ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Ұлыстар аумақтары
Інжулік жерлер
- Шыңғыс ұрпақтарына жасау сыйы ретінде берілген жерлер
Жошы ұлысы
- Жошы-Шыңғысханның үлкен ұлы. 1224-1227 жылдары Жошы ұлысын биледі.
- Жошының балалары: Орда-Ежен, Батый, Берке,Тоқа Темір, Шайбани
- Оның ұлысына: шығысы- Ертістен батысы-Еуропаға дейінгі, бүкіл Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі
ағысы, Жетісудың солтүстік- шығыс бөліктері қарады.
- Ордасы Ертіс алқабында болды, басқа деректерде Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында деп көрсетіледі.
Шағатай ұлысы
- Шағатай-Шыңғысханның екінші баласы.
- Шағатай балалары: Мутуген, Муше, Батшашақ, Сағынлаға, Сарыманас, Бұсысұңға, Байдар.
- Жошы ұлысына Жетісу, Мәуереннахр мен Қашғар (Шығыс Түркістан) жерлері кірді.
- Ордасы –Алмалық қаласы. Жазғы ордасы Іле бойында Құяш деген жерде болған.
Үгедей ұлысы
- Үгедей- Шыңғысханның үшінші ұлы.
- Үгедей балалары: Күйік, Қодан, Күшу, Қашы, Қадан.
- Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер қараған.
- Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.
Төле ұлысы
- Төле –Шыңғысханның төртінші баласы
- Төленің балалары: Мөңке, Құбылай, Хулагу, Арықбұға
-Төле кенже болғандықтан Моңғолия жерін билеген.
Ұлыстардың құрылуы
Жошы ұлысы
Шағатай ұлысы
Үгедей ұлысы
Төле ұлысы
Шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі аймақты қамтыды
Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері
Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер
Монғолиядағы өз жерін қамтыды
2.17 АЛТЫН ОРДА
(1242 - 1502 жылдары)
Алтын Орда
- Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі аралық. Моңғол империясының төрттен бір бөлігін Жошы ұлысы құрады.
Оңтүстіктегі шекарасы Сырдарияның орта ағысы мен Әмударияны қамтыды.
- Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекет.
Территорисы
- Сарай Бату – 1243 жылы Бату хан салдырған. Астрахань облысында (Ресей) орналасқан.
- Сарай Берке – 1260 жылы Берке хан салдырған. Волгоград облысында (Ресей) орналасқан.
- Алтын Орда қалалары қамал-қорғандардың болмауымен ерекшеленеді.
Астаналары
- Алтын Орданың құрамын қыпшақ тайпалары құрады.
- Қазақстан аумағындағы моңғолдар ХІV ғасырда түркіленді.
- Алтын Орда атауы орыс деректерінде ХVІ ғасырдың соңында пайда болды.
- Алтын Орда әскері – 70 түмен (700 мың)
Құрамы
Жошы ұлысы
Оң қанат
Сол қанат
Батый хан
Орда Ежен
Дешті Қыпшақтың солтүстігінен Батыс жеріне дейін
Дешті Қыпшақтың Шығыс бөлігі
Алтын Орда
Ақ Орда
Қоғамдық құрылысы
1. Алтын босағалы Алтын Орда ‒ Батый хан билігі;
2. Күміс босағалы Ақ Орда ‒ Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен ұлы);
3. Болат босағалы Боз Орда – Шайбан хан иелігі (Жошының бесінші ұлы).
Үш Ордаға
бөлінген
1. Оң қанаты – Еділ бойынан Дунайға дейінгі аумақ. Орталығы Еділдің төменгі ағысында орналасты, оны Бату
ұрпағынан шыққандар басқарды;
2. Сол қанат – Шығыс Дешті Қыпшақ пен Сырдария алқабы. Орталығы – Сығанақ қаласы, оны Орда Ежен мен
оның ұрпақтары басқарды.
Екі бөлікке бөлінді
- Құрылтай – ақсүйектердің жалпы империялық кеңесі. Құрылтайда таққа отырғызу рәсімдері жасалды.
- Шыңғысханның «Жасағы» басшылыққа алынды.
- Мұсылман құқығы – шариғат біртіндеп ене бастады.
Заң-ережелері
- Хандық өкімет – Жошы ұрпақтарының қолында болды
- Сұлтандар – ханнан кейінгі ең жоғарғы топ.
- Тархандар – империядағы әскери ақсүйектер.
- Диуан – ең жоғарғы атқарушы орган. Мемлекеттің ішкі істерін атқарды. Диуан басында уәзір тұрды.
- Әмір – ұлыстың аумақтық бөліктерін билеуші.
- Беклербек – әскери істерді басқарушы.
- Уәзір – азаматтық істерді басқарушы.
- Ноян – тайпа көсемі.
- Мәлік – түрік әулетінен шыққан жергілікті билік басшысы.
- Даруға – салық жинаушы, халық санағын өткізуші.
Ұлыстық жүйе
қалыптасты
- Басқақтар – ханның жаулап алған елдердегі өкілдері. Басқақтың жанында қарулы жасақ болды. Орыс князьдік-
терінде «татар слободасы» деген атпен белгілі.
- Білікшілер – хатшылар, жазу істерін жүргізді. Алтын Ордада жазу істерін түрік жазуымен жүргізген.
- ХІІІ ғасырдың соңында алым-салықты жергілікті ақсүйектер жинады.
122
Достарыңызбен бөлісу: