«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет1/39
Дата31.01.2022
өлшемі113,9 Kb.
#130265
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Философия конспектілер


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»

кафедрасы

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
____Философия____ пәні бойынша

1-тақырып: Кіріспе. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Дәрістің мақсаты – философиялық білімнің негізгі сипатын және философияның мәдениет жүйесіндегі орнын, адам мен қоғам өміріндегі рөлін пайымдау.
Дәріс сұрақтары:

  1. Ойлау мәдениеті. Философия – даналыққа құштарлық. Философия және дүниетаным.

  2. Философияның түрлері мен бағыттарының көптігі және философиялық пайымдау тәсілдерінің саналуандығы.

  3. Философияның зерттеу әдістері мен атқаратын қызметтері.


Кілт сөздер: ойлау мәдениеті, поэтикалық ойлау, риторикалық ойлау, софистикалық ойлау, диалектикалық ойлау, аподейктикалық ойлау, мифологиялық ойлау, логикалық ойлау, логика және алогика, философия, даналық, философиялау, философияның негізгі сауалы, болмыс, материя, сана, идея, рух, гностицизм, агностицизм.
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті болып табылады. Бірақ адам баласы қазіргі түсініктегі ойлауға бірден дағдыланғана қойған жоқ. Зерттеушілер, «Платон, – дейді, – сезімдік әсерлерге қарағанда, санада дамитын абстрактілі идеялардың әлдеқайда нақты болатынын терең түсінді. Біздің қоршаған ортамызда айрықша жаратылған әдемі дүниелер аз болғанымен, санамыз идеалды, мінсіз сұлулықты елестетуге мол мүмкіндік береді». Ол сұлулық, шындық, әділдік сынды дерексіз категориялар таза, мінсіз формалар немесе идеялардың рухани әлемі іспеттес өмірдегі шынайы ұғымдар деген қате пікірде болды. Дейтұрғанмен, қазіргі кезде біз оның тек адам миының жаңа танымдық қабілеттерін, сезімнен тыс ұғымдарды бейнелей алатын жаңа қасиеттерін сипаттағанын ұғынамыз.

Платонның айналасындағы бүкіл әлем осы аталған жаңа танымдық қабілет арқылы адамзат ойлап тапқан ақша, заңнама һәм риторика сияқты соны мәдени құралдарды пайдалана отырып, жаңа өркениетті құрғанына куә болды. Ол адамзат тарихындағы оқиғаларды қабылдаудың мұндай өркениеттің құрылысында маңызды рөлге ие екенін терең ұғынды. Өзгелердің өмірін елестетіп, олардың өз өмірлерімен ұқсастығын сезіну арқылы бейбітшілікте бірге өмір сүру қоғам мен мәдениет үшін жаңа адамзат әлеуетінің үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Ойша елестете білу ақыл-ойдың дамып, сезімдік нысандарды бұрынғыдан да нақтырақ бақылауға мүмкіндік берді. Бұл кезге дейін адамзаттың миы өміріне қауіп төнген кезде қорғану үшін барынша сақ һәм сезімтал болып келсе, азаматтық қоғамда өмір сүру адамның миын одан әрі дамытып, жаңа қатынас пен эмоциялық дағдылары арқылы әлеуметтік өмірге бейімдеп, сақтық қасиеті сезімталдық қасиетімен тығыз байланыста дамыды. Қауіп азайып, әлеуметтік байланыс дамыған сайын адамның саналы қабылдау қабілеті дами түсіп, ендігі жерде ол дүниеге қандай да бір нысан ретінде қарау қабілетіне ие болды. Яғни осы уақытқа дейін адамның миы өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында сергектікті қамтамасыз етіп, қатер төндіретін белгілерге әсер ету сезіміне назар аударып отырды. Жаңадан пайда болған азаматтық қоғамда өмір тәжірибелері адам миының одан әрі жетілуіне, айналасындағы әрекеттесуші әлеммен байланыстыруды қажет ететін жаңа қарым-қатынастық һәм сезімдік дағдыларды дамыту арқылы әлеуметтік өмірге бейімделуіне мүмкіндік берді. Қауіп-қатердің төмендеуі мен қоғамның ілгерілеуі сананың өсуіне, ақыл-ой әлеуетінің дамуына алып келді, әлемді нысан ретінде толығырақ ұғынуға және зерттеуге мүмкіндік берді. Азаматтық өмірдің қалыптасуы мен ғылымның дамуы бір мезгілде жүзеге асып отырды.

Аристотель, кейіннен оның ізімен әл-Фараби ойлаудың логикалық әдістері деп, адамзат баласы ойлауының – поэтикалық, риторикалық, софистикалық, диалектикалық және аподейктикалық ойлау болып беске бөліп, олардың осы ретпен тарихи қалаптасытынын тұжырымдады.

Философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Философия гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philеo – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Ал үнділерде философия сөзі ақиқатты көру мағынасын білдіреді. Бірақ қазірде “философия” деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр. logos – ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos – мән туралы ілім), гносеология (гр. gnosis – білім, таным туралы ілім), аксиология (гр. axios – құндылық туралы ілім) еді. Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді. Екіншісі, метафизикалық (гр. ta meta, ta phyzika деген екі сөзінен құралған) әдіс. Бұл – біріншіге қарама-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.

Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені философия – жалпы теориялық ілім. Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Әрине, ол үшін нақты ғылымдардың жетістіктерімен ұдайы қаруланып отыру қажет. Нақты ғылымдармен тығыз байланыс жасамайынша философия өмірден қол үзіп, алшақтап, схоластикалық ілімге айналады.

Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы. Ол философияның негізгі мәселесін әрқилы түсіндіретін түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардан тұрады.


Әдебиет

  1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

  2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

  3. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.

  4. Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.

  5. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.

  6. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

  7. Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов выс­ших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.

  8. Әдебиет теориясы: Антология. I том / Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 568 б.

  9. Мұхтар Әуезов «Философия жайынан» мақаласы https://el.kz/kz/news/archive/content-5427




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет