Қазақстан тарихы нұсқау


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет2/4
Дата26.12.2021
өлшемі37,21 Kb.
#105688
1   2   3   4
Байланысты:
1-вар
тест Пробный, 20.01.Акушерия, 1-вар, Сауат ашу Жауап парағы, ҚПК, 3 сурактар, 3-4н. Практикалық сабақ 4-5, сүт хассп (копия), хассп сүт басқару, снежок басқару
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ















ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

Тек бір ғана жауабы дұрыс. Жалпы 20 сұрақ – 20 балл.
1-мәтін

Бауырсақ

Шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та, ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.



  1. «Шикі» сөзіне қарсы мәндес сөз

A) шала

B) піскен

C) піспеген

D) қамыр


E) ашытқы

  1. Бауырсақ қай жағдайда көпке шыдайды?

A) ашытпай пісірсе

B) ашытып пісірсе

C) бетін жауып қойса

D) оты қатты жанса

E) үздіксіз араластырмаса

2-мәтін
Ерте замандардың бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бұл күнде құм арасында қалған бір қаланы қоршап алыпты. Қорғаннан өте алмаған жау қалаға келетін ауыз суды тоқтатып, қамаудағы халықтың берілуін күтіпті. Қала жым-жырт. Бірнеше күн өтсе де, қалаға кіргізер нышан байқалмапты. Сонда дұшпанның әскербасы жарлық шығарған:

– Қаладан көтергенінше зат алып әйелдердің кетуіне рұқсат!

«Ерлері жоқ әйелдер бәрібір ұрпақ өрбітпейді, бұл халықты осылай құртамыз», – деп жау өз үкіміне масайрапты.

Қаланың байлығын таласа-тармаса бөліскен жау енді еркек атаулыны құрту үшін азаматтарды іздесе, қаланың бірде-бір үйінде жан жоқ!

Әйелдер бір-бір ер азаматты қапқа салып алып кеткен екен. Кішкене қыздар ер балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп кетіпті. Бір халық осылай аман қалыпты дейді.

(Фариза Оңғарсынова)


  1. Мәтіндегі масайрады сөзіне мағыналас сөзді белгілеңіз.

А) дәріптеді

В) бұйырды

С) балағаттады

D) мақтанды

E) шегінді


  1. Мәтін қай қатарға жатады?

А) эссе

В) роман

С) проза

D) аңыз


E) мақала

  1. Мәтінге сай тақырыпты белгілеңіз.

А) Дұшпандардың қулығы

В) Қорғансыз халық

С) Қапыда қалған жау

D) Әйелдер мен еркектер

E) Тоналған қала


  1. Мәтіннің тұжырымы:

А) Еркектер ақылды

В) Әйел қулығы 40 есекке жүк

С) Айлалы дұшпан

D) Табиғат заңы



E) Халық қорғаны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет