Белгілердің тұқым қуалауының негізгі типтері. Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары Мендельдің бірінші және екінші ережесі



бет1/3
Дата24.10.2023
өлшемі28,46 Kb.
#187768
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Биян Айдана (копия)


Жоспар


Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Белгілердің тұқым қуалауының негізгі типтері.

  2. Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары

  3. Мендельдің бірінші және екінші ережесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары алғаш рет Г. Мендель XIX ғасырдың ортасында ашты, одан соң XX ғасырдың басында бұл заңдылықты голландиялық Г. де Фриз, германиялық Корренс және австриялық Г.Чермак қайта ашты.


Мендель заңы бойынша тұқым қуалайтын белгілерді – мендельденуші белгілер деп айтады. Олар қалыпты және адамда тұқым қуалайтын ауруды тудыратын патологиялық белгілер болуы мүмкін (моногендік аурулар). Қазіргі кезде адамның 10000 астам мендельденуші белгілері сипатталған, олардың көбісі тұқым қуалайтын аурулар түрінде көрініс береді.
Қазіргі кездегі медицинаның алдына қойған мақсаты, барлық мамандықтағы дәрігерлердің тұқым қуалайтын аурулардың сипатын тани біліп және дер кезінде аурулар мен олардың жанұядағы мүшелерін медико-генетикалық кеңеске бағыттау.


Белгілердің тұқым қуалауының негізгі типтері.
Генетика - тұқым қуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік барлық ағзаларға тән тірі материяның негізгі қасиеті.
Тұқым қуалаушылық дегеніміз ағзалардағы ұқсас белгілердің бірқатар ұрпақ бойы қайталануы және белгілі бір қоршаған ортада жеке даму ерекшеліктерімен қамтамасыз ету қасиеті. Тұқым-қуалаушылықтың арқасында ата-аналары мен ұрпақтарының биосинтез типтері ұқсас болады, ол ұлпалардағы химиялық құрамның, зат алмасу сипатының, физиологиялық процестердің, морфологиялық белгілер мен басқа ерекшеліктердің ұқсастығын анықтайды. Соның нәтижесінде ағзалар әр түрі өздеріне тән белгілерді ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Өзгергіштік–тұқым қуалаушылыққа қарсы құбылыс. Өзгергіштік тұқым қуалау бастамасының өзгеруімен, сонымен қатар ағзаның даму процесі барысында сыртқы ортамен әрекеттесуі барысында олардың көрініс беруінің әр түрлі болуымен сипатталады.
Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын зерттеу кезінде бір-бірінен қарама-қарсы альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын ағзаларды шағылыстырады.
Бір ғана белгінің дамуын анықтайтын және гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендерді аллельді гендер деп атайды.
Егер гомологтық хромосомаларда орналасқан аллельді гендер бірдей белгінің дамуын анықтаса, ондай агзаны гомозиготалы деп атайды.
Егер аллельді гендер қарама-қарсы белгілердің дамуын анықтаса, ондай ағза гетерозиготалы деп аталады.
Ағзадағы барлық тұқым қуалайтын факторлар мен ядродағы хромосомалардың диплоидтық жиынтығын генотип деп атайды, ал ағзаның барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығын фенотип дейді.
Тұқым куалайтын ақпараттарды бір ұрпақтан басқа ұрпақтарға беру процессін тұқым қуалау дейді. М.Е.Лобашов "тұқым қуалаушылық" пен "тұқым қуалау" терминдерінің мағанасы бірдей емес екенін және оларды нақты ажырата білу керек екенін көрсетті.
Тұқым қуалаушылық - тұқым қуалау ақпаратын сақтайтын, екі еселейтін және ұрпақтар ұрпаққа берілуін камтамасыз ететін барлық ағзаларға тән жалпы қасиет.
Тұқым қуалау - көбею түрлеріне байланысты әр түрлі болатын ұрпақтан ұрпаққа тұқым куалау ақпаратының берілу әдісі. Жыныссыз көбею кезінде вегетативті жасушалармен немесе споралар арқылы тұқым қуалау іс жүзіне асырылады, сол арқылы ата-аналары мен ұрпақтар арасындағы жоғары дәрежедегі ұқсастық қамтамасыз етіледі. Жынысты көбею кезінде тұқым қуалау жыныс жасушалары арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ата-аналары мен ұрпақтар арасындағы ұқсастық алдынғыдан төмен болады, бірақ көптеген өзгергіштік байқалады, соның нәтижесінде эволюция процесі мен сұрыптауға көп материал жиналады. Соныменен, тұқым қуалау ата-аналық ағзалардың тұқым қуалайтын ақпараттарын бірқатар ұрпақ бойы беліп беру әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет