Әкімшілік жауаптылық туралы істерді қарауға өкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Бұл атқарушы органдардың жалпы жүйесімен сәйкес келмейтін әкімшілік юрисдикция органдары. Олардың құзыретінің, сондықтан, арнаулы сипаты бар. Олардың қатарында:
а) аудандық және соларға теңестірілген соттардың, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың судьялары. Судьялардың қарауына аса маңызды әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарап шешу жатқызылған.
Судьялар, істің қайта қаралуға жататындығына қарамастан, ӘҚБтК-тің 541-бабының бірінші бөлігінде көрсетілгендерден басқа, әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шетелдік азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан /куәлігінен/, арнаулы құқығынан айыру, заттарды өтемін төлеп алып қою не тәркілеу, сондай-ақ құрылысты еріксіз бұзу, белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
ә) ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекциялар органдары және ӘҚБтК-тің 543-576 баптарымен осындай істерді қарауға уәкілеттік берілген басқа да қадағалау және бақылау органдары /олардың лауазымды адамдары/. Бұларға, мысалы өрт қадағалау органдары, кеден органдары, көлік инспекциялары, монополияға қарсы органдар, санитариялық және малдәрігерлік қадағалау органдары, шекара қызметі органдары, т.б. жатады.
Осы тармақшада көрсетілген органдардың лауазымды адамдары ӘҚБтК-тің өздерінің қарауына жатқызылған істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады /инспекторлар, бақылаушылар-ревизорлар т.с.с./.
Достарыңызбен бөлісу: |