Большевиктік режім осылайша қазақ ұлт-азаттык қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды. Қазақ қоғамы мәскеулік биліктің ұлт-азаттық қозғалыс басшыларына көпе-көрнеу жасаған қиянатын көзімен көрді, ендігі уақытта оның айтқанына көнбеген күнде сол алашордалықтардың кебін киетіндігін жаксы түсінді.