Қазақстан тарихы нұсқау



бет4/4
Дата26.12.2021
өлшемі37,21 Kb.
#105688
1   2   3   4
Байланысты:
1-вар

4-мәтін

Сарышұнақтар
Жабайы табиғатта сарышұнақтардың қимыл-қозғалысын бақылау – өте қызықтырарлық шаруа. Бұл кеміруші асқан сақтықпен жүреді. Күндіз інінен шығып, артқы аяқтарына тұра қала, айналасына қарауы еріксіз езу тарттырады. Сарышұнақтардың жақсы жақтарынан бөлек, жаман жақтары да бар. Мәселен, олар егістікті құртатын зиянкестерге айналуы мүмкін, немесе эпидемия таратушылар болуы, мысалы, жануарлар арасында оба таратуы мүмкін.

  1. Солтүстік жартышар, қоңыржай ендігі және тіпті, Полюс шеңберінің кейбір жерлері – сарышұнақтар мекендейтін жерлер. Қыр дала мен ормандар, көгалдар мен орман тундралары бұл кішкентай кеміргіштерге пана болады. Бір қызығы, көгалдарды мекендейтін сарышұнақтар, солтүстіктің суық климатынан қорықпай, жиі Полюс шеңберінен тыс тұрақтайды. Ал қыр даланың кеміргіштері жартылай шөлейт, шөл және теңіз деңгейінен 3500 м биік тау телімдерін ұнатады. Бір жағынан сарышұнақтардың сақтығын олардың мекендеу орнымен түсіндіруге болады, олар көбіне ашық ландшафтарды мекендейді.

  2. Әрине, сақ сарышұнақтардың үйіне жақындау оңай емес. Бірақ, кейде далалы аймақтарда сұр «бағандарды» көруге болады, сарышұнақтар осылайша қауіптің жақындауына әрекет етеді. Сыртқы түріне қарасаң, үлкен сарышұнақ тиінге ұқсайды. Бұлардың созыңқы тұрқы 14-40 см, құйрығы шағын, ұзындығы денесінің жартысына сирек жетеді, құлақтары қысқа әрі толықтай жалаң, көздері үлкен және артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда ұзынырақ. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың.

  3. Шөпқоректі сарышұнақтар қорек іздеуде індерінен ұзақтамайды. Олар қолжетімді өсімдіктерді маңынан табады және оның жемісі мен жапырағын да, тамырын да ұнатады. Алайда, сарышұнақтардың тірі азығы да бар, олар – аулайтын не інінің қасынан табатын ұсақ жәндіктер. Көгалды мекендейтін сарышұнақтар жақын жердегі сұлы, жүгері, арпа егістіктерімен қоректенгенді ұнатады. Бұл кеміргіштер зиянкестер деген атқа ие. Даланың сан түрлі шөптерінен бөлек, бұл аңдар кейде жабайы жидек бұталаларына тап болады. Және жидектерді сүйсіне жейді. Сарышұнақтардың кейбір түрлері, мысалы, ұзын құйрықты сарышұнақтар әртүрлі өлексе, тіпті ас үй қалдықтарын жегенді ұнатады. Сонымен қатар, олар өсімдікке қарағанда, аң етін қуана жейді.

  4. Сарышұнақтар жылына бір рет балалайды, ал олардың ұрпақтары саны бойынша екіден он екіге дейін жетеді. Жүктілігі бір айға дейін созылады, ал өмір сүру салты орташа өсімталдыққа алып келеді. Сарышұнақтар зағип және жалаң төлдерді, көбіне көктемде алып келеді. Он күннен кейін төлдерінің жоталарында алғашқы қылшық пайда болады, ал тағы да бірнеше тәуліктен кейін олар толықтай жүндейді. Үш ай – жас өркеннің өсіп жетілуі және бағынышсыз өмір сүруі үшін қалыпты жас. Балалары аналарының інін, әдетте күзде тастайды.




  1. Мәтіндегі ақпаратты сәйкестендіріңіз:

  1. көбею

  2. мекені

  3. сипаты

  4. қоректенуі

A) 1 – a, 2 – b, 3 – c, 4 – d

B) 1 – a, 2 – b, 3 – c, 4 – d

C) 1 – b, 2 – c, 3 – d, 4 – a

D) 1 – c, 2 – d, 3 – b, 4 – a

E) 1 – d, 2 – a, 3 – b, 4 – c


  1. Сарышұнақтардың тірі азығы:

A) Қыр дала

B) Ормандар

C) Полюс шеңбері

D) Ұсақ жәндіктер

E) Жидектер


  1. Сарышұнақтардың зияны туралы дұрыс ақпарат:

1. Эпидемия таратады

2. Егістікті құртады

A) тек біріншісі

B) тек екіншісі

C) екеуі де бұрыс

D) екеуі де дұрыс

E) зияны жоқ



  1. Зағип сөзіне мәндес сөз белгілеңіз:

A) керең

B) саңырау

C) соқыр

D) сақау


E) құныс

  1. Жас сарышұнақтар өз індерін қай кезде тастап кетеді?

A) жаздыгүні

B) көктемде

C) қыста

D) тастамайды

E) күзде

Математикалық сауаттылық



  • 1. 6,7,3 және 2 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.

    • A. 4365

    • B. 5346

    • C. 4346

    • D. 5265

    • E. 5555

 

  • 2. Ауылдағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтарының саны 66. Аулада неше қаз,неше қоян бар?

    • A. 16 қаз, 8 қоян

    • B. 15 қаз, 9 қоян

    • C. 12 қаз, 12 қоян

    • D. 14 қаз, 10 қоян

    • E. 11 қаз, 13 қоян

 

  • 3. Саяхатшы белгілі бір жерден шығып 3 км оңтүстікке, 4 км батысқа қарай жүрді.Содан соң 7 км солтүстікке, 7 км оңтүстікке жүрді. Бастапқы пункттен соңғы пункттке дейінгі арақашықтықты табыңыз.

    • A. 1 км

    • B. 3 км

    • C. 2 км

    • D. 4 км

    • E. 5 км

 

  • 4. Ыдыс-аяқ дүкенінде кастрөлдің бағасы стакан мен шәйнектің бағаларын қосқанға тең. Төрт құмыраның бағасы алты стақанның бағасына, ал кастрөл мен шәйнектің бағасы құмыраның бағасына тең. Бір кастрөлдің бағасы неше шәйнектің бағасына тең?

    • A. 5

    • B. 12

    • C. 10

    • D. 4

    • E. 8

  • 5. Газеттің екі бетінің сол жағында 4-бет, оң жағында 9-бет деп жазылған. Газет неше беттен тұратын болғаны?

    • A. 14

    • B. 16

    • C. 15

    • D. 13

    • E. 12

 6. 1;2;3;...; 17 сандар тізбегінен барлық тақ сандар, сонымен қатар 3-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталған. Сызылмаған қанша сан қалды?

    • A. 6

    • B. 8

    • C. 7

    • D. 5

    • E. 9

 

  • 7. Ойлаған санның оң жағына 9 цифрын тіркеп жазып,сонда шыққан санға алғашқы санды екі еселеп қоссақ 633 шығады. Ойлаған санды табыңыз?

    • A. 48

    • B. 42

    • C. 46

    • D. 52

    • E. 54

  • 8. Әшімхан дүйсенбі күні таңертең жүгіруді 1 км-ден бастады. Ол әр күн сайын алдыңғы күнге қарағанда 250 метр артық жүгіріп отырса,онда жексенбі күні неше метр жүгіретінін анықтаңыз.

    • A. 2000 м

    • B. 1750 м

    • C. 2250 м

    • D. 2750 м

    • E. 2500 м

 9. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең.

    • A. Меруерт – 15 жаста, Еңлік – 5 жаста, Арай – 3 жаста, Сағи - 9 жаста

    • B. Меруерт – 3 жаста, Еңлік – 9 жаста, Арай – 5 жаста, Сағи - 15 жаста

    • C. Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 3 жаста, Арай – 5 жаста, Сағи - 15жаста

    • D. Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 3 жаста, Арай – 15 жаста, Сағи - 5 жаста

    • E.Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 5 жаста, Арай – 3 жаста, Сағи - 15жаста

 10. B-ның қандай мәнінде y=2x – 4 және  y=10x – b түзулерінің қиылысу нүктесі абсцисса осінде жатады?

    • A. B = 20

    • B. B = 10

    • C. B = 24

    • D. B = -20

    • E. B = - 10

 11. Сандар тізбегі белгілі бір заңдылық бойынша берілген. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз: 3; 5; 10; 12; 24; 26; ?

    • A. 28

    • B. 38

    • C. 50

    • D. 52

    • E. 62

 12. Ілияс физика, химия және математика сабақтарына дайындалуы керек (қандай ретпен дайындалу керектігі маңызды емес). Сабаққа дайындалудың қанша нұсқасы бар?

    • A. 5

    • B. 6

    • C. 3

    • D. 7

    • E. 9

 13. Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 20см, ал қалған екеуінің ұзындықтарының қосындысы 125% -ын құрайды. Үшбұрыштың периметрін есепте.

    • A.45

    • B. 30

    • C. 55

    • D. 35

    • E. 50

 14. Бір ауданда үш көше және 100 үй бар. Екінші көшеде бірінші көшеге қарағанда үш есе артық үй бар. Үшінші көшедегі үйлер саны екінші көшедегі үйлер санынан екі есе көп. Екінші көшеде неше үй бар?

    • A. 30

    • B. 40

    • C. 50

    • D. 36

    • E. 45

  • 15. 2017·(20172016+20172018)2018 өрнегінің мәні қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.

    • A. 0

    • B. 1

    • C. 6

    • D. 7

    • E. 9




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет