109. Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттары(ТүркПА, Түрксой).
Қазіргі таңда тарихи, экономикалық, ақпараттық, ғылыми және мәдени интеграция мәселесіне терең мән берілуде. Интеграция дегеніміз – саяси, экономикалық, мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымдардың аймақ, мемлекет, əлем негізінде бірігуі, ұйымдасуы. Ол туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық халықаралық жағдайда кез келген елдің жалғыз, жеке-дара дами алмайтындығын айтып, тарихи-мәдени және географиялық-экономикалық тұрғыдан мүдделес елдермен одақ құрып, аймақтық деңгейде бірлесу мәселесіне ерекше назар аударуда. Осындай интеграциялық үдерістердің бірі – түркітілдес халықтарының ықпалдастығы. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-саммиті аясында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Алдағы 2011 жыл – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Әзірбайжан үшін ерекше саяси мәнге ие тарихи жыл болмақ. Өйткені туыстас мемлекеттер өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлайтын болады. Бауырлас Түркия үшін де бұл ерекше, мерекелі күн болатынына сенімдімін», - деген еді. Өйткені тәуелсіздік – тек жоғарыда аты аталған мемлекеттер үшін ғана емес, әлемдегі барлық түркітілдес бауырларымыз үшін де, күллi түркi халықтарының тағдыр тұтастығын армандаған ұлт көсемдері үшін де көптен күткен оқиға еді. Бұл тұстағы ҚР Президентінің интеграциялық бастамаларын ерекше атап өтіп, Түркия Президенті Абдулла Гүл Елбасымыз Н. Назарбаевты «Түркі әлемінің лидері» деп атады. Яғни, екі елдің өз үлестерін қосып, интеграция мәселесінде ыңтымақтастықты жан-жақты тереңдете түсуі аса маңызды мәселе болып отыр.
2015 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласында өткен саммитінде түркітілдес ықпалдастығының сауда-экономикалық бағыттарын дамытуға баса назар аударылды. Сонымен, Нахчыван, Ыстамбұл, Алматы, Бішкек, Астана саммиттері интеграцияның мәдени және экономикалық аспектілері бойынша Қазақстанның көшбасшы екендігін дәлелдеп берді. Түркі мемлекеттерінің бірлесуі заңды құбылыс. Түркітілдес елдердің ынтымақтастығын дамыту мәселесі түркі мемлекеттерінің әрқай¬сысының күшеюіне, аталмыш елдердің өзара ықпалдасуына, бір-біріне қажетті қолдау көрсетуіне әсері етері сөзсіз. «Бүгінгі заман – әлемдік, аймақтық интеграциялар заманы. Өйткені, қазіргідей жаһандану мен бәсекелестік белең алған, қаржылық-экономикалық дағдарыс қайта-қайта бой көтерген кезеңде ешбір мемлекеттің жеке-дара, оқшау өмір сүруі мүмкін емес» – деген саясатанушылардың пікірлері Қазақстан интеграциялық идея¬лар¬дың бастамашысы ретіндегі орнын айғақтайды. Интеграциялық үрдістер аясында Түрік республикасының қолдауымен көп жұмыстар атқарылды. Мысалы, Орталық Азия және Кавказ елдерінде түрік лицейлері ашылып, түркітілдес мемлекет жастары Түркияның жоғары оқу орындарына арнайы гранттар арқылы оқу мүмкіндігіне ие болды, мәдени бірлестікті нығайту мақсатында ТҮРКСОЙ (түркі елдерінің мәдениет жене өнер саласындағы одағы) түркі тілдес елдердің халықаралық мәдени ынтымақтастығының органы ретінде ЮНЕСКО түрінде 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында түркі мемлекеттері Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан өкілдері қол қойылған келісімшарт негізінде құрылды. Түркітілдес мемлекеттерге көмектесу үшін Түрік республикасының сыртқы істер министрлігінің жанында Түркітілдес елдерге көмек орталығы – ТИКА құрылды, түркітілдес елдермен қатынастың бірінші қатарға шыққандығын көрсету мақсатында Түрік республикасының Үкіметінде Түркі елдерімен байланыс Министрлігі де құрылды.
Қазіргі жағдайдағы Қазакстан мен түркітілдес мемлекеттердің мәдени, ғылыми және экономикалық қарым-қатынастары мәселелері, олардың даму мүмкіндіктері мен тенденциялары, экономика, мәдени және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі үкімет басшылары деңгейінде жаңа келісімдер жасау, интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту бүгінгі күн талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) 2008 жылғы 21 қарашада Əзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы жəне Түркия Республикасы парламенттерінің басшылары Стамбұл қаласында, Долмабахче сарайында қол қойған келісімге сəйкес құрылды. ТүркПА-ға төрағалық ету жыл сайын бір елден екінші елге ағылшын тілі ретіне сай ауысып отырады. Қазіргі кездегі Ассамблеяның Іс басындағы төрағасы Əзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің төрағасы Октай Асадов.
ТүркПА-ның негізгі мақсаттары:
Мүше-елдер арасында парламенттік тәжірбиемен алмасу және озат тәжірбиемен алмасу;
Әріптестіктің басым салаларында мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру мүмкіндіктері;
Түркі-тілдес мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде істер мен бастамаларды заңнамалық қолдау басталды;
Түрік әлемінің әдебиеті мен өнерін, тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып білу;
Білім беру, ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларында тиімді аймақтық әріптестікті алға жылжыту;
Мүше-елдер арасында кең ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау;
Сауда мен инвестицияларға оң жағдай жасау;
Аймақтық экономикалық жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге асыру;
Өзара мүдде негізінде саяси мәселелерді талқылау.
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түрік Мәдениет Ұйымы Түркі әлеміндегі ЮНЕСКО болып табылады және 1993 жылы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Мәдениет министрлерімен құрылтайшылық келісімге қол қойылғаннан кейін құрылған.
ТҮРКСОЙ негізгі бағыты әртүрлі елдерде тұратын түркі тектес халықтардың мәдениеттерімен таныстыру. Дәлірек айтқанда, түркі халықтарының мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және тарату.
Біздің рухани тамырымыз бір, тіл, тарих, мәдениеті бірдей үдерістерді байланыстыру, оны бір жолға қою үшін құрылған ұйым дер кезінде қабылданған ең маңызды қадамдардың бірі болды. Себебі ТҮРКСОЙ – бізді рухани біріктіретін ұйым. Бүгінде осы берік негізде біз тамаша ынтымақтастықты жолға қойып отырмыз. Сондықтан Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. бәріміз алдағы уақытта да ТҮРКСОЙ қызметін күшейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиістіміз. ТҮРКСОЙ түркі тектес мемлекеттердің мәдениеті мен өнерін ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |