«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
№2- басылым
« БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2012
Мазмұны
1
Глоссарий
4
2
Лекциялар
4
3
Тәжірибелік сабақтар
4
4
Студенттердің өздік жұмыстары
5
3
4
45
50
ГЛОССАРИЙ
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын
міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Қаржылық есеп берушілік - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді.
Баланс валютасы - баланс активті мен пассивінің жиыны.
Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.
Синтетикалық шоттар - қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.
Талдамалы шоттар- синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды.
Шоттар жоспары - бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады.