Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бӛлігі (құраушысы) бар:
Модульдік программалау
Құрылымдық кодтау
Жоғарыдан тӛменге қарай жобалау
Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бӛліктерге бӛлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бӛлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.
Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль ӛлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер ӛзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін тӛмендетуге болады.
Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың кӛмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың кӛмегімен құрылады.
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың– шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз кӛшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің кӛмегімен ӛзгертілуі керек.
Программаны жоғарыдан тӛмен қарай жобалаудың ӛз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бӛлінеді. Ішкі есептердің ӛзі де ішкі есептерге бӛлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бӛлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |