Қазақстан тарихы нұсқау



бет3/4
Дата26.12.2021
өлшемі37,21 Kb.
#105688
1   2   3   4
Байланысты:
1-вар

3-мәтін

Балапан ұясы
Бүркітті құсбегілер әртүрлі жолмен қолға түсіреді. Соның негізгі тәсілі бүркітті балапан кезінде ұядан алу. Бүркіт ұясын адам баласы оңай бара алмайтын, аса биік шың-құздың басына, жалама жартастарға салады. Кәнігі құсбегілер бүркіттің балапанын ұядан алу үшін ұзақ уақыт аса мұқият бақылап тексереді. Ұябасардың қай жақтан ұшып шығып, қайда барып, қалай қайтқаны – бәрі-бәрі аса мұқият бақыланады. Ақылды құс балапанына жем тасығанда өте қырағылық танытып, сақтықпен барынша құпия ұшады. Мысалы, ұядан ел көзіне түспей өте ерте ұшады немесе ұясын құпия ұстау үшін жемді ұяның жақын маңынан емес, барынша ұзақтан тасиды. Сол сияқты ақылды бүркіт ұясына жем әкелгенде дағдылы бір бағытпен келмейді және жемнің өзін үнемі бір жақтан әкелмейді, ұяға жақындаған кезде бой тасалап, сайды өрлей, жер бауырлай ұшып ұяның астынан жасырын тік көтеріледі. Нағыз қыранның ұясын табу оңай-оспақ жұмыс емес. Кейбір бүркіт ұя маңынан адамды көріп қалса, балапанын басқа жаққа көшіріп әкетеді. Ұядағы жұмыртқа жалғыз болса оны жалқы балапан деп атайды. Бұл қыран болудың бір белгісі деп есептеледі. Қыран бүркіттер жалқы балапаннан көбірек шығады. Ел аузында «жалғыз туса жан алар» деген сөз бар. Егер ұяда бірі үлкендеу, бірі кішілеу екі жұмыртқа болса, құсбегілер үлкендеуін ұябасар деп кішілеуінен бұқатана балапан шығады деп есептейді де, ұябасар жақсы өсіп жетілсін деп бүркіт жоқта ұядағы жемге ортақтасатын бұқатана жұмыртқаны алып тастайды. Бүркіт балапанында – сары аяқ, сары тұмсық болады. Өсе келе әртүрлі түске өзгереді. Бірақ, қырағы құсбегілер құсты осындай балапан кезінде-ақ назар салып, болашақта қандай құс болатынын парықтай алады. Балапан ана тәрбиесінде өсіп қана қанаттанады. Әбден ұшарға таяғанда ұстамаса, ақ үлпек кезінде ұядан алған балапан кенжелеп орыннан тұра алмайтын тілерсек дертіне шалдығуы мүмкін. Ұядан алған балапанды үйге әкелген соң үйшік жасап, бөлек баққан абзал. Үйшіктің есігін жауып, жемді төбесіндегі жарық түсетін тесіктен берген дұрыс. Балапан жемге тойғаннан кейін үйшікті тазалап, суды жаңалап қояды. Өйтпесе, ескірген жем жеп, борсыған су ішкен балапанға індет жұғады. Балапан есейген соң артқы екі тегеуіріне баулық бау тағып, айналсоқ жасап, саздауыт жазық жерге тұғыр орнатып, ұзын жіппен арқандайды. Жемді әбден қараңғы түскенде жақындатып қойса, таң атқанша жеп бітіреді. Бұлай тәрбиеленген балапан орынсыз піштактап шақырмайды әрі жемге таласып адаммен қарсыласпайды. Дала құсы тектес ер жетеді.


  1. Мәтін желісінің ретін табыңыз:

  1. Балапанның өсуі

  2. Бүркіт ұясы

  3. Қырағы құсбегілер

  4. Бүркітті қолға түсіру тәсілі

A) 3. 4. 2. 1.

B) 2. 3. 4. 1.

C) 4. 2. 3. 1.

D) 1. 2. 3. 4.

E) 4. 3. 2. 1.

  1. Мәтін бойынша бүркіттің қандай қасиетін байқауға болады?

A) қырағылық

B) мұқияттылық

C) сақтық

D) айлакерлік

E) барлық жауап дұрыс

  1. Бүркітті қолға түсірудің ең тиімді тәсілі:

A) Қақпан құру

B) Балапан кезінде ұядан алу

C) Құздың басынан алу

D) Бүркіт ауру кезде қолға түсіру

E) Аналық бүркіттің артына түсу

  1. Құсбегілер жұмыртқаны неше түрге бөліп қарастырды?

A) 1

B) 3

C) 2

D) 4

E) 5

  1. Неліктен құсбегілер бұқатана жұмыртқаны ұясынан алып тастайды?

A) бүркіт жоқта ұядағы жемге ортақтасатыны үшін

B) ұядағы артық орын алмас үшін

C) қолға үйрету үшін

D) бөлек ұяға орналастыру үшін

E) бұқатана жақсы өсіп-жетілуі үшін

  1. Мәтіндегі парықтай алу тіркесін қай тіркеспен алмастыруға болады?

A) бағамдай алу

B) болжай алу

C) бағыттай алу

D) пысықтай алу

E) үйрете алу

  1. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты белгілеңіз:

A) Үйшіктің есігін жауып, жемді төбесіндегі жарық түсетін тесіктен бермеген дұрыс.

B) Бүркіт балапанында сары аяқ, сары тұмсық болады.

C) Жемді әбден қараңғы түскенде жақындатып қойса, таң атқанша жеп бітіреді.

D) Ұябасардың қай жақтан ұшып шығып, қайда барып, қалай қайтқаны бәрі-бәрі аса мұқият бақыланады.

E) Ұядағы жұмыртқа жалғыз болса оны жалқы балапан деп атайды.

  1. Кәнігі сөзіне мәндес сөз

A) кәдімгі

B) қырағы

C) кәсіби

D) сақ

E) өзгеше

  1. Бүркіт балапаны өсе келе қандай түске өзгереді?

A) сары

B) қызыл

C) қызғылт

D) әртүрлі

E) қара



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет