21 -нұсқа 1. Тас өңдеу техникасының жетілуі және тастан, ағаш пен сүйектен жасалған жаңа құралдардың пайда болуы материалдық өндірістер жүйесіне бетбұрыс әкелген дәуір:
А) орта тас
В) қола дәуірі
С) жаңа тас
D) кейінгі палеолит
Е) мустье
2. Абыз асатаяғының бөліктері табылған ескерткіш:
А) Бесоба
В) Бесшатыр
С) Шілікті
D)Аралтөбе
Е) Берел
3. Б. Майлин мен Ж.Сейдалин:
А) А.Құнанбаев тәрбиелеп өсірген ізбасар шәкірттері
В) Санк-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітіргендер
С) Барша қазақ елінің мүддесін білдіретін «Қазақ» ұлттық газетін шығарушылар
D) «Айқап» журналын шығаруға белсене қатысқан қазақ зиялылары
Е) ІІ Мемлекеттік Думаның депутаттары
4.Тәуке хан билігінен кейін Қазақ хандығыныі ішкі жағдайы:
А) сұлтандардың билігі әлсіреді
В) хандық билік жойылды
С) үш жүздің бірлігі күшейді
D) жүздердің әскери қуаты нығайды
Е) үш жүздің бірлігі әлсіреп кетті
5. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда ашылған оқу орны:
А) Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты
В) Қазақ педагогикалық институты
С) Алматы медициналық институты
D) Қазақ мемлекеттік университеті
Е) Қазақ мемлекеттік қыздар институты
6. Мерзімі жағынан ұзақ өмір сүрген ерте орта ғасырлық мемлекет:
А) Қарлұқ қағанаты
В) Шығыс түрік қағанаты
С) Батыс түрік қағанаты
D) Қимақ қағанаты
Е) Түргеш қағанаты
7. 2014 жылы 11 қарашада Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы:
А) «Дағдарыстан даму мен жаңғыруға»
В) «Ұлы Даланың жеті қыры»
С) «Нұрлы жол болашаққа бастар жол»
D) «Қазақстан-2030» стратегиясы
Е) «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
8. 1954-1955 жылдары Қазақстанда жыртылған жер көлемі:
А) 45млн.гектар
В) 40 млн.гектар
С)15 млн.гектар
D) 18 млн.гектар
Е) 13 млн.гектар
9. Алым-салықтардың ел экономикасына енгізілу уақыты бойынша ретімен қойыңыз:
1) азық-түлік салғырты; 2) азық-түлік салығы; 3) ақшалай салық
А) 3,2,1
В) 2,3,1
С) 3,1,2
D) 1,2,3
Е) 1,3,2
10.1970 жылы петроглифтерге зерттеу жұмыстарын жүргізді:
A) Қ.И.Сәтбаев
B) Н.Н.Пантусов
C) Ә.Марғұлан
D) М.Қадырбаев
E) В.Ф.Зайберт
Нұсқау: Сізге контекст негізінде бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілді.