объект – түрлі мәндердің қасиеттері тәсілдерінің жиынтығы; оқиға – объект жағдайының ӛзгеруі.
Класс - ӛрістер, қасиеттер және тәсілдерінің бірлігінен тұратын тип, не, жалпы түрде, ӛңдеу тәсілдері не қасиеттері ортақ түрде сипатталатын объектілер (нысандар) жиынтығы.
Жүйе объект үшін жадтың динамикалық облысынан арнайы орын қалдырады. Яғни, шын мәнінде, объект жай айнымалы емес, ол – жадтың динамикалық облысының кездейсоқ адресін сақтайтын кӛрсеткіш. Бірақ программада оған Турбо Паскальда пайданылатын кӛрсеткіш белгісі (^) енгізілмей жазылады.
Объект құрылған кезде автоматты түрде конструктор (constructor) деп аталатын тәсіл шақырылып, ол объектіні динамикалық облыста орналастырады, динамикалық жадтан объектіні арнайы деструктор
(destructor) тәсілі жояды.
Сонымен, ОБП –да пайдаланылатын объект сӛзінің екі мағынасы бар: нақты объект (мысалы, геометриялық дене, формада орнатылған компонент, т.б.) және айнымалы (абстрактты, дерексіз объект). Delphi-де екінші объект нақты класс данасын анықтайды.
Класқа иерархиялық (бағынышты, жоғарыдан тӛмен) кластардың енуі де мүмкін. Мысалы, геометриялық фигуралар класы жазық фигуралар және кеңістік фигуралары болатын екі ішкі кластық фигураларға бӛлінеді. Ал жазық фигуралар класы тӛбелері бар (үшбұрыш, кӛпбұрыш) және тӛбелерсіз (шеңбер, эллипс) болып екі ішкі класқа бӛлінеді. Объектілі программалауда барлық кластар иерархиялық түрде негізгі Tobject класынан тарайды (Tobject Tpersistent Tcomponent …). Әдетте негізгі класты аталық, бағыныңқы кластарды ұрпақ не сәбилік кластар деп атайды (Tobject – барлық кластардың арғы атасы, Tcomponent – барлық иерархиялық компоненттердің жоғарғысы (компонент деп Tcomponent класының мұрагері болатын класс данасын атайды)). Әр ұрпақ ӛзінің аталық класының мүмкіндіктерін (ӛрістерінің, қасиеттерінің, тәсілдерінің сипаттамаларын) қабылдайды. Мысалы, Tobject класының Create (бастапқы мән меншіктеу (инициалдау)) тәсілі барлық ұрпақ кластарға тиісті (Tobject класында конструктор Create деп аталады). Әр ұрпақ ӛзіне қосымша жаңа мүмкіндіктер (сипаттамалар) қосып, келесі ұрпақтарға беруі мүмкін.
Delphi –де класс атауын Т әрпінен бастау келісілген. Формаға енгізілген компонент данасын сандық индекс қосылған класс атауымен аталады. Ұрпақ кластың сипатталу түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |