Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты? Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдениөмірінде, әлеуметтік қүрылысында түбірлі өзгерістер болды.
Қазақтардың ұлттық қауымдастығын нығайта түсетін аса маңызды факторлардың бірі казақ тілі болып табылды.
Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңlы", "Ер Тарғын", "Қозы Керпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т.б. эпостық поэмалары Қазақстанның жер жеріне кең таралып, халық арасында зор сүйіспеншілікке ие болды. Көрнекті халық ақындары мен әншілері Бүқар жырау, Махамбет Өтемісүлы, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұса, Жамбыл т. б. өлеңцері мен өндері, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да жазбаәдебиеті өкілдерінің шығармалары жайлы да осыны айтуға болады. Алайда, Қазан революциясына дейін қазақ тілі бір жақты дамыды.
Ол негізінен өлі де жете дами қоймаған көркем әдебиеттің поэзия тілі болып қала берді. Бұл тілде саяси әдебиеттер өте аз, ал ғылыми әдебиеттер мүлде шығарылмады деуге болады. Қазақ тіліне Қазақстан экономикасының кенже қалуы: өнеркәсіптің көптеген салаларының болмауы, шаруашылыңтың нашар дамуы және баска да жағдайлар сөзсіз әсерін тигізді. Тілдің даму деңгейі қоғамдык өмір салаларында қол жеткен прогресс деңгейіне, ендіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, рухани мәдениетінің, ғьшым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты.
Совет өкіметі жылдары қазақ халқының өмірінде қазақ тілі қазақтардың және Қазақстан халықтарының толыққанды, жан-жақты дамыған тілдерінің біріне айнала алмады, дегенмен оның лекциялық қоры байып, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық жүйесі жетіле түсті, әдеби және сөйлеу нормасы үндесіп, алфавит пен орфография жүйесіне елеулі өзгерістер енгізідді, ең бастысы тілдің қоғамдық функциясы анағұрлым кеңіді.
Коммуникативтік, яғни қарым-қатынас құралы ролін атқара отырып, қазақ тілі мектептерде, жоғары оқу орындарында оқу тілі, саясат тілі, жоғары дамыған көркем өдебиет пен ғылым, мерзімді баспасөз, радио мен телевизия тілі болып отыр. Елімізді индустрияландыру, ұжымдастыру кезеңі 30-жылдардағы қоғамымыздың алдыңғы қатарлы азаматтарының репрессияға ұшырау кезеңіне дәл келді.
Достарыңызбен бөлісу: |