Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1



бет28/57
Дата26.09.2024
өлшемі1,04 Mb.
#205167
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1-emirsaba.org

Жеңілу себебі
Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.
Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда.
54-сұрақ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және т.б. шығармашылығы.
Қазақ даласындағы тізбектеле салынып жатқан бекіністер құрылысына, патшалық әкімшілік реформаларға, шұрайлы жерлерді басып алу қиянатына қарсы күрестер біртіндеп қайта өрбіген Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске ұласты. Сонау ұлт-азаттық күрестің қайнар бастауында тұрған Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олардың қолындағы азаттық туы қайта желбіреді.
Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, әуелде сұлтан кейіннен хан Кенесары (1802—1847 жылдары) бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді.
Кенесары күреске жастайынан араласты. Атасы Абылайдың, әкесі Қасымның ел тәуелсіздігі жолындағы күресін жалғастыруды алдына мақсат етіп қойды.
Кенесары көтерілісінің басты мақсатын көрсететін құжаттар «бүлікшіл сұлтанның» император I Николайға, Орынбор және Сібір губернаторларына жазған хаттарынан анық байқалады. Олар:
— Абылай хан тұсындағы Қазақ иеліктерінің аумақтық тұтастығын, ұлттың бірлігін қалпына келтіру;
— Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты қоршауға алуды тоқтату, Қазақстанның Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау;
— Түркістан, Әулиеата қалаларымен қоса Ұлы жүздің көп бөлігін Қоқан езгісінен азат ету міндеті тұрды.
Кенесары ордасында тұтқында болған барон Услар оның сыртқы келбетін былайша суреттейді: «Кенесары орта бойлы, арықтау келген, бет-пішінінде қалмақтың белгілері бар, қысыңқы көздерінен ақыл-ой мен қулық қабат аңғарылады, келбетінен көп жағдайда қатаңдық байқалмайды».
Революцияға дейінгі зерттеуші Н.Середа «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымұлының бүлігі (1838—1847 жылдары)» деген еңбегінде Кенесарының жеке басын, оның қолбасшылық дарынын өте жоғары бағалайды, мемлекеттік тұлға дәрежесіне көтереді.
Көріп отырғанымыздай, көтерілістің басталу кезіне қарай Кенесары күрестің қатал мектебінен өтіп, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған болатын. Ол өзінің алдындағы ағаларының кейбір қателіктерінен сабақ алып, қайталамауға тырысты.
Ол, біріншіден, аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін үш жүздің күшін біріктіру қажет екенін түсінді. Және осы жолда тек қарулы күрес қана емес, сонымен қатар дипломатиялық айла-тәсілдерге барды. Мысалы, бетпе-бет соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізді. Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін жекелеген сұлтандардың, билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы алауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты.
Кейбір сұлтан, би, рубасыларының қарсылығына қарамастан Кенесары шындығында үш жүздің ру тармақтарының көпшілік бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Кенесары әскерлерінің саны кейбір жағдайларда 20 мыңға жетті. Негізгі күші Орта жүз қазақтарынан тұрды.
Көтеріліс басталған кезден-ақ бұқаралық сипатқа ие болды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдағы азаттық қозғалыстар тарихында тұңғыш рет бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бүкіл халық үш жүздің ханы ретінде Кенесарыны мойындағанын мұрағат құжаттары да растайды.
Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші — қазақ бұқарасы еді. Оған күшейіп отырған отарлық езгіден қысым көрген қатардағы егіншілер де, рубасылары да, сұлтандар да қатысты. Қазақ жерлерін әскери-әкімшілік отарлауға қарсы күреске наразы халықтың барлық әлеуметтік топтары қатысты. Басты мақсатына қарай ол ұлт-азаттық көтеріліс болды.
Кенесары әскерлерінің жеке жасақтарын басқарғандар арасында белгілі халық батырлары Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Жанайдар, Басығара, Аңғал, Жәуке, Байсейіт, Сұраншы батырлар болды.


Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, арнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.[3] Ақын халық бұқарасының зор күшіне сенеді. Егер ел болып бірігіп, әділетсіз хандарға қарсы шықса, ханды тақтан тайдыратынына күмән келтірмейді. Махамбет халықтың ханнан көрген жәбір жапасын жырға қосып айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет