Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1


ҚР жаһандық қауіп-қатерлер, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі сыртқы саяси бастамалары



бет56/57
Дата26.09.2024
өлшемі1,04 Mb.
#205167
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1-emirsaba.org

110. ҚР жаһандық қауіп-қатерлер, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі сыртқы саяси бастамалары.
Қазақстанның сыртқы саясатында тәуелсіздік алғаннан бері қауіпсіздік мәселелері ерекше орын алып келеді. Біздің еліміз терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаһандық диалогтың белсенді қатысушысы болып табылады.
Республика БҰҰ-ның терроризмге қарсы 19 конвенциясының 16-сын ратификациялады және бірегей аймақтық форматты – БҰҰ-ның Орталық Азия үшін терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етеді. Қазақстан терроризмге қарсы іс-қимылға ҰҚШҰ, АӨСШК шеңберінде қатысады, ТМД антитеррорлық орталығының мүшесі болып табылады, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықта экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша ағартушылық іс-шаралар, тренингтер өткізеді. Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл проблемасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды: бұл қауіп-қатерлер сепаратизммен бірге, ұйымның іс-әрекеттеріне қарсы бағытталған «үш зұлымдықты» құрайды. Сарапшылардың пікірінше, ШЫҰ аймақтық антитеррорлық құрылымының жұмысы қатысушы елдер аумағында террористік ұйымдардың белсенділігін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді. Қазақстан бұл процестің белсенді қатысушысы болып табылады, жаңа қатерлердің әсерінен ынтымақтастықты өзгертуге үлес қосады.Әлемдегі өзгерістердің агенті ретінде Қазақстан экстремизмге қарсы тұру және оның алдын алу тәсілдерін, мемлекет пен басқа субъектілердің осы мәселені шешу үшін ел деңгейінде қолданатын жүйелік шараларын қайта қарау бойынша жаһандық диалогқа белсенді қатысу қажеттілігіне тап болды.
Осы мәселе бойынша қазіргі ғаламдық күн тәртібін ескере отырып, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-22 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерінен алшақтауды ескере отырып, Қазақстанның басым бағыттарының қатарына енгізу орынды болар еді. Ішкі және сыртқы саясат саласында:
• Сирия мен Ирактағы соғыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту және реинтеграциялау;
• радикалдануға ұшыраған жастарға, әйелдерге және басқа топтарға ерекше назар аудара отырып, жергілікті қоғамдастықтың өкілдерін, еріктілерді және жергілікті қоғамдастықты қоса алғанда, жергілікті деңгейдегі практиктерді кеңінен тарта отырып, зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы алдын алу тетіктерін әзірлеу;
• жалған ақпарат пен жеккөрушіліктің таралуына қарсы тұру, соның ішінде азаматтық қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен диалог құру арқылы;
• экстремизм мен терроризмге қарсы тұру және алдын алу, діни, этникалық және басқа да негіздер бойынша кемсітушілікке жол бермеу, адам құқықтарын сақтау саясатын жүзеге асыру;
• жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары, қылмыстық атқару қызметі қызметкерлерінің экстремизм мен терроризмге қарсы тұру және алдын алу бойынша әлеуетін арттыру;
• Орталық Азия мемлекеттері арасындағы құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, сарапшылар, практиктер және академиялық қоғамдастық деңгейінде ақпараттық ынтымақтастықты дамыту;
• аймақ ішіндегі және жаһандық деңгейде өзара құрмет, төзімділік және дамуға өзара тәуелділік идеяларын, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы бағыттағы халықаралық бастамаларын, атап айтқанда: терроризмнен – азат әлемге жету.
Қазіргі түріндегі лаңкестіктің шығу себептері де, барлық соғыстар мен қарулы қақтығыстардай бірнеше дәстүрлі негізге сүйенетіні белгілі: билік, ықпал, аумақ, шикізат көзі және түтыну нарығы үшін күрес, сондай-ақ үлттық және мәдени басымдықты, үлттық-мәдени және діни мемлекеттілікті талап ету. Кенже дамыған және дамушы елдердің басым көпшілігінде жоғары дамыған және әлемдік лидерлермен дәстүрлі жолмен соғыс жүргізуге қауқары жоқ. Алайда, олардың кейбіреулерінің осы күні салмақты экономикалық әлеуетімен қатар амбициясы да әсіп келеді, дегенмен әлемдік саясатқа ықпал ету мүмкіндігі жоқ немесе шектелген. Бірақ, соғысқа жеткіліксіз болса да, қорқытыпүркіту шараларына жарайтындай қүралдары жеткілікті болып отыр.
Қазіргі әлемде террористік күш қолданудың негізгі себептері келесідей:
Бірқатар ықпалды саяси топтар мен державалардың лаңкестіктің отына май қүйып, қолдап отыруы;
Лаңкестерді сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету және түрақты қаржыландырып отыру, сондай-ақ оларға жасырынатын сенімді орындар дайындау;
Лаңкестердің әрекетін күшті идеологиялық (діни-фанаттық) және саяси қамтамасыз ету.
Халықаралық терроризм –“мемлекет басшыларының, топ адамдардың, жалпы халықтың үрейін үшыру мақсатында адамдарға немесе жекеменшікке бағытталған бір мемлекет өкілдерінің екіншісіне қарсы акті жасау, үйымдастыру, жүзеге асыруға жәрдемдесу, қаржыландыру немесе қолдау көрсетуі немесе оған жол беру әрекеттері (Б¥¥-ның адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстар Кодексінің жобасындағы анықтамаға сәйкес).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет