4. мемлекетгік басқарудың түрлері мен тәсілдерін қарастыратын нормалар.
Ерекше бөлімінде әкімшілік құқықтың институттарын біріктіретін нормалар қарастырылады, сонымен қатар әр сала бойынша басқару органдары олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады (мысалы, әділетті басқару, сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, қорғанысты басқару, білімді басқару, денсаулық сақтауды басқару, көлік және коммуникацияны басқару және т.б.).
Өзіңе-өзі сұрақтар
1.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі және мәні.
1.2 Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.

№2. Әкімшілік-құқықтың қайнар көздері
Негізгі сұрақтар:

  1. Әкімшілік-құқықтың қайнар көздерінің ұғымы

2.Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.
3. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік-құқықтық нормалардың көрінісінің сыртқы нысаны. Бұл сияқты қайнар көздер ретінде мемлекеттік билік органдарының шығаратын әр түрлі заңдық күші бар нормативтік-құқықтық актілері танылады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың әр түрлілігі олар қаралатын және көрініс табатын қайнар көздердің де әр түрлілігін болжайды. Оларға мыналар жатады:
1. ҚР Конституциясы, оның нормаларының біразының тікелей әкімшілік-құқықтық маңыздылығы бар. Бұлар, мысалы, мынадай нормалар: көптегенде мемлекеттік басқару асында жүзеге асырылатын адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін бекітетін нормалар (11,12,18,19,21,23-33 т.б. баптар) ; ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесін және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының құрылуы мен қызметінің негіздерін айқындайтын нормалар (64-70, 85-87 баптар).
2. Көптеген әкімшілік-құқықтық нормалар ҚР заң актілерінде болады. Мысал ретінде «ҚР Үкіметі туралы» 1995 жылы 18-желтоқсандағы Конституциялық заңды, «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылы 23-қаңтардағы заңды және басқаларды айтуға болады. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР 1998 жылы 24-наурыздағы заңы бойынша әр түрлі кодекстер де заң актілері болып табылады, мысалы, 2003 жылы, 5-сәуірдегі «ҚР Кеден кодексі».
3. ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және оның жарлықтарымен бектілген ережелер тағы басқа құжаттар. Мысалы, «ҚР Үкіметінің құрылымы туралы» 1999 ж, 22-қаңтардағы жарлық; ҚР Президентінің «мемлекеттік әкімшілік қызметтерді аттестациядан өткізу ережелерін бектіу туралы» 2000 жылы, 21-қаңтардағы жарлығы.
4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары, сондай-ақ олармен бектілетін ережелер, тәртіптер т.б. Мысалы, ҚР министрліктері туралы ережелері бекітетін қаулылары; ҚР Үкіметінің 2000 жылы, 28-қаңтардағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың ҚРна келуінің және болуының, сондай-ақ олардың ҚРнан кетуінің тәртібі»; ҚР Үкіметінің 2005 жылы, 9-наурыздағы қаулысымен бекітілген «Жеке тұлғалардың тауарларды ҚР Кеден шекарасы арқылы жеңілдетілген тәртіппен өткізудің шарттары мен нормалары».
5. ҚР орталық атқарушы билік органдарының нормативтік актілері – министрліктердің, агентіктердің, комитеттердің және бақылаудың нормативтік актілері (бұйрықтар, қаулылар, өкімдер, ережелер, нұсқаулар, тәртіптер). Бұл сияқты қайнар көздерінің екі түрі болады: біріншіден, тиісті жүйенің төменгі тұрған буындарына арналатын, және екіншіден, өзге атқарушы органдар үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін (соңғылардың меншік нысаны мен ведмостовалық бағыныстылығына қарамастан) міндетті болатын нормативтік актілер. Мысалы, мемлекеттік стандарттау мемлекеттік меншікті жекешелендіру; ҚР қоршаған ортаны қорғау министірлігінің құзыретіне жатқызылған мәселелер жөніндегі шешімдері атқарушы билік органдары, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
6. жергілікті өкілді (мәслихаттың) және атқарушы билік органдарының (әкімінің, әкімдіктің) нормативтік құқықтық актілері.
7. Әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекет аралық келісім-шарттарда болуы мүмкін.
8. Әкімшілік-құқықтық қатынастарды реттеуде ҚР Конституциялық және Жоғарғы Сот нормативтік қаулыларының үлкен маңызы бар. Заңдық күшіне енген олар бүкіл Қазақстанның аумағында барлық мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың мүлтіксіз орындаулары үшін міндетті болып табылады. Мысалы, «ҚР Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР Конституциялық заңын ҚР Конституциясына сәйкестігі турасында тексеру туралы» ҚР Конституциялық Кеңесінің 2004 жылы, 9-сәуірдегі қаулысы.
9. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының норматвитік актілерін әкімшілік құқық нормаларының локальдық (ішкі ұйымдастырушылық) қайнар көздері деп санауға болады (мысалы, басшылардың бекітетін ішкі еңбек тәртібі туралы ережелер).
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері туралы қажетті мағұлматтарды «ҚР Парламенттінің Жаршысынан», «ҚР Президентімен Үкіметінің актілер жинағынан», «Егемен Қазақстан» және «Заң газетінен» алуға болады. Бұлардың басқа шығарылатын әр түрлі салалық немесе пәндік бюллетендерге әкімшілік-құқықтың сипаты бар нормативтік актілер жарияланады.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып табылатын құқықтық актілердің көп түрлілігі оларды жүйелеуді қажет етеді. Алайда бұл жұмыс өте қиын, өйткені әкімшілік құқықтың нормаларымен толып жатқан қоғамдық қатынастар қажеттілігі реттелінеді. Сондықтан жекеленген әкімшілік-құқықтық институттарының инкорпорациялау жөнінде немесе қандай да болсын бір әкімшілік-құқықтық инстуттың нормаларын қамтитын арнайы кодификациялар туралы ғана норматвитік-құқықтық актілерді айтуға болады (мысалы, Азаматтық қызмет туралы кодекс). Қазіргі кезге дейін әкімшілік құқықтың тек қана бір институты-әкімшілік жауапкершілік институты кодекстелінеді.
Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе қалыптасады. «Әкімшілік норма» түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:
1. заңды ережелермен басқару.
2. жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы
басқару.
ҚР Конституциясында көрсетілгендей «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық, халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді». (3-бап, 1 ,2 -тармақ). Әдебиетте «билік»түсінігінің мәні -құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікгі белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас организм (жүйе) деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
субъектілердің құқықтары мен кепілдерін құқық көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;
цивильді нысандадаулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттык реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту).
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданған, ( яғни, атқарушы және заңды) атқарушы билік сферасында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет