«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы


Программалық жабдықтарды тестілеу. Программалық жабдықтардың сапасын тексерудің түрлері



бет85/105
Дата09.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76246
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105

2. Программалық жабдықтарды тестілеу. Программалық жабдықтардың сапасын тексерудің түрлері


Программалық жабдықтың ӛмірлік циклының бір кезеңін програмалық жабдықты тестілеу процесі құрайды. Программалық жабдықтарды тестілеу ӛте кӛп уақытты қажет ететін күрделі де ұзақ процесс. Программалық жабдықты тестілеудің мақсаты бұл құрылған программаның бастапқы техникалық тапсырмаға сәйкес толық рындалуын тексеру және оны қолданысқа енгізгенге дейін мүмкін болатын қателерін табу болып есептеледі. Тестілеу процесі программалық жабдыққа қатысты жасалатын валидация және верификация процесстерінің құрамына кіреді. Халықаралық ISO 9000:2000 стандарты бойынша, валидация (validation)- программалық жабдықтың қолданушының немесе тапсырыс берушінің нақты талаптарын дәл және толық қанағаттандыратындығын объективті фактілер негізінде дәлелдеу үшін жүргізілетін процесс. Верификация (verification)- программалық жабдықтың сапасына қатысты ішкі ережелер мен стандарттарға спецификациялардың сақталған- сақталмағандығына тексеру үшін жасалады. Мысалы, программалық жабдықты орындауға жіберіп, белгілі бір мәндер үшін шыққан нәтиженің дұрыс-бұрыстығын тексеру валидация процесіне жатады, ал программаны орындауға жібермей-ақ, оның кодын рецензиялау, синтаксистік жазылуларын тексеру және т.б. верификациялау процесіне кіреді. Қазіргі уақытта программалық жабдықтардың сапасын тексеру үшін жүргізілетін тестілеу процесстерін классификациялау бірнеше категориялар бойынша жасалған. Программалық жабдықтың ӛзін тестілеу объектісі ретінде қарастыратын тестілеу процесстеріне келесілер жатады:



  • функционалдық тестілеу (functional testing);

  • ӛнімділікке тестілеу (performance testing);

  • жүктемелерге тестілеу (load testing);

  • стресс-тесілеу (stress testing);

  • тұрақтылыққа тестілеу (stability / endurance / soak testing);

  • юзабилити-тестілеу (usability testing);

  • қолданушының интерфейсін тестілеу (UI testing);

  • қауіпсіздікке тестілеу (security testing); - локализацияға тестілеу (localization testing); - үйлесімділікке тестілеу (compatibility testing).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет