Үнді- будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық – діни үштікті құрады. 9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) 1. Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі. 2.Вавилон мәдениеті адамзат мәдениетінің ең көне орталығы. 3. Египет мәдениетінің құндылықтары:пирамидалар,мысыр жазуы,наным сенімдері. 4. Ежелгі Қытай мәдениетінің мәні:Конфуций,Дао,Будда ілімінің алатын орны. 5. Қытай иероглифтерінің мәдени тарихы.Ежелгі Қытай өнері. 6. Үнді мәдениетінің негізгі бағыттары,алғашқы философиялық мектептер. 7.Үнді эпостарының дүниежүзілік мәдениетттегі орны.Үнді халқының әдет ғұрыптары.»Махабхарата»мен «Рамаяна»поэмалары көне үнділік әдеби мұра. 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Пирамида,фараон,иероглифтер,сфинкс,Қосөзен,Месопотамия,Шумер-Аккад мәдениеті, Хаммурапии, Зороастризм, «Авеста», Конфуцийлік,Даостық,Веда, буддизм,Упанишада,индуизм,Тәж- Махал, Брахман, «Рамаяна», «Махабхаратта». 10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%) 1. Оқушыларды бағалау. Бақылау сұрақтары:
1. Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі.
2. Вавилон мәдениеті адамзат мәдениетінің ең көне орталығы
3. Египет мәдениетінің құндылықтары:пирамидалар,мысыр жазуы,наным сенімдері.
4. Ежелгі Қытай мәдениетінің мәні:Конфуций,Дао,Будда ілімінің алатын орны.
5. Қытай иероглифтерінің мәдени тарихы.
6. Үнді мәдениетінің негізгі бағыттары,алғашқы философиялық мектептер.
7. Үнді эпостарының дүниежүзілік мәдениетттегі орны.
8. Үнді халқының әдет ғұрыптары.»Махабхарата»мен «Рамаяна»поэмалары көне үнділік әдеби мұра.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы: Антикалық мәдениет. Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
№4- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Антикалық мәдениет. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты:Грек мәдениетінің мифология және ғарыштық пайымдауларға негізделіп дамуы, философиялық мектептердің пайда болуы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдар ерекшелігіне әсер еткеніне назар аудару;Антикалық мәдениеттің қазіргі заманғы еуропалық мәдениетті қалыптасуына тигізген әсерін талдау; *оқыту: Білім білік дағдыларын қалыптастыру. *тәрбиелік:Сұлулық тәрбиесі,өнердегі сұлулықты түсіне білу. *дамыту: Еріктілікті дамыту,танымдық қызығушылықты арттыру. 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000. 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1. Ежелгі Шығыс өркениеттерін ата? 2. Осы кезеңге жеткен тарихи- мәдени ескерткіштерін ата? 3. Конфуций ілімін ата. 4. Буддизм діні қашан шықты? 5. Касталық жүйе дегеніміз не? 6. Ғылым саласында қандай жаңалықтар ашылды? 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Тақырыбы:Антикалық мәдениет. Мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру. 1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі. 1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1.3. Оқулықпен жұмыс істеу. 1.4. Қорытынды. Ақпаратты – дидактикалық бөлім. 2. Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсері. 3. Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні.Спартандық тәрбие.Афина демократиясы және оның маңызы. 4. Антикалық Рим мәдениетіндегі сабақтастық және жаңашылдық.Гомер поэмасы.Римдік шешендік өнер.Цицерон. Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері,философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді.Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил,Софокл,Еврипид,Геродот,Фукидид,Демокрит,Платон,Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік өркениетте гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл халықтар бірін-бірі толықтырып отырды. Міне, сондықтан да болар, қазіргі Еуропа мәдениетінің іргетасын қалау – бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |