ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
247
Мағжан Жұмабаев
(1893‒1938 жылдары)
- Ақын, аудармашы, педагог.
- Еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын.
- Уфадағы «Ғалия» медресесін бітірген.
- Омбы мұғалімдер семинариясында білім алды.
- «Бірлік» ұйымының жұмысына араласып, «Балапан» журналын шығаруға қатысты.
- 1923-1927 жылдары Мәскеуде көркемөнер институтында білім алды.
- 1927 жылдан бастап мұғалімдік қызыметпен білім берді.
- 1929 жылы айыпталып 10 жылға сотталып,. 1936 жылы бостандыққа шықты.
- 1937 жылы репрессия жылдары қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылды.
- 1912 жылы Қазанда «Шолпан» өлеңдер жинағы, кейін «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қия-
сында», «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жөні», «Сауатты бол!», «Әліппе», «Оқу-жазуға үйрету»,
«Ересектерге оқу кітабы» еңбектерін шығарды.
Жүсіпбек Аймауытов
(1895-1930 жылдары)
- Көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы, педагог, «Алаш» партиясының мүшесі.
- 1904-1911 жылдары Баянауылдағы ауыл шаруашылық семинариясында білім алды.
- «Қазақ тілі» газетінің редакторы, «Ақ жол» газетінің әдеби қызметкері.
- Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметінде болды.
- 1929 жылы тұтқындалып, 1930 жылы атылды.
- «Қанапия мен Шәрбану», «Мансапқорлар», «Бақыт әуені», «Шернияз», «Қартқожа», «Ақбілек» еңбектерінің авторы.
Сұлтанмахмұт
Торайғыров
(1893-1920 жылдары)
- 1912 жылы Троицкідегі медреседе білім алады.
- 1913 жылы «Айқап» журналының хатшысы қызыметін атқарды.
- 1917 жылы «Алаш ұранын» жариялады.
- «Оқып жүрген жастарға», «Талаптарға», «Оқудағы мақсат не», «Шәкірт ойы», «Қамар сұлу» шығармаларын жазып
қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |