Кілт сөздер: ерік, еркіндік, еркін таңдау, жауапкершілік, қажеттілік, фатализм, волюнтаризм. Сократ, Аристотель, Августин, әл-Фараби, Бердяев, Сартр, Швейцер, Фрейд, Людвиг Витгенштейн.
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі. Абайдың «толық адам» концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Адам о баста табиғатпен туылса да, оған берілген еркіндік пен жауапкершілік, оны айналадағы болмысты зерттеп, тануға қызықтырады. Сондықтан бұларды иеленгендер қашанда белсенді позицияда тұрады. Таңдау еркіндігі арқылы әрекеттене отырып, адам тәжірибесін байытады, өзін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Олар өз еркімен әрекет етіп, ойлай алатын мүмкіндіктен тұрады.
Объективті әлемде біз өзімізден басқа бар нәрсені көрмейміз, тек, өзіміздің еркін әрекетіміздің ішкі шектелуін ғана байқаймыз. Еркіндік үшін алғышарт қажет, адам өз әрекетінде еркін, соңғы нәтижесінде қажеттілікке тәуелді. Адам еркіндігі мәселесі қазіргі таңда саяси және рухани өмірдің орталығында тұр, оған жету деңгейі қазіргі қоғаммен, оның жалпы мәдени дамуы демократиялығымен анықталады және өркениеттілігінің негізгі критерийі болып табылады. Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті ұғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итермелейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды. Еркіндік пен жауапкершілік мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропология, саясаттану, заң ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану пәндерінің орталық мәселесі ретінде көреміз.
Бұл категориялар адамзат дамуының әрбір кезеңінде, әр дәуірдің философтары, әлеуметтанушылары болсын, тіпті христиандық, ислам және буддизм дінінің өзі еркіндік мәселесіне өзінше қарап, өздігінше тұжырым жасаған, алайда мәселе күрделілігінің салдарынан толық шешілмеген және бұл ұғымдардың өзара байланысының әлеуметтік-философиялық, діни-этикалық аспектілері жайлы зерттеу жоқ, сондықтан біз осы мәселені көтеріп отырмыз.
Қаншалықты абстрактілі ұғым болса да, еркіндіктің нақты, тарихи және әлеуметтік жағдайда мазмұны бар. Еркіндік пен жауапкершіліктің байланысы адам болмысының әмбебаптық сипаттамасы. Қарапайым түсінікте еркіндік біреудің үстемдігінсіз өмір сүру, қалаған әрекетін іске асыра алу қабілеті болып саналады. Еркін таңдау, ерікті адам, ерікті ерік, азамат еркіндігі, еркін ойлар, еркін махаббат міне қарап тұрсаңыз, қоғамдық сана мен бұқаралық мәдениетте еркіндіктей анағұрлым қажетті де, лайықты ұғым жоқ та шығар. Сондықтан, адамзат үшін еркіндік пен жауапкершілік – мемлекет қайраткерлерінің, жастар субмәдениетінің риторикалық атрибуты болып саналады. Еркіндік пен жауапкершіліктің философиялық интерпретациясы әртүрлі түсіндірулермен байланысқан. Мұнда орталық мәселе ретінде, еркіндік пен қажеттілік арақатынасын алуға болады. «Краткий словарь философии права» кітабында жауапкершілікке мынадай анықтама берілген: «Жауапкершілік – тұлғаның әлеуметтік ортадан қоғам мен мемлекеттен нормативтік үлгіге сәйкестікті талап ететін этикалық-құқықтық категория». Жауапкершілік ұғымында әлеуметтік нормаларды ұстану үшін моральды – құқықтық санаға шақыратын мәжбүрлік сипат бар. Бұл біздің жоғарыда айтып кеткен анықтамамызға ұқсас болып тұр. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысы адамзат дамуының ажырамас бөлігі, олар материалды игіліктер мен ақпаратқа өзара айырбас жасаумен байланысты.
Әдебиет
Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.
Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.
Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.
Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.
Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов высших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.
Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том, Қазіргі заман философиясының бастауы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 394 б.
Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том, Қазіргі заман философиясы / Ғылыми ред. Нұрышева Г.Ж. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 420 б.
Жан-Поль Сартр - Дороги свободы (незавершённая тетралогия, 1945-49) https://librebook.me/the_age_of_reason/vol1/1
Фромм Э. Бегство от свободы. https://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Psihol/Fromm/_Beg.php
Бердяев Н. Философия свободы http://odinblago.ru/filosofiya/berdyaev/filosofia_svobodi
Достарыңызбен бөлісу: |