17-нұсқа 1. Орталық Қазақстан мен өзге де өңірлерде ежелгі кен қазған кен орындарының саны:
А) 600-ге жуық
В) 500-ге жуық
С) 400-ге жуық
D) 200-ге жуық
Е) 300-ге жуық
2. Оның заманында Моғолстан Әмір Темір ұрпақтарынан тәуелсіз болды:
А) Қызыр Қожа ханның билігі кезінде
В) Ілияс Қожа ханның билігі кезінде
С) Әмір Поладшының билігі кезінде
D) Тоғылық Темір ханның билігі кезінде
Е) Мұхаммед ханның билігі кезінде
3. 1995 жылы наурызда құрылған жаңа қоғамдық ұйым:
А) Қазақстан халықтарының форумы
В) «Азат» азаматтық қозғалысы
С) «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы
D) Қазақстан халқы Ассамблеясы
Е) «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы
4. Сталинград майданына 1943 жылы 24 қазақ қызы аттанды:
А) Алматы қаласынан
В) Орал облысынан
С) Атырау облысынан
D) Оңтүстік Қазақстаннан
Е) Целиноград облысынан
5. Ортағасырларда әскерді жабдықтау үшін салынатын салық:
А) үшір
В) харадж
С) құшыр
D) сойырғал
Е) тағар
6. ХІХ ғ. соңы-ХХғ. басында түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған мәдени-ағартушылық қозғалыс:
А) Суниитік
В) Сопылық
С) Жәдитшілдік
D) Ренесанс
Е) Алаштық
7. 1757 жылыдың қыркүйегінде Қытайға аттанған қазақ елшілігінің мақсаты:
А) Қазақтар Тарбағатайды қазақ қонысы ретінде мойындауын талап етті.
В) Қытайға Әмірсананы ұстап беру туралы талаптан бас тарту
С) Жоңғарларға қарсы Қытайман одақтасу
D) Шүршітқырылған шайқасында қолға түскен тұтқындарды алмасу
Е) Абылайды Үш жүздің ханы деп мойындату
8. Б.з.б. XVIII-XIII ғ. қола дәуірінде Орталық Азияның оңтүстігінде, Мурғаб жазирасында таралған отырықшы-егінші, қалалық мәдениет:
A) Ферғана
B) Маргуш (Маргиан)
C) Соғды
D) Хорезм
E) Жетісу
9.Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат:
А) Декларация
В) Конституция
С) Референдум
D) Преамбула
Е) Акция
10. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы:
А) 1990 жыл
В) 1994 жыл
С) 1991 жыл
D) 2015 жыл
Е) 1998
Нұсқау: Сізге контекст негізінде ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
«Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша қазақ даласына агенттер (өкілдер) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді. Округтерді ашуға Қытай үкіметінің наразылығы көп кедергі келтірді. Содан көп ұзамай-ақ қытайлықтар жоңғарларды талқандады. Қытай боғдыханы Цзянь Лунь қазақтардың жоңғарлар жеріне орналасуына рұқсат еткен грамотаға қол қойып, бекітіп берді. Бірақ ол үшін қазақтардың Қытай үкіметіне жасақ (салық) төлеп тұруы тиіс екені ескертілді, қазақтардың Пекинге депутация (елшілер) жіберуіне рұқсат етілді....
Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара алауыз болуы әсер етті. Олардың өзара дүрдараздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды- округтер құруды қолдағандарға жәрдемін аямады. Өздерінің даулы болып жүрген мал жайылымдарын сақтап қалуды, тіпті жаңа жерлер қосып алуды көксеген қазақтардың ынта-ықыласынның күштілігі оларды жаңа округтердің ашылуына келісім беруге итермелеген ең басты себеп қана болып қойған жоқ, округтердің ашылуына өтініш жасауға да түркі болды. Орыс империясының қол астына өтуі қазақтардың қабыл алуына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі болыстардағы сұлтандар арасындағы билік үшін жанталасқан алауыздықтар да ықпал етті»
11. Мәтінде сипатталған әкімшілік ережені анықтаңыз:
А) 1867-1868 жылдардағы реформалар
В) 1886 жылғы реформа
С) 1844 жылғы реформа
D) 1822-1824 жылдардағы реформалар
Е) 1890-шы жылғы реформалар
12. Картаның көмегімен «Сібір қырғыздарының жарғысы» бойынша құрылған округті анықтаңыз:
А) Верный
В) Баянауыл
С) Перовск
D) Петропавловск
Е) Алатау
13. Жаңа ереже бойынша Кіші жүз бөлінген аймақтар саны:
А) 4
В) 10
С) 2
D) 5
Е) 3
14. Жергілікті қазақтардың округтердің ашылуына өтініш жасауына түрткі болды:
А) Қытаймен сауда байланысының жандануы
В) Сұлтандардың озбырлығы
С) Рулар арасындағы жер мәселесі
D) Қалалар санының өсуі
Е) Ресей империясы бодандығындағы шекаралас халықтардың шабуылының күшеюі
15. Мәтіндегі жүргізілген реформаның авторы:
А) І Павел патша
В) Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин
С) генерал-губернатор М.Сперанский
D) ІІ Александр патша
Е) генерал-губернатор В.Перовский