Си++
Бұл бағдарламалау тілі 1980 жылы пайда болды. Оны құрастырған Бьяр Страуструп. Оның атауын ойлап тапқан Рик Масситти деген адам. Бұл Си атты бағдарламалау тілінің Си++ тіліне эволюциялық түрде кӛшуін білдіреді.
Си++ - бұл Си тілінің объектігі бағытталған кеңейтілген түрі.
Си++ үшін базалық тіл ретінде Си-дің таңдалды, себебі ол:
кӛпмақсатты, ықшамды және біршама тӛмен деңгейлі;
жүйелік бағдарламалаудың мақсаттарының кӛбісіне жауап береді; * UNIX бағдарламалау ортасында жарамды болып табылады.
Бағдарламалау тілдері тӛменгі деңгейден жылдар ӛте келе жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдеріне дейін дамыған. Осы даму барысында не жаңадан тілдер ойланып табылып немесе бұрын болған тілдерді жетілдіру арқылы жаңа бағдарламалау тілдерін жасаған. Осы бағдарламалау тілдері арқылы біз машинамен, яғни компьютермен қарым-қатынас жасауға, аз да болса бір-бірімізде түсінуге септігін тигізеді. Егер бағдарламалау саласындағы жаңаша технологиялардың даму қарқынын қарайтын болсақ, онда келешекте аса жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері пайда болатыны күмән туғызбайды.
Бағдарламалау тідерімен бірге бағдарламалау жүйесі де дамып келеді. Жүйелік бағдарламалау, оқиғалы-бейімделуші бағдарламалау, объектіге бағытталған бағдарламалау – олар алуан түрлі. Болашақта бағдарламалаудың жаңа, одан әрі жетілдірілген түрлері пайда болады деуге әбден болады.
Қандай да нақты жазылған қолданушы программалары басқа тілге түрлендіретін программаларды транслятор деп атайды. Трансляторларды екі топқа бӛлуге болады. Егер кіруші тіл сандық машиналық тілдің символикалық репрезентациясы болса, онда оны ассемблер, ал кіруші тіл ассемблер тілі деп аталады. Егер кіруші тіл жоғары деңгейлі тіл болса, ал шығатын тіл не сандық машиналық тіл, не оның символикалық репрезентациясы, онда транслятор компилятор деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |