Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»



бет26/30
Дата19.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#163281
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
ҰБТ Қаз тарих 50-ннн — копия

D) «Тарихи-и Рашиди»
Е) « Тарих»

26-нұсқа
1. Бұл дәуірдің бір жаңалығы адамдар осы кезден бастап балықты тамаққа көп қолдана бастады:


А) кейінгі палеолит
В) неолит
С) мустье
D) мезолит
Е) ерте қола
2. Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене:
А) Ақсүмбе
В) Беғазы
С) Көккесене
D) Түгіскен
Е) Тасақыр
3. 1917 жылы құрылған «Шура- и -ислами» ұйымының жұмысында белсенді рөл атқарған тұлға:
А) М.Шоқай
В) А.Байтұрсынов
С) Ә.Бөкейханов
D) М.Дулатұлы
Е) С.Сейфуллин
4. Отырар қаласының қорғанысы туралы баяндаған парсы тарихшысы:
А) Истархи
В) Гардизи
С) Идриси
D) Жувейни
Е) Марвази
5.1993 жылы ресми түрде таратылған ұйым:
А) Пионер
В) КОКП
С) Жоғарғы Кеңес
D) Комсомол
Е) Кәсіподақ
6. 1867-1868 жылдары Семей облысына енген уезд:
А) Қапал
В) Қарқаралы
С) Сергиополь
D) Перовский
Е) Ақмола
7. Ұлы Отан соғысы жылдары Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде өщпес ерлік көрсеткен миномётші:
А) Қ.Сыпатаев
В) Т.Бигелдинов
С) С.Луганский
D) Д.Беда
Е) И.Павлов
8. 1950-жылдары тек Қазақстанды ғана емес, Сібірді, Оралды, Орта Азияны металмен жабдықтаған:
А) Қарсақбай кен байыту комбинаты
В) Ащысай түсті металл комбинаты
С) Өскемен металлургия комбинаты
D) Риддер кен байыту комбинаты
Е) Қарағанды металлургия комбинаты
9. Ресей империясына қарсы Ұлт-азаттық көтерілістерді хронологиялық ретімен қойыңыз:
1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 2) Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 3) Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 4) Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
А) 4.1.2.3
В) 3.2.1.4
С) 2.4.1.3
D) 4.3.2.1
Е) 1.2.3.4
10. Сақтар туралы: «Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген»,-деп жазған:
А) Страбон
В) Полиэн
С) Геродот
D) Арриан
Е) Ктесий
Нұсқау: Сізге контекст негізінде ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз

Қасым ханның саяси ұстанымы мен халқына деген қамқорлығынұлына айтқанмынасөзінен айқын білуге болады: «Менің бар арманым- қазақ жерін тәуелсіз елге айналдыру болды және мен оған қол жеткіздім. Енді өзге мемлекеттер секілді дамып, гүлденіп, жетілуі тиіс. Халқымыздың атын биік ұста, оның мәдениетін, салт-дәстүрін әрқашан құрметте! Бөлінгенді бөрі жейтінін ешқашан ұмытпа. Әрқашан бірлікте бол. Егер сен халықтың бірлігін сақтап қалғың келсе, елде бүліншілікке жол берме!».
М.Х.Дулати
«Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақта билік жүргізді.Халқының саны миллионнан асты.Әскер саны 300 мың. Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес»
11. Мәтіндегі сөздер бағытталып айтылған хан ұлы:
А) Хақназар
В) Тахир
С) Шығай
D)Мамаш
Е) Бұйдаш
12. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы алғашқы байланыстар орнатқан ел:
А) Жоңғар хандығы
В) Ноғай Ордасы
С) Мәскеу мемлекеті
D) Моғолстан
Е) Қытай
13. Қазақ хандығының күшеюі Шайбани сұлтандарының тағы да бір тобын Дешті Қыпшақтан кетуіне мәжбүр етті. Шайбанилердің Хорезмде құрған мемлекеті:
А) Бұхар хандығы
В) Өзбек мемлекеті
С)Хорезм хандығы
D) Қоқан хандығы
Е) Хиуа хандығы
14. «Қасым ханның қасқа жолындағы» аламан міндеті,қосын жасақтау мәселелері кірген заң:
А) қылмыс
В) мүлік
С) әскери
D) жұртшылық
Е) елшілік
15.Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының тарихына қатысты дұрыс дәйектерді анықтаңыз:
І. Хандық билік жойылғанға дейін Қазақ даласындағы билік Керей ханның ұрпақтарының қолында болды.
ІІ.Қазақ хандығы Моғолстанға қарсы Шайбани ханмен одақтасты.
ІІІ. Қасым хан Сарайшық қаласында жерленді
ІV.ХVғ. соңына қарай Сырдария алқабы үш мемлекеттің Қазақ, Иран, Бұхар арасында бөліске түсті.
V.Қазақтар туралы деректер ХVІ ғ. І жартысындағы неміс дипломаты жазбаларында кездеседі.
VІ.Сайрам қаласын ұрысссыз басып алды.
А)ІІ.ІV.V
В)ІІІ.V.VІ
С)ІV.V.VІ
D)І.ІІ.ІІІ.
Е)І.ІІІ.V.
27-нұсқа
1. Алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына тарала қоныстану процесі жүрді:
А) Мустьеде
В) Мезолитте
С) Кейінгі палеолитте
D) Жаңа тас дәуірінде
Е) Ашельде
2. ХVІ ғ. 90 жж. Қазақ хандығы мен Орыс мемлекеті:
А) бірлесіп Өзбек хандығымен соғысты
В) Ноғай Ордасына әскер жіберді
С) саяси дағдарысты бастан кешірді
D) өзара елшілік алмасты
Е) әскери одақ құрды
3. «Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырмада (еді)» - деген жолда елі, жері үшін құрбан болған достар туралы хабар жазылған:
А) «Қорқыт ата» кітабында
В) «Оғызнама» дастанында
С) «Талас» жазуында
D) Күлтегін ескерткішінде
Е) Тоныкөк жазуында
4. Еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылған уақыт:
А) Азамат соғысы жылдары
В) Индустрияландыру жылдары
С) Ұлы Отан соғысы жылдары
D) Ұжымдастыру жылдары
Е) Жаңа экономикалық саясат жылдары
5. «Бесеудің хаты» деп аталатын Ф.Голощекинге ашық хат жазған республика қайраткерлерінің ішінен артығын табыңыз.
А) Т.Рысқұлов
В) М.Ғатаулин
С) Ғ.Мүсірепов
D) М.Дәулетқалиев
Е) Е.Алтынбеков
6. Батыс түркілерден Еділ бұлғарлары, хазарлар мен қимақтар бөлінді:
А) Иштеми өлгеннен кейін
В) Тардуштың билігі тұсында
С) Шегу қағанның тұсында
D) Қапаған қаған билікке келгеннен кейін
Е) Тон-ябғу өлімінен кейін
7. Орыстың атақты ақыны А.С.Пушкин Орынбор жерінде зерттеу жүргізді:
А) Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жайында
В) Сырым Датұлы бастаған көтерілісі жайында
С) С.Разин көтерілісі бастаған жайында
D) И.Таймаұлы көтерілісі бастаған жайында
Е) 1824 жылы бекітілген жарғы жайында
8. 1985ж. сәуір Пленумында КОКП ОК-нің қаралған мәселесі:
А) «Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы күрес» қаулы жарияланды
В) КСРО-ның әлеуметтік –экономикалық дамуын жеделдету
С) Тұрғын үй мәселесін толық шешті
D) Азық- түлік бағдарламасын енгізді
Е) Республика басшысын ауыстыру қарастырылды
9. Мемлекеттік құрылымдарды құрылу уақыты бойынша ретімен қойыңыз:
1. Қазақ АКСР-і; 2.Алашорда үкіметі; 3.Қазақ КСР-і; 4.Қазақ революциялық комитеті
А) 4,3,1,2
В) 2,4,3,1
С) 2,4,1,3
D) 3,4,1,2
Е) 1,2,3,4
10. А.Бірімжанов пен Ш.Қосшығұлұлы:
А) Өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғаушылар
В) Қарқаралы петициясының авторлары
С) Жалпыұлттық десократиялық қозғалыстың көсемдері
D) Өлкедегі жұмысшы қозғалысының басшылары
Е) І,ІІ Мемлекеттік Думаға сайланғандар
Нұсқау: Сізге контекст негізінде ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз
ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ
Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің «бесігі» саналады. Даланың экологиялық, табиғи-климаттық жағдайы көшпелі шаруашылығына қолайлы болды. Бұл көшпелі өркениеттің ұзақ уақыт сақталуына ықпал етті.
-Дала өркениетінің этникалық сипаты әртүрлі болды. Көшпелілер алуан түрлі тілде сөйлейтін (түркілер, моңғолдар, ирандықтар) және түрлі нәсілге жататын (моңғолоидтер, еуропеитер, және аралас нәсіл түрлері) халықтардан құралды. Олардың ұстанған діні де әртүрлі (тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, ислам) болды. Оларды «туыстырған» және біріктірген Ұлы Дала мен көшпелі мад шаруашылығы еді.
-Ұлы Дала елеулі тарихи оқиғалар алаңы болды. Оның тарихи шайқастар мен жорықтарға және басқа да әскери-саяси оқиғаларға толы көшпелі мемлекеттер тарихы. Көшпелілер бүкіл Еуразияның саясатына ықпал етіп қана қоймай, тіпті олардың саясатын да анықтады.Көшпелілер сақ, ғұн дәуірлерінде, Моңғол империясы мен Алтын Орда уақытында Еуразияның халықаралық саясатына өз үстемдігін жүргізіп отырды.
-Ұлы Дала- кең байтақ ашық кеңістік. Даланың табиғаты ұшы-қиыры жоқ байтақ алқапты болып келеді. Ұлы Дала Алтай халықтарының ежелгі атамекені болған.
11. Ұлы Дала көшпелі өркениетінің қайнаркөзіне жататын қола дәуірінің б.з.б. ХVІІ-ХІІ ғасырларға жататын мәдениеті:
A) Андрон
B) Алакөл
C) Беғазы-Дәндібай
D) Федоров
E) Сынтасты
12. Сақтарды «Соғдылықтардың сыртындағы мемлекет» деп атаған жазба қалдырған ел:
A) Парсы
B) Грек
C) Рим
D) Қытай
E) Мидия
13. «Ұлы Дала Өркениеті» таралған аймақ:
A) Каспий ден Жерорта теңізіне дейін
B) Алтайдан Амударияға дейін
C) Енесейден Сырдарияға дейін
D) Маньчжуриядан Дунайға дейін
E) Балқаштан Байкалға дейін
14. Қазақстан тарих ғылымында осы кезеңді Қара теңіз бен Каспий аралығын «Батыс Дешті Қыпшақ», ал қазақ даласын «Шығыс Дешті Қыпшақ» деп атау қалыптасқан:
A)ХІ-ХVІ ғасырлар
B) Х-ХVІІ ғасырлар
C) Х-ХІV ғасырлар
D) Х-ХІІ ғасырлар
E) ХІ-ХІІІ ғасырлар
15. Әлем өркениетіне қосқан көшпенділердің жаңалықтарын анықтаңыз:
I. Садақ пен жебенің пайда болуы туралы сипатталады.
II. Шалбар кию тарихы туралы сипатталады.
III. Қала мәдениетін қалыптастырды туралы сипатталады.
IV. Көшпенділер құрған ең алғашқы феодалдық мемлекеті сақтар заманы болды.
V. Ет, Сүт тағамдарын пайдалану туралы сипатталады.
VI. Көшпенділер тұрмысының қиыншылығы туралы сипатталады.
VII. Киіз үйлер туралы сипатталады.
A) І,ІІІ, V.
B) II, V, VII
C) II, VI, VII
D) IV, V, VII
E) III, V, VII

28-нұсқа



1.Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ ойықтар (араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу әдісі:
А) кесу
В) қашау
С) нуклеус
D) қыстырма
Е) ретушь
2. Алтын Орданы Берке хан одан әрі күшейту мақсатында:
А) алым-салықты көбейтеді
В) орталық қала соқтырады
С) мұсылман дінін қабылдайды
D) батысқа жорық жасайды
Е) басқару жүйесін өзгертеді
3. ХІІІ ғ. басында Қарахан мемлекетінің шығысын басып алды:
А) жалайырлар
В) қырғыздар
С) наймандар
D) керейлер
Е) меркіттер
4. VІІІ ғасырдағы қарлұқтар туралы дерек қалдырған араб зерттеушісі:
А) Әл-Макдиси
В) Әбу Дулах
С) Жүсіп Баласағұни
D) Әл-Марвази
Е) Рашид ад-Дин
5. Едігенің Ноғай Ордасын билеген жылдары:
А) 1260-1306 жж.
В) 1290-1312 жж.
С) 1396-1411 жж.
D) 1342-1357 жж.
Е) 1426-1440 жж.
6. 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде құрылған зауыт:
А) Трансформатор шығару
В) Аккумулятор шығару
С) Суперфосфат шығару
D) Электротехника өнімін жасау
Е) Трактор жасау
7. Түрксіб теміржолын салуға басшылық еткен қоғам қайраткері:
А) Д.Омаров
В) Т.Рысқұлов
С) С.Сәдуақасов
D) Ж.Мыңбаев
Е) Т.Қазыбеков
8. Оқиғаларды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіріңіз:
1. Азамат соғысы; 2. Индустрияландыру; 3. Ұжымдастыру; 4. Ұлы Отан соғысы:
А. 375 көтеріліс; Б. Түрксіб темір жолы іске қосылды; В. 316 атқыштар дивизиясының ерлігі; Г. Әскери коммунизм
А) 1-Б; 2-В; 3-А; 4-Г
В) 1-А; 2-Г; 3-Б; 4-В
С) 1-В; 2-А; 3-Б; 4-Г
D) 1-Г; 2-Б; 3-А; 4-В
Е) 1-Г; 2-В; 3-Б; 4-А
9. 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығынан жұмысшылар көтерілді:
А) Торғайда
В) Екібастұзда
С) Қазалыда
D) Оралда
Е) Верныйда
10. «Қазақ» газетінің редакторы:
А) С.Торайғыров
В) Ә.Бөкейханов
С) М.Сералин
D) М.Жұмабаев
Е) А.Байтұрсынов
11. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы» Заңы қабылданды:
А) 1986 жылдың желтоқсанында
В) 1985 жылдың қыркүйегінде
С) 1989 жылдың қыркүйегінде
D) 1987 жылдың тамызында
Е) 1988 жылдың наурызында
12. 1993 жылы ресми тіркелген париялардың бірі:
А) Социалистік партия
В) Ауыл партиясы
С) Нұр Отан партиясы
D) Ақ жол партиясы
Е) Руханият партиясы
13. 1743 жылы Абылай:
А) Жоңғар тұтқынынан босатылды
В) Қырғыздарға жорық жасады
С) Жоңғар тұтқынына түсті
D) Жоңғарларға қарсы жорыққа шықты
Е) Қытайға қарсы жорыққа шықты
14. 1716-1717 жылдары Ертіс өзенінің бойында тұрғызылған бекіністер:
А) Ор, Ырғыз
В) Семей, Кереку
С) Омбы, Железинск
D) Өскемен, Семей
Е) Қызылжар, Тобыл
15.Билер сотының тағы бір артықшылығы айыпкерге тағылатын күнә жеткіліксіз жағдайда ақылдастар алқасының көмегіне жүгінетін болған.Ақылдастар алқасы айыпкерді жақсы білетін, оының адал да әділ руластарынан болуы тиіс еді. Бұл салт талапкерге де, жауапкерге де , куәлерге де бірдей қолданылды.Бұл салт үшін әлдебір биік жота, ата-бабалар зираты, сондай-ақ көлдің немесе өзеннің көрікті жағасы таңдап алынатын. Сотқа шақырылған әрбәр адам шамамен мынадай мазмұнда бұл салтты орындағын: « Егер мен жалған куәлік айтатын болсам, онда менің жазамды бір Құдайдың өзі беретін болсын, екі дүниеде де жақсылық көрмеймін,бар байлығым мен балаларымның қызығы бұйырмасын». Бұл салттың екінші бір түрі мылтықтың ұңғысын сүю еді. Ал үшінші түрі бойынша ата-баба зиратын үш рет айналдырып өткізген».
Мәтінде сипатталған қазақтың салтын анықтаңыз:
А) ант ішу
В) уәде беру
С) серт беру
D) төс қағу
E) сөз беру


1.Зейнетақы туралы заң

А. 1993 ж.

2. Ұлттық валюта теңгенің айналымға енгізілуі

В. 1992 ж.

3. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы

С. 1998 ж.

4. Тұңғыш бүкілхалықтық Президент сайлауы

Д. 1991 ж.
28-нұсқа
1. Ежелгі дәуірге жататын сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерде көп кездесетін бейнелер:
А) аң аулаған адам
В) құдайлар
С) арбалар
D) әйелдер
Е) жануарлар
2. Қола дәуірінің ортасына қарай егіс көлемін өсіруге негіз болған жетілдірілген құрал:
А) қола орақ
В) бұғы мүйізінен жасалған тесе
С) мыс орақ
D) қола кетпен
Е) темір шалғы
3. Алматы маңынан табылған сақтар дәуіріне жататын «Жетісу михрабы» деп аталған жәдігер:
А) құрбандық табағы
В) абыз асатаяғы
С) құмыра
D) асыл тастар салынған алқа
Е) қорамсақ
4. 1930 жылдары көтерілісшілер басып алған аудан орталығы:
А) Шыңғыстау
В) Абыралы
С)Созақ
D) Қарқара
Е) Жаркент
5. Әл-Идрисидің картасында көрсетілген қимақтардың екінші астанасы:
А) Суяб
В) Карантия
С) Янгикент
D) Тараз
Е) Күнгіт
6. 316 –шы дивизияның қатарында ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры:
А) М.Ғабдуллин
В) Л.Беда
С) Ә.Молдағұлова
D) Р.Қошқарбаев
Е) И.Павлов
7.Хақназар хан қазақ-қырғыз одағының әскерлерін пайдаланып соғысты:
А) Маңғыт мырзаларымен
В) Бұхар ханымен
С) Сібір ханымен
D) Ташкент билеушісімен
Е) Моғол ханымен
8. 1925 жылы Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Vсъезінде қабылданған шешім:
А) Іс-қағаздарды қазақ тілінде толтыру
В) Жаңа экономикалық саясатын енгізу
С) Латын әрпіне көшу туралы
D) Әскери коммунизм саясатын енгізу
Е) «Қазақ» атауын қалпына келтіру
9. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі:
А) Салық мөлшерін азайтты
В)Жайық өзенінің оң жағалауына өтуге рұқсат алды
С) Ресей билігінің қанауын тоқтатты
D)Нұралы хан әулетінің озбырлығын жойды
Е) Казак әсерлерінің озбырлығын тоқтатты
10. Оқиғаларды жылдарымен дұрыс сәйкестендіріңіз:
А) 1-С,2-А,3-В,4-Д
В) 1-С,2-Д,3-А,4-В
С) 1-Д,2-В,3-С,4-А
D) 1-Д,2-А,3-В,4-С
Е) 1-А,2-В,3-С,4-Д
11. Ұлы Отан соғысы жылдарында 14 қант зауытының жабдықтары көшірілді:
А) Белоруссиядан
В) Ресейден
С) Литвадан
D) Латвиядан
E) Украинадан
12. Патша үкіметіне қарсылығы үшін Тобыл қаласына жер аударылып,өз өтініші бойынша әскери міндетін Польша,Литва жерлерінде атқарған ақын, композитор
А) Тәттімбет Қазанғапұлы
В) Ықылас Дүкенұлы
С) Құрманғазы Сағырбайұлы
D) Біржан сал Қожағұлұлы
Е) Жаяу Мұса Байжанұлы
13. Б.Қаратаев және А.Иманов қызметтерінің ұқсастығы:
А) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшылары
В) Алашорда үкіметінің мүшелері
С) Мемлекеттік Дума депутаттары
D) Қаз ревком құррамына енгендер
Е) Азамат соғысында қазақ әскерлерінің басшылары
14. Соңғы сармат кезеңіне жататын ескерткіш:
А) Сынтас
В) Бәйте
С) Аралтөбе
D) Бәйгетөбе
Е) Бесоба
15. «Есім хан көбінесе ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де ол «Қасым ханның қасқа жолына» көп өзгертулер енгізген. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің құнына 100 жылқы, 6 түйе кесім белгілеген. Ол бай-кедей, жас-кәрі, қараша-сұлтан демей, бұл заңды еркек атаулының бәріне бірдей қолданған. Одан басқа үстеме, өнер құны, сүйек құны деген болған. Егер өлген адам бай немесе ақын, балгер, жырау болса, сол өнері үшін үстеме құн алған. Сол сияқты егер өлген адамның денесі туысқандарына тимей, ит-құсқа жем болса, сүйегі үшін құн төлеген......Ел аузында «Есім ханнның ескі жолы» деген аңыз сақталған. Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді. Қазақ шежірелерінде Есім ханнның қызметіне ерекше жоғары баға беріледі...».
Мәтін бойынша Есім ханның «Қасым ханның қасқа жолына» өзгертулер енгізудегі себебін анықтаңыз:
А) Сыртқы саясатта Тарбағатайды алу үшін
В) Сыртқы саясатта тұрақтылықты сақтау үшін
С) Көшім ханның жерлерін жаулап

алу үшін
D) Қазақ халқының санын 2 млн-ға жеткізу үшін


Е) Сібір хандығының жойылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет