ppp процедурасын шақыру кезінде, Р ретінде түрлі класстардың кӛрсеткіші берілуі мүмкін. Полиморфизм әсері мынадан кӛрінеді: сол және сол бір код (P.Show) Show хабарламасына жауап ретінде процедура параметрі ретінде берілген Р кӛрсеткіші қайсы классты нұсқауына байланысты түрлі тәсілдің шақырылуына әкеледі Объектілі-бағдарлы программалау тәсілі жөнінде
Бейсик, Паскаль сияқты дәстүрлі программалау тілдерінде күрделі, үлкен программаларды дайындаудың кемшілігі – ол үшін программалаушылар тобының кӛп күш жұмсауы қажет болатын.
Программалауды жеңілдету үшін 80-жылдары объект, класс (object, class) ұғымдары енгізіліп, объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) тәсілі негізге алынды. ОБП – Паскальда қолданылатын процедуралық және құрылымдық программалаудың және модуль құрудың дамытылған түрі. Ол берілгендерді белгілі бір абстракциялық деңгейде кӛрсетіп, модульдік программалауды пайдаланады. Мысалы, Visual Basic программалау жүйесі объектілі программалау тәсілін пайдаланып, Qbasic тілі негізінде визуальды түрде құрылған. Паскальдың ОБП тәсілін пайдаланып құрылған жаңа нұсқасы Object Pascal (Объектілі Паскаль) деп аталады. Delphi осы тілдің негізінде дайындалған. Объектілі программалаудың ыңғайсыздығы – онда дәстүрлі программалау тәсілдері пайдалана берілмейді, бірақ ондағы кӛп қиындықтар арнайы тәсілдерді пайдалану арқылы тез шешілген.
ОБП тілінің дәстүрлі программалау тілдерінің ӛзгешелігі – онда, ӛрістерге қоса, мынадай ұғымдар негізге алынған: класс, объект, ӛңдеу тәсілі, объект қасиеті және оқиға.
Ӛрістер – Турбо Паскальдағы жазу (record) типінің ӛрістері сияқты;
Қасиеттер – объект сипаттамалары (параметрлері);
Тәсілдер – кластың ӛрістері мен қасиеттерін ӛңдеу процедуралар
мен функциялар;
Достарыңызбен бөлісу: |