Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты



бет72/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандыққұрамалары мен отрядтарында 1500-дей, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15  партизан бригадалары мен отрядтарында 270  қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белорусияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65  партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан Қазақстандақтардың саны  3,5  мыңға  жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шарипов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырлардың есімі көпке танылды. Партизандар қатарында қазақстандық әйелдер – Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова т. б. аянбай шайқасты.

Ерлер мен Әйелдер Фашистерге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Салтынбек Төлешов, Шығыс Қазақстан облысынан Константин Трокин, Қарағанды облысынан Михаил Авдейчик, Қызылордадан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Чехословакияны неміс фашистерінен азат етудегі партизандық ұрыс қимылдарына алматылық Алексей Ильин, семейлік Николай Мошкин, Оңтүстік Қазақстан обл.-ң тұрғыны Жұбандық Сұранқұлов, Павлодарлық Николай Тарановтар қатысты.

Югославия жерінде Фашистерге қарсы шайқаста Көкшетаулық Телжан Желқожинов, Ақтөбе облысының тұрғыны Арық Есентаевтар ерлік көрсетті. Грекия, Француз жерлерінде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Рев, Дәулет Қаражұмынның батырлығымен аты шықты. 1943  жылдың жазында Белгияда фашистік тұтқыннан қашып шыққан Кеңес әскерлері партизандық бөлім құрды.

Олардың ішінде қазақстандық- Ақтөбе облысынан Өтеген Абдуллин, алматылық Иван Карасев, Ақтөбеден Борис Бондаренко, Талдықорғаннан Федор Малаховтар болды. Қазақстандық 23  жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында –Қарағандыдан Тәкіш Әлпеисов, Қызылордадан Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Көлшіков т. б. жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты.




Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет