Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамныңэтностарында да сақталған.
Мәдени революция - коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту
Сұрақтар: "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы қашан құрылды?
Көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру қашан ендірілді?
Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы қандай үрдіс аяқталды?
1926 жылы қаңтарда қай қалада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды?
Қазақ жұртына танымал қандай суретшілерді білесіз?
Кеңестік білім мен ғылымның қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?