Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет78/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның темір жол транспорты майдан мен тыл қажеттерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды.

Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды. Ақмола-Қарталы, Гурьев-Қандағаш, Орск-Қандағаш темір жолдары іске қосылды. Бұлардан басқа жергілікті маңызы бар Жамбыл-Шолақтау, Талдықорған-Текелі, Лепсі-Андреевка, Ағадыр-Ақтау, Састөбе-Кельтемашат темір жол желілері салынды. Жалпы теміржолдың ұзындығы 1940 жылғы 6 581 шақырымнан 8 200 шақырымға дейін өсті.

Мал шаруашылғы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Малшылар арасынан көптеген республикаға танымал еңбек озаттары шықты. Мысалы, Жезқазған ауданы Аманкелді атындағы колхоздың шопаны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қойдан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Атырау облысы «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш. Шұғаипова бір мыңнан астам жылқыны ешқандай шығынсыз бақты. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылғын өркендетудегі орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Гурьев облысының Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941–1945жж. олар майдан мен елге 5 829мың тонна астық, 734мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Майданға ерікті көмек кең құлаш жайды. Халықтың патриоттық үлестерінен жиналған қорғаныс қоры 1943 жылы қазанға дейін ақшалай 185,5 млн. сомға және тапсырылған облигациялардың құны 193,6 млн. сомға жетті. 1941 жылы күзден бастап патриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтарын сатып алу науқаны басталды. Олар нақты жауынгерге арналды. Сондай-ақ бүтіндей колонна, эскадрилья сатып алынды. Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотереялардың құнын есептегенде республика халқының майдан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың екі жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.



Әсіресе соғыстың бірінші қысында жылы киім көмегі едәуір болды. Республикада халықтың 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5мың шолақ тон, 312мың пар киіз байпақ түсті. Мұның үстіне майдандағы солдаттарға 1600 вагон жеке және ұжымдық сәлем-сауқаттар жіберілді, кейде оларды облыстың немесе республиканың арнаулы өкілдері алып барды. Отан қорғаушылардың олармен кездесуі, сол сияқты Қазақстан артистерінің майдан шебіндегі ормандарда, жер астындағы клубтарда немесе алдыңғы шептегі блиндаждарда көрсеткен 1216 концерттері майдан мен тылдың бірлігінің айқын көрінісі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет