Delphi –де айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Турбо Паскальда пайдалынылатын Read (оқу ) операторы жоқ. Программада ол үшін басқа тәсілдердің қолданылуы мүмкін :
менщшіктеу;
енгізу терезесін пайдалану;
форманың Edit компоненті ӛрісін пайдалану.
Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей , мысалы, х:=4.7;
Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программада InputBox (енгізу қорабы ) функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі:
<айнымалы >:= InputBox (‗<тақырып >‘,‘<түсініктеме >‘,‘<мән>‘) мұндағы,
айнымалы –мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы (InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық (String) типті. Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х: String; түрінде сипатталуы тиіс);
Тақырып-енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін;
Түсініктеме- енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін; Мән-енгізу терезесі кӛрінген кезде оның енгізу ӛрісінде кӛрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді. Мысалы ,х:=4.7 меншіктеу командасын InputBox функциясын пайдаланып, мынадай түрде беруге болады:
х:= InputBox (‗Аргумент мәні ‘, ‘х:=‘ ‘’ )
Команданың орындалу барысында кӛрінетін терезе 1.6- суретте кӛрсетілген .Терезенің енгізу ӛрісіне 4,7 мәнін енгізіп, ОК түймесін шерту керек (не КҚ клавишін бауғада болады).
Ескерту. Windows-тың күйге келтіріліп қойылуына байланысты нақты сан әдеттегідей үтір (,) арқылы бӛлініп енгізілуі мүмкін. Ол меншіктелетін айнымалы (х) жолдық типті болғандықтан, қажет болса, оны сандық типті етіп түрлендіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |