Қазақстан ресубликасының білім және ғылым министрлігі


Сұрақтар: 1. ҚР аумағында қандай нпа қолданылады? 2. Қандай құжаттар ҚР құқықтық базасында пайдаланылады немесе қолданылады? № 9 ДӘРІС



бет4/4
Дата27.08.2017
өлшемі0,89 Mb.
#29773
1   2   3   4

Сұрақтар:

1. ҚР аумағында қандай нпа қолданылады?

2. Қандай құжаттар ҚР құқықтық базасында пайдаланылады немесе қолданылады?
9 ДӘРІС
Тақырыбы: Сапаның қолданылатын басқару жүйесі.

Жоспар:


  1. Сапаны басқарудың тотальдық жүйесі.

2. «ДЖИТ» жүйесі.

3. Өнімнің сапасын басқарудың кешенді (комплексный) жүйелері ӨСБКЖ (КСУКП)


Сапа концепциясын қатысты шараларды бекітуде тұтынушылар тарапынан ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын, инвесторлар, қызметкерлер, жабдықтаушы тарапынан болған ұсыныстар да енгізілді. Осыған орай, сапа менеджментіне де қатысты шешімдер мен менеджментті жоғарылату концепциялары да қабылданды.

«Жалпыға ортақ сапа менеджменті» (TQM) мен «Жалпыға ортақ сапа менеджмент жүйесі» (Total Quality Management System (TQMS)) жайлы ұғымдары сапаны басқаруды дамытудың көрінісі болып табылады.

TQM алғашқыда АҚШ-ң Қорғаныс Министрлігінде енгізілген болатын. «Total Quality Leadership» терминіндегі басқару әскери терминге қатысты емес және TQM «total quality» (тотального качества) енгізу деген мағынаны білдірді, сол себептен бұл термин «leadership» (басқару, басшылық) сөзінің өзгерісінің нәтижесінде пайда болды.

«Тotal quality» терминінің нақты анықтамасы АҚШ-ң алдыңғы қатарлы 9 өнеркәсіп басшыларының бастамасымен басталып, 1992ж. Сапа проблемасымен айналысатын ғалымдар мен кеңес берушілердің тырысуымен бекітілген еді.

Тотальное качество – Total Quality (TQ) – өнім мен көрсетілетін қызметтің нақты бағасын төмендете отырып, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында құрылған менеджмент жүйесі.

TQ (тотальным) жоғарғы басқару деңгейінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. TQ кәсіпорыннң барлық бөлімдерін, қызметкерлерін төменнен жоғары қарай, тұтынушылар мен жабдықтаушыларды толығымен қамтиды.

TQ оқу мен күрделі өзгерістерге әкелетін үздіксіз жұмыс істеу, жұмысты ұйымдастырудың жоғарғы деңгейіне әкеледі. Тоталды сапаның философиялық (пәлсапалық) негізін ғылыми әдістемелер құрайды. TQ әдістер мен құралдардан, жүйелереден тұрады. TQ ұжымның жеке тұлғалық қасиеттері мен маңыздылығын негіздейді.

TQM – әдістер мен құралдар біріккен, әкімшілікті тегіс қамти алатын (всеобъемлющая) философия.

Сапа идеясының тарихи дамуы кәсіпорындар мен ұйымдардың сапа жүйесін бағалау TQM принциптеріне байланысты қажеттілігінен туындады.

Еуропада бұл қажеттілік Еуропалық сапа менеджмент қорын (European Foundation for Quality Management (EFQM)) «Business Excellence» («бизнесте алға шығу», «превосходство в бизнесе») құруға әкелді, бұл қор TQM әдістері мен принциптерін кәсіпорынға енгізудегі моделі болып табылады.

Ол-жапондық сапаны басқару менанизімінің орталық идеясы. Мұндай жүйе өнімнің сапасы мен көлемінің ескі жүйесімен салыстыра отырып, сапасының төмендеп кету қаупінен сақтайды. Шығарылатын өнімнің көлемі өскен жағдайда (нарықтың бәсекелестік талабына сай), өнімнің сапасына кері әсерін тигізбей көлемін арттырудағы шаралар жиынтығы, кей жағдайларда істелінетін шаралар өнім сапасына әсерін тигізуі де мүмкін.

Сапаны тоталды басқару сапаын салыстыу мен тиімділіктен бас тарту дегенді де білдіреді. Үйренген батыстық фирмалардың нарықтық стратегиясы- өнімнің сапасы, не болмаса оның арзан қол жетімді бағасы. Нәтижесінде нарыққа жаңа өніммен енгенде, өнімді шығаруда жұмсалған шығын көлемінен жоғары, жаңа контструкторлы-техникалық параметрлер бағасына қарай, өнімнің бағасы сәйкесінше тағайындалады.

Тоталды басқарудың маңызды компоненті- өнеркәсіпте сапамен қамтамыз етудегі жауапкершілікті теңдей бөлу. Әдетте, шығарылатын өнімнің сапасына жауапты өндіріс басшыларының жауапкершілігі, ескі әдіс болып саналады, себебі, өндіріс мәселесі (план орындау) бірінші орынға қойылып, сапамен қамтамасыз ету көп жағдайда ысырылып қалады.

Тоталды басқаруда шығарылған өнім сапасы үшін тізбек бойынша қарапайым жұмысшыдан жоғарыдағы басшыға дейін жауапты болады. Ұйымды ұйымдастыру жүйесінде жұмысшыларды бақылау, технологиялық операцияларды қаншалықты сапалы орындалғаны анықталады, сонымен қатар, әрбір жұмысшы алдыңғы технологиялық операциядан келіп түскен өнімнің сапасын қадағалай алады.

Өнімнің кемістігі байқалған жағдайда, ол конвейерді тоқтатуға міндетті, ақауды жіберген жұмысшыға өнімді кері қайтарады. Ақауды жіберген жұмысшының фамилиясы, түскі ас кезінде асхана алдындағы стендтке ілінеді немесе цехтегі таблоға ілінеді. Мұндай шаралардың психологиялық тиімділігі, жұмысшылар өз міндеттерін жоғары деңгейде орындауға, жауапркешілікпен қарауға үйретеді, ақаулы өнімнің санын азайтады.

Ақауы бар өнімдерді түзетуде конвейерлердің тоқтап қалу уақытының орнын толтыру, ақауы бар өнімдерді қалыпқа келтіретін арнайы құралдарыдң болмауынан толықтырылады ( АҚШ-та мұндай шығындар 15-тен 30 % құрайды).

Тоталды басқару өнімнің барлық өмірлік циклін, яғни зерттеу мен құрастыру, өндіру, шығару мен сатуға қатысты қызметтермен қамтамасыз етуде жалпыға ортақ жауапкершілікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өндіріс бөлімшелерінде әртүрлі зерттеу мен жобалық интеграциялық формалар қолданылады.

Сапаны Тоталды бақылауда материалдар мен бөлшектер корпорациясының өзара байланыстары жайлы сұрақтар арнайы орында болады. Мұндай жабдықтау кейбір фирмаларда дайын өнімнің сапасының 50 – 60% құрайды. Бұл ретте, ірі өнеркәсіппен өндірілетін өнім сапасының деңгейі жабдықтаушы мердігерлік фирмалардың ұсынған тізбектеріне байланысты, мердігерлік фирмалардың құрамы - құрал-жабдықтары тозған немесе ескі типті ұсақ фирмалардан тұрады. Мұндай жағдайда ірі корпорациялар («Сони», «Ниссан», «Тойота» т.б.) сапа жөніндегі бақылауларын тәуелсіз мердігерлік фирмалармен жүргізеді.

Сапаны жоғарылату мен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуда сапаны бақылау үйірмелері маңызды роль атқарады. Аталмыш үйірме қатысушылар саны 4-тен 8 адамнан тұратын, өндіріс жұмысшылары тобын құрайды. Тәжірбие көрсеткендей, топта адам санының шамадан тыс артық болуы, әр қатысушыға «ойын ашық» жеткізу мүмкіндігінен айырады. Үйірме, ережеге сәйкес, өнім сапасына әсер етуші проблемаларды шешу үшін және алдын-алу шараларын қарастыру, ұсыныстар айту үшін, аптасына 1-2 рет жұмыс уақытында (кейде жиі және жұмыс күндері емес) 1-1,5 сағатқа жиналады.

Жеке өнертапқыштармен (рационализатор­ства) салыстырғанда, мұндай үйірменің ерекшелігі, ұжымдық жұмыс қана емес, сонымен қатар, мақсаттылығы, ең маңыздысы-біріңғай әдістемелік базаның болуы. Үйірменің барлық мүшелері, туындаған проблемаларды сараптау мен тиімді шешім қабылдау, сапаны бақылаудың статистикалық әдістерін меңгереді (оқып тәмамдайды). Оқу нәтижесінде, үйірменің әрбір мүшесі өндірісте орын алған проблемаларды сараптап, жұмыстың тиімділігіне баға бере отырып, кәсіпорын әкімшілігімен нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік алады.

Алайда, сапаны бақылауда үйірме қызметінінң нәтижесі айтарлықтай экономикалық тиімділікпен бағаланбайды. Маңыздысы, сол жанама әсер өндірістегі жұмыс істеуші топқа моральды-психологиялық климат тудыру, жағдай жасау әрбір жұмысшының өз жұмысына деген құлшынысын арттырады. Жапондық фирмаларлардың моральдық және материалдық жүйені пайдалануы, жұмыстың жоғары сапалығын арттыру, насихаттау мақсатында жүргізіліеді.

2. «ДЖИТ» жүйесі.

Бұл «өндіріс дәл уақытында» деген мағынан білдіретін, «just in time» ұйымның жаңа формасы. Түпкі немесе негізгі мағынасы: нөл қор (ноль запасов), нөл бас тарту (ноль отказов), нөл ақау ( ноль дефектов) білдіреді.

Нақтырақ айтатын болсақ, ДЖИТ қажет уақытта, бөлшектердің өндіріс бөлімшелеріне жеткізудегі матриалды қорларды азайту технологиясы болп табылады.

Бұл жерде, айтарлықтай ештеңе жоқ, жабдықтаушы мен байланыстырушы (смежник) тарапынан қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудегі складтарын жою немесе тарату. Мысалы, Тойота складтарының «беріктік қоры» орташа 2-3 сағат, тізбек бойынша-көп дегенде жарты күнді қамтиды. Салыстырмалы түрде, американдық конценрды алатын болсақ, бұл көрсеткіш ең аз дегенде бір ай және одан ұзақ уақыт аралығын қамтиды. Алдағы уақытта складтау- «Тойота» принциптерінше аумақты тиімді пайдаланбау мен ақшаны желге ұшырғанмен тең .

Дегенмен де, ДЖИТ жүйесіне ауысу немесе көшу— оңай мәселе емес. Бұл жүйе, өндірісті үйреншікті ұйымдастырудың негізгі 4 саласына қатты әсер етеді:


  • материалды-техникалық жабдықтауды басқару;

  • өндірістік отралықтың құрылымына;

  • «тұтынушы-ұсынушы (поставщик)» қарым-қатынасына;

  • «өндірісті тікелей басқару» қарым-қатынасына.

Нәтижесінде ДЖИТ жүйесі, өндірістің әр бір кезеңінің автоматтандыру, жобалау және тұтынушыға кепілдік қызмет көрсету интеграциясына бағытталады. Бұл жүйенің ЭЕМ пайдалана отырып, өндірістің мүмкіншіліктерін жобалау, өндірісті автоматтандыру, сапаны бақылау негізгі қасиеті болып табылады. Жоғарыда аталған талаптар, толығымен жүзеге аспайынша мамандар ДЖИТ жүйесіне қарсы келуде.

Складтағы қорларға жүргізілетін бақылау ДЖИТ-өндірісі үшін шектеулі мүмкіндік болып саналады. Складтағы қорларды ірі сериялы өндірісті, ұсақ немесе шағын серияға ауыстыру, өндірістегі қорлардың тежелуіне әкеліп соқтыруы, осы әдісті ендірудің алғашқы қадам болып табылады. Келесі маңызды қадам, складтағы сақтаулы бөлшектердің санын (көлемін) азайта отырып, қор мөлшері аз өндірісті іске қосу. Бұл жағдайда не істеуге болады? Станок жылдамдығын көбейтесіз бе, әлде бөлшектерді өңдеуге жұмсалатын уақыт көлемін қысқартасыз ба, барлығы сізге қабылдаған шешімге байланысты болмақ.

ДЖИТ жүйесі ұсақ немесе шағын сериялы өндірісті құптайды, себебі мұндай өндірісте сұранысқа қарай өнім ассортиментін күнделікті ауыстыру мүмкіндігі жоғары. Өндіріске айтарлықтай өзгеріс енгізетін жүйені (гибких производственных систем (ГПС)) енгізгенше, шағын сериялы өндіріс тиімсіз саналған, себебі жабдықты қысқа уақытқа жұмысқа қосу артық шығынды талап етеді. Бірақ, бүгінде ГПС шағын сериялы өндірісте бір даналы өнімді өндіріп шығару мен экономикалық-техникалық мүмкіншілігінің жоғары екеніне сендіруде. ДЖИТ-жүйе жабдықтың жұмыс жүйесін ауыстырып отырып, әртүрлі бөлшектерді жасау экономикалық тұрғыдан тиімді және уақыт үнемдейді. Сонымен қатар, өндірісте бөлшектерді (деталь) дайындауда өндірісті тоқтатпай тек қана программаны ауыстырып, бір типтен, келесі типті дайындауға көшуге кететін шығын көлемі аз болады. ДЖИТ концепциясын да станоктардың өндіріс ұяшықтарына ауысуы басқа да технологиялық топтаманы пайдалануға мүмкіндік туғызады. Фирманың дәстүрлі әдісі бойынша, мысалы: интегралды схемалар, компонентті монтаждау үшін өндірістің бір ауданынан, келесі ауданына тасымалдау сияқты жұмыстарын, топтасытыруға болады. Өндірістің секциялық құрылымы (алғашқы құрылыспен салынған ғимарат) құрал-сайманды топтасырып, ұяшық жасауға мүмкіншілігі аз, себебі технологиялық процесс бойынша тиімсіз. Ал, секционды технология өндірістік процесстің барлық сатыларын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, ДЖИТ жүйесіндегі бөлшек (деталь) жинақталушы орындарында жатпай, өндірістік процесс ішінде жүреді және жұмыс орны U әріпі сияқты ұйымдастырылса. Мұндай жұмыс орны бар ұйым, жұмыс атқаратын аудан көлемін (рабочий площадь) үнемдей отырып, оператордың бір станоктан келесі станокқа жетуіне жеңілдік жасайды. Жұмыс орнын ұяшықтандыру қайта жасау уақытын үнемдейді.

ДЖИТ жүйесін өндіріске енгізуде, жабдықтаушылардың іс-әрекеті қойылған талаптарға сай болмау қиыншылықтарын туындатты. Аралас жабыдықтаушылар (смежники) ақаусыз өніммен қамтамасыз ету алмады, себебі, өндіріске келген шикізат немесе келіп түскен өнімнің сапасы бақылаусыз болды (входной контроль качества отсутствовал). Бірақ, бұл проблемалар уақыт өте келе, жабдықтаушылардың өзара қарым-қатынасының нәтижесінде шешілді. ДЖИТ жүйесінде нарық бәсекелесінде өнімге тиімді баға ұсынған жабдықтаушы емес, сапалы өнім ұсынушы немесе сапалы өніммен жабдықтаушы ғана қалады деп есептеделеді.


3. Өнім сапасын кешенді (комплексті) басқару (КСУКП).

Бұл жүйе ХХ ғ. 70-ші ж. СССР-де мемлекетіік стандарт жүйесінде құжатталып, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың тәжірбиесіне негізделе отырып, құрастырылған (разработка) немесе енгізілген еді. МСТ 15467-79 КСУКП сәйкес, өнім сапасын өнімді өндіруде, өндірістен шығаруда, өнім сапасына әсер етуші факторлардың алдын-алу үшін өнім сапасын басқаруға қажет сапалық деңгейлерді бекітеді. Бұл, біріккен өнеркәсіппен өндірістегі сапаны басқару жүйесінің бір жүйесі болып табылады (МСТ 24525.2-80).

Өнімнің сапасын басқаруды жоспарланған өнім сапасын өндірістен шығаруда, өнімді тұтынуда өнім сапасына әсер етуші факторлардың жиынтығы деуге де болады.

Ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық-әлеуметтік сұрақтардың көптігі, күрделі сапаны басқару жүйесі күнделікті мына сұрақтарды шешуге тырысады: өндірістің конструкторлы және технологиялық даярлығы, технологиялық процесстер, өндірістің технологиялық процессінің даярлығы, транспорттың жөндеу жұмыстары мен тасымалдаушы жабдықтарды жоспарлау, қызмет көнсету, кадрларды басқару,метрологиялық қамтамасыз ету, кадрларды моральды және материалды қолдау, қаржылай-есептік басқару және т.б.

КСУКП ұйымдастыру-техникалық базасы ұйымның (мекеменің) кешенді стандартарынан тұрады. Базаға кіретін стандарттар өнім сапасы, материалды және еңбек ресурстарын ұйымдастыру, барлық деңгейдегі жұмысшылардың өнім мен еңбек сапасын көтеруге жұмылдыру тәртібін регламенттейді. Басқа сөзбен айтқанда, ұйым стандарты НЕ, КІМ, ҚАЙ ЖЕРДЕ, ҚАШАН және ҚАЛАЙ жасау керек деген ережелерді бекітеді. Бұл ережелерге ұйымның басшысынан, кез-келген жұмысшы үшін заң болып табылады.

Ұйым стандарты- динамикалық (ширақ) құжат. Бұл құжатқа кез-келген тәжірбиелі өзгерістер мен ғылыми жетістіктерді, енгізуге болады. Ұйымдастырушылық жағынан нақты, түсінікті және экономикалық құжат.

Халық шаруашылығының өзгешелігін ескере отырып, Ұсынымдар енгізілді (Сапаны басқарудың салалық жүйесі. Ұйым жұмысының құрамы мен мазмұнын жетілдіру. Мысалы, Сапаны басқарудың салаы жүйесі. Өнім сапасын басқару жүйесі. Негізгі ережелер.
Сұрақтар:


  1. Сапаны басқарудың Тоталды жүйесінің (ТQМ) маңызы мен өзара байланысы?

  2. ДЖИТ жүйесі дегеніміз не?

  3. Сапаны басқарудың кешенді жүйесінің маңызы мен мазмұн.

10 ДӘРІС



Тақырыбы: Сапаны жақсарту концепциясы.
Сапаны жақсарту типтері. Жақсарту екі типті болуы мүмкін:

  • Ірі (жаңашылдық);

  • Тұрақты шағын сериялы (үздіксіз жақсарту).

Ірі немесе көлемді жақсарту екі әдіспен жүзеге асады: батыстық және жапондық. Батыстық идея әдісі жаңа технологияларды пайдалана отырып, жоғары сапалы өнімді шығару.

Жапондық жаңашылдық әдіс бірнеше қызметкердің шығармашылығының нәтижесінде туындайды. Олар жақсартудың бір уақытта түпкілікті өзгеруін қамтамасыз тедеі және ол үшін үлкен инвестицияны талап етеді. Жапондықтар мұндай жақсартуды KAIRVO деп атайды. Жаңашылдықтың негізгі көрсеткіштеріне: технологиялық құрастырулар (разработка), жаңа өнімнің болашағы, ұйымдық құрылымның жаңа өзгерістері жатады.

Үздіксіз жақсарту жапондық ойлау стилі, нақты жағдайды қадам артынан қадам жасай отырып, жетік меңгеруге қол созуден тұрады. Жақсартуға көптеген қызметкерлердің еңбек нәтижесінде қол жеткізуге болады. Бұл ретте, қаржылай инвестиция қажет емес. Олардың орнына, компанияның «бай» тәжірбиесі мен мамандарының жетіктілігі пайдалалнылады.

Джуран Трилогиясы. Деминг циклі.

Сапаға жұмсалатын шығын әлбетте, ақауды түзетуге жұмсалатын шығынмен байланысты. Джуранмен ойлап табылған классикалық схемаға байланысты, төмен сапамен байланысты шығындар: ақаудың ескі (хронический) деңгейіне байланысты шығындар мен кездейсоқ ақау шығындары деп бөлінеді.



Джуран ескі (хронический) проблемалар деп, фазаны жоспарлаудың нәтижесінде жіберілген қателіктер нәтижесінде туындаған проблемаларды қарастырады. Аталмыш уақыт аралығында жіберілген ақаулар басқару практикасы бойынша, технолгияның жай-күйіне байланысты, қалыпты деп саналады. Соңғы кезеңде жіберілген ақаулар жол бергісіз (недопустимым) деп саналады.

Сапаны жақсарту проблемаларын шешуде, Джуран келесі кезеңдерді бөліп көрсетеді:



  1. Жобаны анықтау мен ұйымдастыру.

  2. Диагоностика.

  3. Шығар жол іздеу (Поиск решения)

  4. Нәтиже алу немесе күту.

Аталған кезеңдер белгілі сатылы операциялық қадамдардан тұрады.



Бірінші этап жақсарту жобасын тұжырымдау (формулировка). Мұнда негізгі проблемалардың тізімін құрау, компания үшін олардың артықшылығы (приоритетность), туындаған проблеме бойынша шешім қабылдай алатын жұмысшы топтың көп функциялылығы.

Екінші этап медициналық диагностиканың классикалық әдісі сияқты топпен жүргізіледі: проблема белгілерін сараптау, гипотеза тұжырымдау және негізгі себептерді анықтау. Бұл ретте, кез-келген шешім немесе іс-әрекет қатесіз жүзеге асуы тиіс.

Үшінші этап – тығырықтан шығар шешім іздеу, шешімдерді сараптау, шараларды ойластыру, болтын өзгерістерден өту мен қабылданған шешімдерді енгізу немесе іс-жүзінде іске асыру.

Ең қиыны болатын өзгерістерге қарсы тұру.



Төртінші этап – қол жеткізген нәтижелерді тежеу немесе ашық көрсетпеу: енгізілген шешімдердің нәтижесінінң тиімділігін тексеру, күнделікті жоспарланған шешімдердің нәтижесін салыстырып отыру. Бұл этаптың негізгі мәселесі, жаңа шешімді бөлім деңгейінде стандарттау.

Сапаны үздіксіз жақсартуға Деминг циклін басшылыққа ала отырып, қол жеткізуге болады. Деминг циклі РDСА (жоспарлау, орындау, тексеру, нормаларды енгізу) аббревиатурасымен танымал.

Жоспарлау этапы нақты мақсатпен және әрекет ету жоспарынан тұрады. Келесі этапта-орындау- жоспарланған әрекетті жүзеге асыру.

Тексеру этапында жоспарланған нәтижемен, нақты алынған нәтижені салыстырып, істелінген жұмыстардың дұрыс бағытта жүріп жатқанына көз жеткізу. Нормаларды енгізу этапы екі жолмен жүргізіледі. Егер, әлдене (что-то) дұрыс болмаған жағдайда, РDСА циклін қайталаған жөн.

Барлығы дұрыс жүрген жағдайда, экспериментті нәтижені тіркеу қажет.

Жапондықтар қол жеткізген нәтижені бекітуді SDCA ең маңызды процесі ретінде қарайды. Ол жаңашылдықты енгізгеннен кейінгі жетістікті тұрақтандыру.



Джуран өз тұжырымдамасында, тиімді жақсарту үшін: жоспарлы болуы тиіс, жаңа жобалармен толықтырып отыру, қол жеткізген жаңа деңгейді тұрақтандыру қажет.

Үздіксіз жоғыра қарай сатылы қозғалыс, кемшіліктерден біртіндеп немесе арылып отыру. Осыдан кейін көлденең (горизонтальный) тұрақтандыру фазасы басталалды.

РDСА Деминг шеңбері жақсарту процессіне қол жеткізуге көмектессе, ал SDCA шеңбері тұрақтандыру процессіне қол жеткізеді.
Сұрақтар:

1. Жақсартудың қандай типтері болады немесе бар?

2. Джуран бойынша сапаны жақсару кезеңдерін атаңыз.

1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ (2 САҒ.)


Сабақтың тақырыбы: Сапа-кәсіпорынның негізгі іс-әрекеті.
Сабақтың мақсаты: «Сапа» түсінігінің көп аспектілігі.
Тапсырма:

  1. Жұмыс жөнінде есеп беруді дайындау.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Сапа» категориясының барлық деңгейлеріне анықтама беріңіз.

  2. Аристотель «Сапа» категориясын қандай мағынада қарастырды.

  3. Г.Гегель мен Ф. Энгельстің трактаттарында «Сапа» категориясына берген түсініктемелердің айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.

  4. Өзіңізге мәлім сапа типтерін атаңыз.

  5. МСТ Р ИСО 9000:2001 келтірілген «Сапа» категориясына анықтама беріңіз. Осы аталған құжатта берілген анықтама, басқа құжатта берілген анықтамалардан қандай айырмашылығы бар?

  6. Сапаны басқару саласына қатысты негізгі терминдерді атаңыз және анықтамасын айтыңыз.

  7. Сапаны Дамыту Жүйесінің 5 этапын атап беріңіз.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ (2 САҒ.)


Сабақтың тақырыбы: Сапа саласындағы терминдер мен анықтамалар.
Сабақтың мақсаты: Сапаны басқаруда пайдаланылатын негізгі терминдерді қарастыру.
Тапсырма:

  1. Жұмыс жайлы есеп дайындау.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Сапа» түсінігіне анықтама беріңіз немесе мазмұнын ашыңыз.

  2. МСТ Р ИСО 9000:2001 келтірілген «Сапа» категориясына анықтама беріңіз. Осы аталған құжатта берілген анықтама, басқа құжатта берілген анықтамалардан қандай айырмашылығы бар?

  3. Сапаны басқару саласына қатысты негізгі терминдерді атаңыз және анықтамасын айтыңыз.

3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ (2 САҒ.)


Сабақтың тақырыбы: Шығарылатын өнімнің сапа көрсеткіштері.
Сабақтың мақсаты: Шығарылатын өнімнің сапа көрсеткіштерін оқып білу.
Тапсырма:

  1. Жұмыс жайлы есеп дайындау.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

    1. Сапа көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.

    2. Қандай сапа көрсеткіштерінің топтарын білесіз?

    3. Қандай көрсеткіштер сенімділік көрсеткіштеріне жатады?

    4. Қандай көрсеткіштер эргономикалық көрсеткіштерге жатады?

    5. Қандай көрсеткіштер қауіпсіздік көрсеткіштеріне жатады?

4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ (2 САҒ.)


Сабақтың тақырыбы: Шығарылатын өнімнің сапасын бақылау әдістері.
Сабақтың мақсаты: Шығарылатын өнімнің сапасын бақылау әдістерін оқып білу.
Тапсырма:

  1. Төмендегі шамалар арқылы кондитерлік өнімнің (торт) сапасын анықтау керек:

Р1 – дәмі мен хош иісі;

Р2 –құрылымы мен консистенциясы;

Р3 – ішеі көрінісі (түрі);

Р4 – формасы (қалпы).

Базалық (бастапқы) көрсеткіш Qб =40. Салмақ коэффициенті: m1 = 4; m2 = 3; m3 = 2; m4 = 1.


Сарапшылар

Көрсеткіштер мәні

Р1

Р2

Р3

Р4

Иванов

5

4

5

4

Петрова

5

5

5

4

Сидоров

5

4

4

3

Васина

4

3

3

3

Мешкова

4

3

3

3

Сіз сапа көрсеткіштерінің мәнін анықтауда қандай әдісті пайдаландыңыз? Бұл әдістің артықшылығы мен кемшілігін атап көрсетіңіз.



  1. Төменде берілген шамалар арқылы «Мир-4» рентгенді микроскоптың сапа деңгейін анықтаңыз.

Микроскоптар келесідей көрсеткіштермен бағаланады:

- рентгенді тұтқаның фокусты дағының көлемі арқылы (Х1);

- максималды үлкейту арқылы (Х2);

- габариттермен (Х3);

- массасымен (Х4);

- пайдалану күшімен (Х5).

Микроскоптың сапасы мен техникалық деңгейінің көтерілуі (жоғарылауы) Х2 жоғарылауы мен Х1, Х3, Х4, Х5 мәндерінің төмендеуіне байланысты. Барлық микроскоптың классификациялық көрсеткіштері ретінде рентгендік микроскорпты алуға болады. Сегіз аналогты (№1-8) көрсеткішпен және бағаланатын «Мир - 4» микроскобынынң мәндері кестеде келтірілген.


Моделі

Фокусного дақ көлемі (Х1)

Максималды үлкейтілген еселенгіш (кратность) (Х2)

Габариттер, м3

3)



Масса, кг

4)



Пайдаланатын күш, кВт*А (Х5)

1. ГХ-100

1

500

1,57

700

2,0

2. ГХМ-100

10

150

1,67

700

2,5

3. ГХМ-160

10

150

1,57

750

2,5

4.НОМХ-160

10

100

0,78

471

2,0

5. НГ-200М

5

200

0,39

187,5

1,0

6. МЕ – 160М

10

100

0,78

750

2,0

7. НРХ

15

100

0,78

350

2,0

8. МР-160

10

250

1,57

500

2,0

9. «Мир - 4»

1

500

0,22

25

0,05



Бақылау сұрақтары:


  1. Өндірісте және қызмет көрсетуде жүзеге асатын сапаны басқарудың негізгі функцияларын атаңыз.

2. Сапаны басқару әдістерін атаңыз.

3. Статистикалық әдістергі қандай әдістерді жатқызуға болады?

4. Сапаны бақылаудың негізгі кезеңдерін атаңыз.

5 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ (2 САҒ.)


Сабақтың тақырыбы: Сапаны жақсартудың тұрақты концепциясы.
Сабақтың мақсаты: Сапаны жақсартудың тұрақты концепциясын қарастыру.
Тапсырма:

  1. Жұмыс жайлы есеп дайындау.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

1. Кайдзен шешімінің (подход) негізгі құрамын атаңыз.

2. Сапаны жақсартудың тұрақты принципі жайлы ашып айтыңыз. PDCA циклінде бұл принцип қалай келтірілген немесе қандай жағдайда көрсетліген?


  1. Ұйымда тұрақты жақсартудың негізгі кезеңдері мен мақсатын атаңыз. Ұйымда тұрақты жақсартуды сақтау үшін қандай шарттарды сақтау немесе қадағалау қажет?

  2. Ұйымда тұрақты жақсарту объектілеріне мінездеме беріңіз. Ұйымда тұрақты жақсартуды сақтау үшін қандай шарттарды сақтау немесе қадағалау қажет?

5. Жақсартуды қамтамасыз ететін шаралар жайлы айтып беріңіз.

6 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ (2 САҒ.)


Сабақтың тақырыбы: Сапаны басқарудағы ресейлік, жапондық, американдық мектептердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Сапаны басқарудағы ресейлік, жапондық, американдық мектептердің негізгі ерекшеліктерін анықтау.
Тапсырма:

  1. Жұмыс жайлы есеп дайындау.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Сапаны басқару теориясы мен практикаысна үлес қосқан Ресейлік ғалымдардың еңбектері жайлы айтып беріңіз.

  2. У.Э. Деминтің, Дж.Джуранның, Ф. Кросби мен А. Фейгенбаумның басқару жайлы шешімдерін (ойларын) салыстырыңыз. Ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз.

3. Жапондық сапаны басқару мектебінің негізгі ережелері қандай?

4. У.Э.Деминга принципін пайдалана отырып, студенттік топты басқару мүмкіншілігінің тиімділігін түсіндіріңіз.



  1. Дж.Джуранның «сапа триадасының» негізінде білім алуды жақсарту жайлы өз пікіріңізді білдіріңіз.

  2. У.Э.Демингтің философиясына сүйене отырып, ғалым ұсынған төменде берілген топтарға, басқарудың 14 принципін жинақтаңыз:

- ұйым миссиясы;

- сапа саласындағы мақсаты;

- менеджмент философиясының түрленуі;

- командадағы жұмыс енемесе командамен жұмыс;

- ұйым басшылары мен қызметкерлерінің өзара әрекеттерін жетілдіру.

7. Сапаны басқарудағы ресейлік, жапондық, американдық мектептердің негізгі ерекшеліктерін, кестеге толтырып жазыңыз.


Сапаны басқарудағы ресейлік, жапондық, американдық мектептердің негізгі ерекшеліктерін


Ережелер

Ресейлік мектеп

Американдық мектеп

Жапондық мектеп

1. Сапаға қадам жасау шешімі (подход к качеству)










2. Сапаны басқару мақсаты










3. Сапа қызметінің рөлі










4. Басшылықтың рөлі










5. Жұмысшылардың рөлі










6. Ұйым мәдениетіне әсері










7 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ (3 САҒ.)


Сабақтың тақырыбы: Өнім сапасына жұмсалатын шығынды сараптау әдістері.
Сабақтың мақсаты: Өнім сапасына жұмсалатын шығынды сараптау әдістерін оқып-білу.
Тапсырма:

  1. Жұмыс жайлы есеп дайындау.

  2. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


Бақылау сұрақтары:

1. Өнім сапасына жұмсалатын шығындарды атаңыз.

2. Өнім сапасына кететін шығындар кезеңдерін атаңыз.

3. Өнім сапасына кететін шығындардың ақпараттық кезеңі болып не табылады?



  1. Басқа да ақпараттар үшін сапаға жұмсалатын смета артықшылығы неде?

  2. Ішкі ақпаратты алу қиын және қымбат процесс болып табылады, неліктен?

  3. Бөлу диаграммасы (диаграмма рассеивания) қандай мақсатта пайдаланылады? Құрылу кезеңдерін атаңыз.



МӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
1. «Сапа» түсінігінің эволюциясы мен тарихы. Сапа саласындағы саясат.

2. Өнім сапасын басқару.

3. Сапа көрсеткіштері.

4. Сапа жетістіктері.

5. Қызметкерлерді мотивациялау мен оқыту.

6. Сапаны кешенді басқару жүйесі (TQC).

7. Сапа саласында жоспарлау.

8. Сапаны басқарудың әдістері мен жүйелері. Эдвардс Демингтің оқуы.

9. Өнім сапасын басқарудың комплексті жүйесі (КС УКП). Анықтамалар, негізгі мәселелер мен мақсаттар.

10. Сапа жүйесінің негізі даму кезеңдері. Сапа жүйесі.

11. Өнім сапасын басқарудың салалық жүйесі.

12. ҚР сапаны басқару жүйесі.



13. Сапаны басқарудағы шет елдік тәжірбиелер.

14. Сапаны басқарудың Еуропалық тәжірбиесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет