Химиялық реакциялар жылдамдығы. Әрекеттесуші массалар заңы. Химиялық реакциялар тез жүруі үшін түйісетін молекулалар саны көп болуы керек, яғни концентрацияны өсіру керек. Реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацияларының әсерін зерттеген Норвегияның екі ғалымы Гульдберг және Вааге 1867 жылы мынадай қорытындыға келген: химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады, оны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Егер химиялық реакциялар жалпы түрде былай жүрсе: аА + bВ = сС + dD, молярлы концентрация С деп белгіленсе, , мұндағы k - пропорционалдық коэффициент, реакция жылдамдығының константасы деп аталады. Егер реакцияға қатты зат қатысатын болса, олар барлық массасымен емес, тек сыртқы бетімен ғана әрекеттеседі, сондықтан реакцияның жылдамдығын анықтағанда оның концентрациясы есепке алынбайды; газ және еріген заттардың концентрациясы ғана есептеледі.
Mысалы,
Eгер реакцияға түсетін заттардың концентрациясы бірге тең болса, онда υ = k, яғни жылдамдық константасының физикалық мәні - реакцияға түсетін заттардың концентрациясы бірге тең болғандағы реакция жылдамдығы. k әрекеттесетін заттардың концентрациясына тәуелді емес, тек оның табиғатына және температураға тәуелді. Газ тәріздес заттар әрекеттескенде қысым қанша рет өссе не азайса, концентрация да сонша рет өседі, не кемиді, олай болса, реакция жылдамдығы қысымға тәуелді.
Химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болатын заң
A)әрекеттесуші табиғаттары заңы
B)әрекеттесуші температуралар заңы
C)әрекеттесуші тығыздықтар заңы
D)әрекеттесуші массалар заңы
E)әрекеттесуші концентрациялар заңы
Eгер реакцияға түсетін заттардың концентрациясы бірге тең болса, онда υ = k, яғни k жылдамдық константасының физикалық мәні
A)температура мен концентрацияға тәуелді
B)қысым мен табиғатына тәуелді
C)табиғатына және концентрациясына тәуелді
D)табиғатына және температураға тәуелді
E)қысым мен табиғатына тәуелді емес
аммиактың концентрациясын екі есеарттырса, тура реакцияның жылдамдығының өзгерісі
A)4 есе артып, 2 есе кемиді
B)2 есе кемиді
C)16 есе кемиді
D)16 есе артады
E)2 есе артады
Бірдей көлемде жай заттардың қатысуымен жүретін реакциялардың нәтижесінде 10 секундтан соң бірінші реакцияда 6 г НCl, екіншіде 25 г HI түзілген реакциялардың жылдамдықтары (моль/л с)
A)0,019; 0,016
B)0,028; 0,012
C)0,027; 0,015
D)0,025; 0,011
E)0,021; 0,013
және реакциялары үшін реакция жылдамдықтарын сәйкесінше 8 және 16 есе өсіру үшін қысымның өзгеруі
A)4 және 2 есе
B)2 және 4 есе
C)4 және 6 есе
D)3 және 2 есе
E)6 және 2 есе
Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды. Берілген теңдеудегі толық және қысқартылған иондық теңдеулерінің коэффициенттері
A)7
B)10
C)6
D)4
E)9
F)8
G)5
H)3
Орташа электролиттің диссоциациялану дәрежесі (дәрежелері) (%)