Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қоғамтану» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет1/6
Дата14.09.2017
өлшемі1,02 Mb.
#32110
  1   2   3   4   5   6
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

«Қоғамтану» пәні бойынша әдістемелік нұсқау

Мамандығы: - 0302000 « Мейірбике ісі»

Біліктілігі: - 0302033« Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Курсы: 1

Семестр: 1-2

Құрастырған: оқытушы Тасболат А. Ж.

Шымкент-2014

Кафедра мәжілісінде бекітілді,

Хаттама № ________ 2014 жыл

Кафедра меңгерушісі, бекітемін _______ Қ.Б Кемелбеков

1 сабақ



І. Сабақтың тақырыбы: Филасофия қоғамның барлық саласын зерттейтін ғылым.

ІІ. Сағат саны -2 90мин (100%)

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық



ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға барлық ғылымдардан бұрын философия ғылымының пайда болғанын түсіндіру.

Ертеде адам пайда болысымен философиялық ойдын миффен байланыстырылып дамығанын түсіндіру.

Оқушыларды философияның зерттеу обьектісімен таныстыру. Философия ғылымының әдіс тәсілдерімен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды философиялық тұрғыдан тәрбиелеуге көңіл бөлу.

дамыту: оқушылардың философиялық көзқарасын қалыптастырып, дамыту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.



ҮІ. Ұиымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Қоғам дегеніміз не?

2.Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

3.Қоғамның қандай түрлерін білесің?

4. Биліктің қандай түрлерін білесің?

5.Қоғамның табиғаттан ерекшелігі неде?

ҮІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин ( 44% )

Тақырып жоспары:

1.Философия және оның маңызы

2.Философияның пайда болуы және оның зерттеу обьектісі

3.Философия -әдіснамасы

4. Ғылыми танымның жалпы ұстанымдары мен әдістері



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Әрбір адамның табиғатқа қоршаған ортаға, өмірге, дүниеге өзінің көзқарасы болады. Адамның дүниеге көзқарасын дүниетаным деп атаймыз. Дүниетаным-қоғамдық және тарихи құбылыс. Адам өмір бойы не үшін дүниеге келдім, менің дүниедегі орным қандай деген сұрақтарға үнемі жауап іздейді. Дүниені танып білу үшін адам үнемі сезініп түсіне білуі керек. Адамның дүниені тануы философия ғылымы арқылы орнығады. Философия адам қоғамында дүниеге біртұтас көзқарасты қалыптастыру қажеттілігінен пайда болады және дамиды.Философия жалпы қоршаған орта туралы білім береді.Дүниетаным аңыздық, діни, философиялық болып бөлінеді. Аңыздық және діни дүниетаным философияға дейін пайда болған.

Философиялық білімдердің бастауы б.з.д.YI-Y ғасырларда Қытайда, Үндістанда, Грекияда пайда болған. «Философия сөзін алғаш қолданған математик, философ Пифагор болды. «Философия» сөзі грек тілінен алғанда «даналықты сүю» деген мағына береді. Философия дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын, байланыстарын зерттейтін ғылым. Философия – дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философия барлық ғылымдардың атасы.

Философияда матерализм және идеализм деп аталатын сара бағыттар бар. «Материалист» деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал «илеалист» көтеріңкі рухани идеялармен сипатталатын индивидті айтады. Философия ғылымы дәрігерлерге, инженерлерге, банкирге т. б. мамандық иелеріне оқу қажет пе? деген сұраққа ежелгі грек философы Эпикур былай деген екен: «Кім болса да жас кезінде, филосфиямен айналысуды кейінге қалдырмасын». Себебі бұл ғылым адамның дүниеге көзқарасын дүрыс қалыптастырады, мәселені дұрыс шешуге, өзін жетілдіруге, қиындықты жетілдіруге тәрбиелеп үйретеді.

«Әдіс» ұғымы белгілі бір міндетті орындау үшін таңдап алынған жол деген ұғымды білдіреді. Барлық адам бір нәрсені орындау үшін алдымен жоспарлап, қалай жүзеге асырса дұрыс орындалады деп ойланады. Жоспары дұрыс орындалса уақытын үнемдейді. Бір істі орындаудың жүздеген әдісі болуы мүмкін. Әдіс гректің методос–әдіс, логос-ілім деген сөздерінен шыққан. Әдіснама философияның бір саласы ретінде дамып келеді. Ғылыми танымның ауқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Олар: жеке, жалпы ғылым, және жалпылама. Жеке әдістер деп тар шеңберде жүргізілетін әдістерді айтамыз. Ал жалпылама, ғылыми жалпылама әдіс ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады.

Танымның жалпы логикалық әдістері: Оған анализ, синтез, индукция, дедукция жатады. Анализ дегеніміз- обьектіні бірнеше бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде анализ жасау кезінде бөлініп тасталған құрамдас бөліктері қайта біріктіріліп зерттеледі. Индукция ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға бағытталуын сипаттайды. Аналогия әдісі деп салыстыра отырып зерттеуді айтамыз.



ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6 % )

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Философия қоғамның барлық саласын зерттейтін ғылым.

6. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6 % )

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Философия ғылымы ғылымдардың атасы.

2. Философия ғылымының әдіс тәсілдері.

2сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Адамның шығу тегі мен өмірінің мәні.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға адам туралы жалпы түсінік беру; «адам -ақыл иесі, сана иесі , адамгершілік иесі» екендігін толық жеткізу;

тәрбиелік: адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру , оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, қалыптастыру, дағдыландыру;

дамыту: жеке адамның құрылымы, оның әлеуметтену кезеңі, оның маңыздылығын, адамның қажеттіліктері мен мүдделерін айқындауға үйрету;

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Философия ғылымы қандай ғылым?

2.Қоғам дегеніміз не?

3.Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

4.Қоғамның қандай түрлерін білесің?

5.Қоғамның табиғаттан ерекшелігі неде?

3.Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин ( 44% )

1.1 Тақырып жоспары:

1.Адам туралы түсінік.

2.Жеке адамның құрылымы.

3.Адаммның мүдделері мен қажеттіліктері.

4. Адам –ақыл-ой иесі.

5. Адам және адамгершілік.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Жаңа заман ойшылдары адамға мынадай анықтама береді: «Адам –ақыл иесі», «Адам сана иесі», «Адам –мораль және бостандық иесі». Ақыл, сана және бостандық адамның адамдық, жігерлігінің абстрактылы сипаттамасы.

Еңбек арқылы пайда болған тіл ойлау мен сөйлеуді тудырды. Тілдің негізінде сөз жасалды. Сөз арқылы, сөйлеудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы жоғары тиімділікке ие болады.

Тілдің материалдық негізі адамды қоршаған дүниеде. Адамдардың табиғаттан бөлініп шығуы да тілдің пайда болуына байланысты.

Адам жаратылысынан іс-әрект етуші, оның барлық ерекше қасиеттері еңбектің нәтижесінде, тарихи дамумен қалыптасқан.

Өмір сүрудің адамдық, ерекше тәсілі-еңбек. Ол өзінің пайда болуынан бастап біріккен ұжымдық іс-әрекет сипатында болады.

Адамның сапасы мынадай сипаттарда көрінеді. Олар құралдың көмегімен құрал жасайды және оны материалдық игіліктерді жасауға пайдаланады, қайырымдылық пен ашудың қарама–қайшылығын түсінеді; тарихи дамыған қажеттілік пен еңбек дағдысын бойына сіңіре біледі. Қоғамнан тыс қалыптаспайды және өмір сүрмейді.

Сонымен қатар адам туралы ұғымда басқа да көптеген өзара жақын түсініктер бар: «адам», «индивид» («жеке адам»). Индивид-жеке адам ұғымы белгілі бір әлеуметтік бірліктің жеке өкілі ретіндегі адамды білдіреді. Бұл ұғым сол қоғамның, маңызды белгілерін көрсететін болғандықтан әрбір адамға қолданыла береді, жеке адам адамның айқын мәнін көрсетеді. Жеке адамдағы басты нәрсе-оның әлеуметтік сапасы. Сондықтан жеке адам деген ұғымға ие болу үшін ол адам әлеуметтік сападағы қызметпен айналысу керек. Белсенді, саналы ісі арқасында индивид (жеке адам) бірте-бірте жеке тұлғаға айналады. Сөйтіп оның әлеуметтік сапасы анықталады.

Кез- келген адамның ерекше биологиялық және психологиялық сипаты болады. Ол оның тәртібін анықтамайды, жекелік, даралық сипат береді.

Адам тумысынан бүкіл адамзаттық сапаларға ие болып тумайды, биологиялық құрылым болып туады. Адам болып әлеуметтенілу барысында қалыптасады. Кең көлемде алғанда, адамдық мәдениетті қабылдау барысында адамның табиғатында мәдениетті қабылдайтын, қоғамға ене алатын әлеуметтік сапа қалыптасады.

Адамның адам болып қалыптасуына шешуші әсер ететін жағдай бірліктегі ұсақ әлеуметтік топтар ( отбасы, достары, мектеп және еңбек ұжымы, т. б.). Адамға табиғат тумысынан бірсыпыра қабілеттерді берсе де, адам организімі адамдық мазмұнды әлеуметтенілу арқылы қабылдайды. Әлеуметтенілу процесі барысында тәрбие беретін топтар (отбасы, мектеп, достар) адамда мәдени құндылық жүйесін қалыптастырады.

Әлеуметтенілу –адамды адам етіп қалыптастыру екі кезеңнен тұрады: кәмелетке жеткенге дейінгі және кәмелетке жеткеннен кейінгі.

Қажеттілік пен мүдделілік-адам іс-әрекетінің қозғаушы күші. Қажеттіліктің екі түрі бар: табиғи қажеттіліктер және қоғамдық қажеттіліктер. Табиғи қажеттілік дегеніміз – адамның тамаққа, киімге, баспанаға, т. б. деген күнделікті мұқтаждары. Ал қоғамдық қажеттіліктерге адамдардың еңбек қызметіне, әлеуметтік белсенділігіне, рухани мәдениетке, т. б. деген қажеттіліктері жатады.

Қажеттіліктің бұлардан басқа да биологиялық және әлеуметтік түрлері бар. Бұған жататындар: отбасын құру, қоғамдық бірлікте ( топта, игнституттарда, ұйымдарда, т. б.) өмір сүру, өндіріс және өндірістен тыс, тұтас алғанда қоғамның өмір сүру саласына ену.

Адамның қажеттіліктерінің ең жоғарғы деңгейі – құндылықтарды тану және оларды қабылдау болып саналады.

Мүдде мен қажеттілік арқылы адамның тәртібі, мазмұны мен мақсаты қалыптасады. Мүддені мақсатқа айналдыру- адамның іс-әрекетінің жоғары көрсеткіші.

Жеке адам-белгілі әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес оның себепшісі де. Әрбір жеке адамның өзінің идеясы мен мақсаты, ойы мен сезімі болады. Бұл оның тәртібінің мазмұнын, дараланған сапасын анықтайды. Ал қоғам үшін маңыздысы оның жеке тәртібі көрінетін сапасы емес, іс-әрекетінен де көрінетін әлеуметтік ой санасы мен сезімі.

Әрбір адамның қоғамда өзіндік мәртебесі яғни қоғамдағы орны бар. Сонымен қатар, әрбір адамның әлеуметтік рөліне қарай тәртібі де әр түрлі. Мәртебе және әлеуметтік рөл тікелей өзара байланысты: мәртебе (статус) –қоғамдағы белгілі орны және соған байланысты құқығы мен міндеттерінің жиынтығы; рөл мәртебенің динамикалық, тәртіптік жағы.

Бала әлеуметтік рөлді орындау арқылы мәдени идеалға ұмтылу барысында өзін қоршаған ортадан бөледі, өзінің даралығы, «мен» деген ерекшелік көзқарасын қалыптастырады. Бұл-жеке тұлға болып қалыптасудың маңызды кезеңі әрі оның мәнді, құрылымдық элементі.

Жеке адамның ерекшелігі төмендегідей болады:

Әрбір жеке адамның биологиялық және психологиялық сипаты болады, олар оның тәртібін анықтамайды, оған даралық қасиет береді. Әлеуметтенілу нәтижесінде адам организмі адамдық тұлғаға айналады, яғни әрбір адам мәдени мұраттарды қабылдайды, көптеген әлеуметтік рөлдерді орындайды, «мен» деген тұжырымды, өз тәртібінің негізін қалыптастырады. Адамның бұл сапалары бірін-бірі толықтырады. Егер де адамда осындай қасиеттер қалыптасса, ол-басқалар мен әлеуметтік қатынаста бола алатын, шын мәніндегі жеке тұлғаға айналмақ.

Біз адам туралы жалпы түсінік бергенде, адамды-ақыл ой иесі дедік. Ақыл-ой шындықтан шығады және ол шындыққа айналып отыратын процесс. Ақыл-ой адамдардың тарихи -қоғамдық қызметімен тікелей байланысты. Сондықтан да адамдардың санасынан туатын тарихи қажеттілікпен сәйкес келеді. Адамдардың материалдық-өңдірістік қызметінің нәтижесінен туған ақыл-ой адамзат іс-әрекетінің, таным процесінің еркін әрі шығармашылық сипатта екенін көрсетеді. Бірақ адамдар барлық уақытта ақыл-ой биігіне жете алмай қалуы мүмкін. Ақыл-ой халықтың, әрбір ұлттың рухымен тығыз байланысты. «Ақыл -ой дегеніміз -рух» деген Гегель.

Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс т. б.

Қоғамдық қатынастың қайсы кезеңінде де адамдар қарым-қатынасының негізінде туған адамгершілік принцптері сақталды және ол қоғам өмірімен байланысты болды. Мейлі ол құл, шаруа жүмысшы болсын, олардың арасында адамгершілік қасиеттері сақталды.

Имангерлік және адамгершілік өзара тікелей байланысты. Имангерлік- жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті.

Адамгершілік қасиеттері отбасында, ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс-әрекеті барысында бір-бірімен қатысуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибемен байланыста қалыптасып, дамиды. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақал бар. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қалыптаспайды.

Адамның адамгершілігі –оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің, бірі- өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай,- өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Досына достық- қарыз іс, дұшпанына әділ бол».

Адамда асыл қасиеттер мен бірге жағымсыз қасиеттерде болады. Олар – жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сарандық, пайдакүнемдік, қорқақтық, мақтаншақтық, қулық, екіжүзділік, қатыгездік, ашу, ыза, жарамсақтық т.б.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау. 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Адамның шығу тегі мен өмірінің мәні.

6. Үйге тапсырма беру. 5мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Адам-адамгершілік иесі, оның категориялары.

2. Жеке адам, оның әлеуметтенілуі.

3сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Сезімдік таным мен рационалдық.

ІІ. Сағат саны – 2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға алдымен өзін-өзі тану қажеттігін түсіндіру.

тәрбиелік: қоршаған ортаны қоғауға, тануға тәрбиелеу.

дамыту:танымның өзі сезімдік және рационалдық таным болып бөлініп бір-бірімен байланыса отырып қызмет атқаратынын түсіндіру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Жеке адамның жеке тұлғадан айырмашылығы?

2. Адамның қажеттіліктеріне не жатады?

3.Адамгершілік қасиеттерге не жатады?

4. Ақыл дегеніміз не?

5. Бақыт дегеніміз не?

6. Адамның жануардан айырмашылығы неде?



ҮІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин ( 44% ) мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1 Тақырып жоспары:

1.Таным туралы түсінік.

2.Танымның түрлері.

3.Сезімдік таным мен рационалдық таным.

4. Түйсік туралы түсінік.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Таным дегеніміз- қоршаған дүниені тануға және бұл дүниедегі өзін - өзі тануға бағытталған адам қызметінің арнайы түрі. Таным қызметі сезім органдары арқылы ақпарат алу, алынған ақпараттарды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады. Сезімдік таным мен рационалдық таным бір - бірімен тығыз байланысты болып табылады. Олар бір-бірінен ажырамайды, яғни практикадан тыс қалмайды. Сезім органдарының қызметі үнемі ақылмен бақыланады. Ақыл болса бастапқы берілген ақпараттың негізінде қызмет атқарады.

Сезімдік таным және оның формалары: түйсік, қабылдау және түсінік. Сезімдік таным бес түрлі сезім органдары арқылы ақпараттар алумен жүзеге асырылады. Сезімдік танымның негізгі формаларына: түйсік, қабылдау және түсінік жатады.

Түйсік дегеніміз – заттың белгілі бір сапалық жағын алға қойып көрсетуден тұрады. Ол сырттағы заттардың сезім мүшелеріне әсер ету арқылы пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың түсі, ашықтығы туралы түсінік береді. Есту түйсігі қоршаған ортадағы дыбыстарды адамға жеткізеді. Тері арқылы біз қоршаған ортадағы температураны, түрлі материалдық факторлардың әсерін сезінеміз. Ал иіс, дәм тамақтың құрамы туралы мағлұмат береді. Адамның организміндегі сезім органдары қоршаған ортаны тан

Қабылдау дегеніміз – зерттелінетін обьектінің тұтас бейнесі, бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс істеуінен пайда болады. Адам қабылдау арқылы тұтас бір затты толығымен елестете алады.

Түйсік және қабылдаудың жиынтығынан түсінік пайда болады. Түсінік дегеніміз - өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, қазіргі сәтте қорытылған сезімдік бейнесі. Егер қабылдау мен түсінік адам көрген кезде жүзеге асырылатын болса, ал түсінік көріп боғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Мысалы: алма жеп болған соң бірнеше уақыт өткен соң біз оның көлемі, түрін, түсін есімізге түсіріп түсіне аламыз.

Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және оның болмысына үнілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз –жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғымның қалыптасуы -күрделі үдеріс.

Ұғымдар затты ғана айқындамайды, олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын да айқындайды.

Пікір – заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы. Ой қорыту –логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ой қорыту белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Ой қорыту күнделікті және ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорыту келешекті болжау үшінде маңызды. Сезім мүшелерінің күші жетпеген кезде ой қорыту үлкен маңызға ие болады.

ІХ.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

Х.Сабақты қорытындылау: 5мин(6%)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Сезімдік таным мен рационалдық .

6. Үйге тапсырмаберу. 5мин(6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Таным туралы жалпы түсінік.

2. Таным мен сананың байланыстары.

4сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: : Логика адамның ойлау қабілетін зерттейтін жеке ғылым.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға логика ғылымының зерттеу обьектісі туралы түсіндіру.

тәрбиелік: адам көп оқу арқылы ойын, пікірін, ақылын білімін жетілдіретінін айтып, тәрбиелі тұлғаға айналу керектігін жеткізу.

дамыту: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Таным дегеніміз не?

2. Сезімдік таным дегеніміз не?

3. Сезімдік танымның формаларын ата.

4. Қабылдау дегеніміз не?

5.Ойлау дегеніміз не?

6. Жеке тұлға болып қалыптасуда танымның атқаратын қызметі?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44%)

1.1 Тақырып жоспары:

1. Логика ғылымы туралы түсінік.

2.Ұғымның жалпы сипаттамасы.

3.Ұғымның түрлері.

4.Пікір-ойлау формасы.

5. Ойлаудың логикалық заңдары.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Логика ғылымы-адамның ойлау қабілетін зерттейтін пән. Басқа ғылымдардан айырмашылығы ойлауды ұғым құралы ретінде қарастырады. Логика дегеніміз - адамның ойлауы топтасатын формалар мен олар бағынатын заңдар туралы философиялық ілім. Ойлау қасиеттерін зерттейтін өзге пәндерден айырмашылығы –логика ойлауды формасы жағынан алып қарастырады. Сондықтан кейде формальды логика деп аталады.Формальды логика мазмұнына мән бермей, тек жалпы тәсілін жіктей отырып зерттейтін ғылым.

Ойлаудың негізгі формалары –ұғым, пікір және ой қорытынды. Логика –адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жету үшін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика сөз, сөйлем мағынасын анықтауға, сөйлесу кезінде қолданылатын сөздердің мағынасына тереңдеп үңілуге үйретеді.

Ұғым туралы мәселені біз «белгі» ұғымын қарастырудан бастайық. Белгі дегеніміз –заттардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы. Заттың мәнін айқындайтын белгілерді мәнді белгілер, ал мәнін айқындай алмайтын белгілерді мәнсіз белгілер деп атаймыз.

Ұғым деп заттарды мәнді белгілерімен бейнелейтін ойлау формасы.

Кез келген заттың мазмұны мен көлемі болады. Бір зат туралы ойлағанымызда ең бірінші сол заттың мәнді белгілері ойымызға түседі. Мысалы: квадрат дегенде ең бірінші тік бұрышты болумен, тең қабырғалығымен еске түсіреміз.

Ұғымдарды мазмұны мен көлемі жағынан төрт түрге бөлуге болады. Көлеміне қарай ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Дара ұғым деп көлемі жағынан бір ғана затты білдіретін ұғымды айтамыз. Жалпы ұғым деп көптеген біртекті заттарды білдіретін заттарды айтамыз. Жалпы ұғымдар тіркелетін және тіркелмейтін ұғымдар болып бөлінеді. Тіркелетін ұғымдарға тіркеуге болатын ұғымдарды мысалы: («Қазақстан қалалары», «Абай шығармалары»). Тіркелмейтін ұғымдарға санын анықтауға болмайтын заттарды қамтитын ұғымдар жатады.

Заттардың жиынтығын білдіретін ұғымды нақты ұғым дейміз. Ал заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін ұғымдарды абстрактілі ұғымдар дейміз. «Тау, өсімдік, үй, кітап, қасық» дегендер нақты, ал «қулық, зұлымдық, кең пейілді» деген ұғымдар абстрактілі ұғымдар деп аталады.

Ұғымдар қатынасты және қатынассыз ұғымдар болып бөлінеді. Қатынассыз ұғымдарға «студент, мемлекет» ешқандай ұғымға қатынасы жоқ ұғымдар жатады. Бір-біріне қатынасы бар заттарды қатынасты ұғымдар деп атаймыз. Мысалы: «әке-бала», «мұғалім-оқушы». Ұғымдар салыстырылатын және салыстырылмайтын болып бөлінеді. М: «Қазақстан Республикасы» мен «Өзбекстан Республикасы». Салыстырылатын ұғымдар сыйысатын және сыйыспайтын ұғымдар болып бөлінеді.

Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашып беретін логикалық операция айқындама («дефиниция–айқындау) деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге бөлінеді. Номиналды айқындау деп сол терминнің өзіне сүйеніп, жаңа термин енгізуді айтамыз. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама «реалды» деп аталады.

Ұғымды бөлу дегеніміз-ұғымның көлемін ашып беретін логикалық әрекет. Ұғым мен сөз бір-бірімен тығыз байланысты. Ұғым ойдың логикалық формасы, ал сөз оның тілдік граматикалық көрінісі.

Пікір дегеніміз затпен белгілер арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда күрделі болады. Себебі ұғым пікірдің құрамына кіреді.

Ойлау ұғым мен пікірдің нәтижесінде пайда болады. Ой қорытынды –бір немесе бірнеше пікір қоспасынан шыққан жаңа пікір түріндегі ойлау формасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет