22-нұсқа 1. Б.з.б III мыңжылдықтың соңында:
А) Ұлы Дала тұрғындары қола қорытуды меңгерді
В) Егіншілік қалыптасты
С) Дөңгелекті арбалар жасала бастады
D) Иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа өту басталды
Е) Құл иеленушілік құрылыс қалыптасты
2. Б.з.-дың алғашқы ғасырларында күшейе түскен сармат тайпасы:
А) Апарндар
В) Аорстар
С) Аландар
D) Роксаландар
Е) Сирактар
3. Жеке адамдардың не қоғамдық ұйымдардың мүліктерін мемлекеттің уақытша өзіне қаратып алуы:
А) диверсификация
В) реабилитация
С) экспанция
D) реквизиция
Е) ликвидация
4. «1913 жылы қазақ халқының өмір сүруі өзі проблемаға айналды» деп жазған :
А) Ә.Бөкейханов
В) М.Дулатов
С) А.Байтұрсынов
D) С.Ақбаев
Е) М.Тынышбаев
5. Ақсақал неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т.б. мәселелерді шешуге құқылы болды:
А) ру ішіндегі
В) ұлыс билігінде
С) ата-аймақ ішіндегі
D) ауылдық басқаруда
Е) жүздік билікте
6. Тәуекел хан інісі Шахмұханбетті басқаруға қойды:
А) қарақалпақтарды
В) қалмақтарды
С) өзбектерді
D) қырғыздарды
Е) ноғайларды
7. Түрік қағанаты мен қытай мемлекетінің бейбіт қарым- қатынас орнатқан жылы:
А) 552 жылы
В) 603 жылы
С) 545 жылы
D) 581 жылы
Е) 542 жылы
8. Қазақстанның кеңестік мәдениетінің дамуындағы оқиғалардың реттілігін анықтаңыз:
1.Ә.Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесіне қатысты; 2.Қазақстан әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігі ;
3. Республикада Суретшілер одағы құрылды;
4. «Саутсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды ; 5. «Амангелді» кино картинасы түсірілді
А) 4.1.3.2.5
В) 4.3.2.1.5
С) 2.5.4.3.1
D) 5.4.1.2.3
Е) 2.4.5.3.1
9. Найман мемлекетінің ханы Білгенің жүргізген саясатына жатпайды:
А) Ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылды
В) Наймандар одағының басын қосты
С) Елді өнерге, күнкөріс-тіршілікке баулыды
D) Халықты өз төңірегіне топтастыра білді
Е) Басқа елдермен сауда қатынасына тыйым салу
10. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Алматы мен Шымкент қалаларында іске қосылған комбинат:
A) Химия талшықтарын жасау
B) Кен байыту
C) Мақта-мата
D) Мұнай өңдеу
E) Машина жасау
Нұсқау: Сізге контекст негізінде бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілді.
«Әл-Фараби. 870-950 жж. Орта ғасырдағы көрнекті тұлғалардың бірі, қазақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби өзінің білімділігі арқасында «екінші ұстаз» атанған ғұлама. Энциклопедист-ғұлама Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Алғашқы білімін Отырарда алып, кейін Шаш (Ташкент), Самарқан және Бұхарада оқуын жалғастырады.
Махмұт Қашқари. 1029-1101 жж. Ортағасырдың әйгілі және танымал ғалымдарының бірі. Махмұт Қашғари Қарахан мемлекетінің аумағында дүниеге келген. Алғашқы білімін медреседе алып, кейін Бұхара, Самарқан,Мерв қалаларында оқуын жалғастырды. Ол талай ел кезіп, деректер жинастырды, ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми ізденістері нәтижесінде «Диуани луғат-ат-түрік» (Түрік тілдерінің сөздігі) еңбегін жазып шықты.