«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы



бет55/105
Дата09.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76246
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105

5. Интерфейс бөлімі


Интерфейс бӛлімі Interface қызметші сӛзімен ашылады. Бұл бӛлімде модульдің басқа модульдер мен негізгі программада пайдалануға болатын барлық глобал объектілері жарияланады. Глобаль кӛмекші программалардың интерфейс бӛлімінде тек атаулары ғана жарияланады. Мысалы:

Unit Cmplx;

Interface Type complex=record re, im:real end;

Procedure AddC(x,y:complex; var z:complex);

Procedure Mulc(x,y:complex; var z:complex);

Бұл программада complex типі және AddC, Mulc процедуралары глобал болып табылады. Интерфейс бӛлімінде кӛмекші программаларды жариялау авоматты түрде жадының ұзақ (дальней) моделін қолданумен компиляцияланады. Негізгі программадан және басқа модульдерден кӛмекші прогарммаларға қолжеткізу осылайша жүзеге асады. Ескере кету керек, модульдің интерфейс бӛлімінде жарияланған барлық константалар мен айнымалылар негізгі программаның глобал константалары мен айнымалылары сияқты Турбо Паскальдің ортақ берілгендер сегментіне компилятор арқылы жайғастырылады (сегменттің максимал ұзындығы 65536 байт). Жариялаудың түрлі бӛлімдерінің пайда болуы және олардың саны қалауымызша болуы мүмкін. Егер интерфейс бӛлімінде сыртқы кӛмекші программалар жарияланса, модульдің жүзеге асу бӛлімінде олардың атауларынан кейін денелері жазылуы керек (яғни EXTERNAL қызметші сӛзі). Егер интерфейс бӛлімінде машиналық кодтағы кӛмекші программа жарияланса модульдің жүзеге асу бӛлімінде оның атауынан кейін INLINE сӛзі мен машиналық коды келтіріледі. Модульдің интерфейс бӛлімінде алдын-ала сипатталуды қолдануға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет