Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


Мәскеу шайқасының тарихи маңызы



бет69/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Мәскеу шайқасының тарихи маңызы.Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфилов пен комиссар А. С. Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П. Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.

Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа кеңестер Одағының батыры атағы берілді.



М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.

Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет