ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
«Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Мамандығы: -0304000 «Стоматология»
Біліктілігі – 030402 «Дантист»
Курсы: 2
Семестр: 3
Құрастырған: Оқытушы Тилепбаева А.К.
Шымкент 2014
Кафедра мәжілісінде бекітілді.
Хаттама № ________ 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі, бекітемін _______ Қ.Б Кемелбеков
Мазмұны
1...................................................Кіріспе.Мәдениет түсінігі мен оның мәні.4-6 2. .................................................Мәдениеттану теорияларының дамуы мен қалыптасуы.6-9 3...................................................Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон, Мысыр, Қытай, Үнді мәдениеті.9-11 4...................................................Антикалық мәдениет.11-13 5...................................................Еуропалық Қайта өрлеу және Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет.13-17 6...................................................Ортағасырлық араб парсы мәдениеті. 17-20 7. .................................................Ресей мәдениеті.20-26 8. .................................................Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттермен өркениеттер,қазақ мәдениетінің бастауы. 26-30 9....................................................Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет. 30-35 10..................................................Көшпелі өркениет құндылықтары.35-38 11..................................................Дәстүрлі қазақ мәдениеті.Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер.39-40
12. ..................................................Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі.40-44
13. ................................................ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. 44-46 14...................................................Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы.46-50 15. ..................................................Қазіргі Қазақстан мәдениеті.50-54 16. .................................................Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары. 54-59 17....................................................Конфуций Дао ілімі.59-61 18....................................................Будда мәдениеті.61-65 19. ..................................................Христиан өркениеті.65-67
20...................................................Ислам өркениеті.68-70
№1- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Мәдениет түсінігі мен оның мәні. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: Мәдениеттану заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың рухани адамгершілік, мәдени құндылықтар болмысын байытып, жалпы мәдени құндылықтардың маңыздылығын арттыра түседі.Мәдениеттану пәні адамзат мәдениетінің даму логикасын жеке адам санасының қалыптасуына бағытталған. *оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру). *тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау). *дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту. 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. 6. Әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000. 1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%) а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. б) Сабақтың мақсаты мен міндеті. 7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1.Мәдениет ұғымына анықтама бер. 2.Мәдениет дегенді қалай түсінесің? 3.Мәдениеттің қандай түрлері бар? 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Кіріспе.Мәдениет түсінігі мен оның мәні. мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру. 1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі. 1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1.3. Оқулықпен жұмыс істеу. 1.4. Қорытынды. Ақпаратты – дидактикалық бөлім. 1.Мәдениет ұғымы мен оның мәні. 2. Қоғамдағы мәдениеттің негізгі қызметі 3. Материалдық және рухани мәдениет 4 .Мәдениеттің мұрагерлік,адамды қалыптастыру қызметі. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім.Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым қатынасын зерттей отырып,адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |