Қазақстан тарихы нұсқау


ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет19/19
Дата12.06.2023
өлшемі2,32 Mb.
#178695
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ.


АДАМ. ҚОҒАМ. ҚҰҚЫҚ

  1. Қоғамдық орындарда қызмет бабымен болатын қарым-қатынас: 

A)бейресми
B)ресми
C)делдалдық
D)жанама
E)төте

  1. Адамдардың туысқандармен, көшеде, стадионда т.б. жерлердегі қарым-қатынасы:

A)интерактивті
B)коммуникативті
C)перцептивті
D)бейресми
E)ресми

  1. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырған:

A)Шәкәрім Құдайбердіұлы
B)Асан қайғы
C)Абай Құнанбайұлы
D)Сократ
E)Платон

  1. Адам қарым-қатынасының интерактивті жағының анықтамасы:

A)нарықтық сұранысқа бейімделуі
B)ақпаратты синтездеу, байланыстыру
C)әлеуметтік обьектілерді қабылдау
D)тапсырыстарды сұрыптауы
E)өзара әрекеттесу, әсер ету

  1. Құқық қорғау қызметкерлері міндетті:

A)ақпараттарды белгіленген тәртіппен алуға
B)қызметтерді жеке мақсатта пайдалануға
C)ұйымдарға белгіленген тәртіппен кіріп-шығуға
D)өкілді органның депутаты болуға
E)жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға

  1. Түсінік пен оған қатысты Конституцияның бөлімін сәйкестендіріңіз:

1. Денсаулық сақтау құқығы; 2. Азаматтарға кешірім жасау; 3. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық
А. Президент; Б. Жалпы ережелер; В. Адам және азамат
A)1-Б; 2-В; 3-А.
B)1-В; 2-Б; 3-А.
C)1-А; 2-В; 3-Б.
D)1-В; 2-А; 3-Б.
E)1-Б; 2-А; 3-В.

  1. Республика Президенті тағайындайтын Сенат депуттарының саны:

A)15
B)10
C)25
D)20
E)30

  1. Атқарушы органдардың жүйесін басқаруды жүзеге асырады:

A)Үкімет
B)Жоғарғы сот
C)Мәжіліс
D)Мәслихат
E)Сенат

  1. Адамды қолөнердің кез-келгеніне үйреткендей, шығармашылыққа да үйретуге болады деп есептеген ғалым: 

A)Г.Селье
B)Дж. Нейман
C)Ч.Дарвин 
D)Л.Эйлер
E)Б.Рассел

  1. Адам өмірінің себеп-салдарлылығы:

A)детерминация
B)метофизика
C)диалектика
D)легитимация
E)бихевиоризм

  1. Қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасы:

A)болмыс
B)қызмет
C)сана
D)мақсат
E)түйсік

  1. Қырық мың жыл бұрын пайда болған адам өкілі:

A)Тік жүретін адам
B)Гоминид
C)Епті адам
D)Саналы адам
E)Питекантроп

  1. Түрлі актілер мен операциялардың сипатын, жүйелік тәртіптерін айқындайтын қызметтің жобасы:

A)мақсат
B)мотив
C)себеп
D)әрекет
E)ынта

  1. Шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылатын экономикалық жүйе:

A)әміршіл-әкімшіл
B)бұйрықтық
C)аралас
D)дәстүрлі
E)нарықтық

  1. Мемлекеттік рәміздердің түрлері қамтылған Конституциясының бөлімі:

A)Жалпы ережелер
B)Адам және азамат
C)Үкімет
D)Парламент
E)Қорытынды және өтпелі ережелер

  1. «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділдікті әкелуі керек»-деп есептеген философ: 

A)Демокрит
B)Фалес
C)Демосфен
D)Пифагор
E)Геродот

  1. Парламенттің кезекті сессияларының өткізілу кезектілігі:

A)отыз күн сайын
B)әр бейсенбіде
C)айына бір рет
D)жылына бір рет
E)әр тоқсан сайын

  1. Сенаттың ерекше қарауына жататын мәселе:

A)саяси баспана беру мәселесін шешу
B)мемлекеттік күзет қызметін жасақтау
C)Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауға келісім беру
D)бекіту грамоталарына қол қою
E)Президенттің кезекті сайлауын хабарлау

  1. Еліміздегі заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілетті орган:

A)Үкімет
B)Парламент
C)Мәжіліс
D)Мәслихат
E)Сенат

  1. Адам өмірінің «себеп-салдарлығы» түсінігі:

A)герменевтика
B)натурализация
C)апробация
D)детерминация
E)социализация


  1. 2-сызбадан құқықтық қатынас құрылымының субъектісіндегі парламенттің атқаратын қызметі

A)сот билігі
B)үкім шығару
C)атқарушы
D)бұйрық шығару
E)заң шығару

  1. 1-сызбадағы құнды қағаздар қатарына жататынын табыңыз

A)рента
B)ценз
C)дефицит
D)акция
E)эмиссия

  1. Өз атынан құқықтар мен міндеттерге ие болып, сол міндеттерге жауап беретін субьекті

A)азаматтар
B)азаматтығы жоқ тұлғалар
C)заңды тұлға
D)шетелдіктер
E)жеке тұлға

  1. Құқықтық қатынастар құрылымындағы объектілерді табыңыз

A)ұйымдар
B)жеке тұлғалар
C)мекемелер
D)ресми құжаттар
E)кәсіпорын

  1. Құқықтық қатынастар құрылымына қатысты дұрыс емес дәйектерді анықтаңыз

I. Рухани игіліктер құқықтық қатынас объектісіне жатады
II. Азаматтар және шетелдіктер заңды тұлғаларға жатады
III. Мемлекеттік органдар құқықтық қатынас субъектілері
IV. Құқық қабілеттілік 16 жастан беріледі
A)ІІ, IV
B)І, ІІ
C)І
D)ІІІ
E)ІІ, ІІІ
Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырматарында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды.

  1. Қоғамдық өмірдің экономикалық аясына жататын ұғым(-дар):

A)білім
B)көлік 
C)өнер
D)еңбек
E)тәрбие
F)құқық
G)сайлау 
H)сезім

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде қарастырылған

түсінік (-тер):
A)Үкімет құрамының жасақталуы
B)Саяси бірлесу құқығы
C)Соттар және сот төрелігі
D)Заң мен сот алдындағы теңдік
E)Ішкі-сыртқы саясатты жүргізу
F)Еңбек етуге құқығы
G)Кезектен тыс сайлауды өткізу
H)Президенттік басқару нысаны

  1. Конституциямен бекітілген құқық (-тар):

A)Денсаулық сақтау
B)Балаларына қамқорлық жасау
C)Шет мемлекетке саяхаттау
D)Салық төлеу
E)Білікті заң көмегін алу
F)Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу
G)Орта білім алу
H)Қазақстан Республикасын қорғау

  1. Адамның мәдени әрекеттері бағытталатын шара (-лар):

A)мәдени игілікті тарату
B)мәдени игіліктерді сараптау
C)мәдени игіліктерді белгілеу
D)мәдени игіліктерді тұтыну
E)мәдени іс-шараларды болдырмау
F)мәдени іс-шараларға жол бермеу
G)мәдени игіліктерді қайта қарастыру
H)мәдени игілікті өндіру

  1. Балаға генетикалық ақпарат қорлары берілетін қасиет (-тер):

A)діни ұстанымы
B)ататегі
C)сенім-нанымы
D)жүйке жүйесі
E)ми құрылымы
F)материалдық игілігі
G)әлеуметтік дәрежесі
H)табиғатпен байланысы

  1. Қарым-қатынастың түрі (-лері):

A)жанамалы
B)бейресми
C)коммуникативті
D)дәстүрлі
E)перцептивті
F)делдалдық
G)вербалды
H)интерактивті

  1. Конституцияға сәйкес Республика қызметінің түбегейлі принципі (-тері):

A)цензураға жағдай туғызу
B)жергілікті бюджетті бекіту
C)қазақстандық патриотизм
D)қоғамдық қорларды дамыту
E)жеке меншікке ғана жол беру
F)билікті төрт тармаққа бөлу
G)мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру
H)қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық

  1. Әкімшілік құқық нормаларының логикалық құрылымы (-дары):

A)санкция
B)преамбула
C)диспозиция
D)әдет
E)кодекс
F)гипотеза
G)мораль
H)ереже

  1. Жетісу өлкесінде ағайынды Мамановтар өткізген мәдени игілікті іс-шара (-лары):

A)халықаралық мектептер ашты
B)роман жазуға бәйге ұйымдастырды
C)суға жүзуге үйрететін оқу орындарын ашты
D)қазақ қыздарына арналған оқу орындарын ашты
E)ынталы оқушыларды ірі шаһарларға оқуға жіберді
F)спортқа бейім балаларға арналған мектептер ашты
G)мешіт салдырды
H)техникалық оқу орындарын ашты

  1. Адамның ойлауға, тануға рационалды қабілетілігі:

A)субъект
B)жад
C)индивид
D)зият
E)сенсор
F)теория
G)ресурс
H)нейрон
АДАМ. ҚОҒАМ. ҚҰҚЫҚТАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ






















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет