Қазақстан тарихы нұсқау


ГЕОГРАФИЯДАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет12/19
Дата12.06.2023
өлшемі2,32 Mb.
#178695
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
ГЕОГРАФИЯДАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


БИОЛОГИЯ
Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

  1. Қан ауруларын, қатерлі ісікті емдейтін лапыз мүшесі

A)тұқымы
B)жапырағы
C)тамыры
D)сабағы
E)гүлі

  1. Бриофиллум (каланхое) жапырақ жиегінен шығатын бүршік

A)жанама
B)қолтық
C)төбе 
D)бұйыққан
E)қосалқы

  1. Ұлуларда алғаш пайда болды

A)қарын
B)қан
C)өкпе
D)ішек
E)бауыр

  1. Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болған мүше

A)қантарату
B)бауыр
C)қуық
D)сілекей
E)бас

  1. Адамда өкпенің жүрек жақтағы бетінде орналасады

A)өкпеқап сұйықтығы
B)өкпеқап
C)өкпе сіңірлері
D)өкпе қақпасы
E)өкпеқап қуысы

  1. Аралық ми қызметі

A)жарыққа қарау
B)тепе-теңдікті сақтау
C)зат алмасу
D)жөтелу
E)бас бұру

  1. Адамның дене жасушаларындағы хромосома саны

A)22
B)25 
C)48
D)44
E)46

  1. Полисахарид

A)фруктоза
B)галактоза
C)глюкоза
D)лактоза
E)гликоген

  1. Тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі

A)ядро
B)жасуша
C)мүше
D)ұлпа
E)органоид

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әрбір 5 адамның біреуі саңырауқұлақ ауруымен ауыратындығы байқалған және әрбір екінші адамның тырнағы зақымдалған. Бұрынғы кезде тырнақты алып тастау арқылы емдесе, қазіргі уақытта төмендегі дәріні беру арқылы емдейді.

A)мукалтин
B)гибереллин
C)аналгин
D)орунгал
E)боверин

  1. Өсімдік жасушаларының қабығы қалың, ірі болатын ұлпа

A)жабын
B)қор жинаушы 
C)түзуші 
D)су жинаушы 
E)фотосинтездеуші 

  1. Жылдам қозғалып, жалғыз жүзетін ішекқуыстылар

A)қызыл маржан
B)медузалар
C)теңіз қауырсыны
D)гидра
E)обелия

  1. Сіңірлерді түзетін ұлпа

A)эпителий
B)қан
C)дәнекер
D)бұлшықет
E)жүйке

  1. Плазмада агглютинин болмайтын қан тобы

A)ІІ
B)І, ІІ
C)ІІІ 
D)ІІ, ІІІ 
E)ІV 

  1. Нуклеин қышқылында цитозин мөлшері 20%, тиминнің мөлшері 30% болғанда, аденин мен гуанинің мөлшері

A)У-30%, Г-40%
B)Г-20%, А-30%
C)А-15%, Г-35%
D)Т-40%, А-20%
E)А-10%, Г-40%

  1. Буынаралықтары ұзын желі сабақты өсімдік

A)асқабақ
B)қарбыз
C)қияр
D)қауын
E)құлпынай

  1. Безгек ауруының қоздырушысы

A)түншырақ
B)қантұрғын
C)құртамыш
D)құмыты
E)мөрже

  1. Ана мен ұрық арасындағы байланысты жүзеге асырады

A)жатыр түтігі
B)аналық без
C)жатыр
D)қынап
E)ұрықжолдас

  1. У. Бэтсонның ұсынған термині

A)генотип
B)генетика
C)мутация
D)популяция
E)гетерозис

  1. Экватор бойында орналасқан ыстық елді мекендердегі адамдардың шаштары бұйра, мұрыны жалпақ болып келуінің себебі

A)ауа қысымы орташа
B)жылу алмасуы жоғары
C)температуралары төмен
D)жылу алмасуы төмен
E)ақыл-ойы жоғары
Симбиоз
Tірі ағзалардың бір-бірімен қарым қатынасы табиғаттағы тепе-теңдікті қалыптастыруда маңызды орын алады. Бір ағза өз тіршілігін сақтап қалады, бір ағза керісінше, тіршілігін тоқтатады.
Биотикалық қарым-қатынастар антибиоз және симбиоз деп бөлінеді. Симбиоз екі ағзаның бір-біріне пайдалы қарым-қатынасы. Антибиоз екі ағзаның керісінше, тіршілік үшін күресі. Дегенмен де қарым-қатынастың бірнеше түрлері бар (арамтамақтық, жатыпішерлік, табақтастық, пәтерлестік, жыртқыштық және т.б).


  1. Aнтибиоздық қарым-қатынас түрі

A)мутуализм
B)комменсализм
C)жыртқыштық
D)табақтастық
E)пәтерлестік

  1. Aдамның эритроциттерінде өмір сүретін қантұрғынның қарым қатынасы

A)эндосимбиоз
B)түраралық
C)мутуализм
D)түрішілік
E)паразиттік

  1. Tүрішілік қатынасқа мысал

A)қарағайдың жарық, қорек үшін күресі
B)түйнек бактериясының тамырмен селбесуі
C)қасқырдың бөкенге шабуылы
D)бактерияның ішекте өмір сүруі
E)аскариданың ішекте өмір сүруі

  1. Паразитизмге апаратын қарым қатынас

A)жыртқыштық
B)эндосимбиоз
C)симбиоз
D)комменсализм
E)мутуализм

  1. Tүрлер арасында тіршілік етуі бір­біріне толығымен тәуелді қатынастар

A)аменсализм
B)протокооперация
C)комменсализм
D)мутуализм
E)паразитизм
Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды.

  1. Су арқылы таралатын тұқымдар ерекшелігі (ерекшеліктері)

A)жемісі ашық реңді
B)тұқымдары майлы
C)сыртында су жұқпайтын түктері бар
D)жемістері қақырағыш
E)сыртында ілмешектері бар
F)морт сынғыш болады
G)өсінділері ауаға толы болады
H)сыртында өсінділері бар

  1. Саңырауқұлақтардың жануарға тән белгісі(белгілері)

A)жасуша қабықшасы хитинді
B)қоректік заттарды сіңіреді
C)қор заты крахмал
D)қор заты гликоген
E)фотосинтез жүреді
F)қоректік заттарды жұтпайды
G)жасуша қабықшасы қалың
H)қозғалмай өседі

  1. Құмыты тарататын ауру(-лар)

A)қараталақ
B)суауру
C)безгек
D)бөсір
E)лейшманиоз
F)описторхоз
G)балантидиоз
H)нагана

  1. Асханадағы қалдық тағамдармен коректенетін жәндік(-тер)

A)жарақша
B)қалқаншақ
C)зұламат
D)бұзаубас
E)шілделік
F)қаңғы
G)сенделгі
H)тарақан

  1. Мишықтың қызмет(-тер)і

A)аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын
B)қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын
C)көзді жыпылықтатуды
D)қан қысымының тұрақты болуын
E)жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу
F)асқорыту бездерінің жұмысын реттеу
G)абстрактілі ойлауды
H)тынысалуды реттеу

  1. Талшықты жәндік(-тер)

A)трипаносома
B)балантидий
C)лейшмания
D)сувойка
E)лямблия
F)амеба
G)арцелла
H)мөрже

  1. Тыныс алу ауру(-лар)ы

A)отит
B)тұмау
C)бронхит
D)гастрит
E)сіреспе
F)оба
G)туберкулез
H)нефрит

  1. Гендердің аллельді емес әрекеттесуінің түр(-лер)і

A)біркелкі доминаттылық
B)толымсыз доминаттылық
C)делеция
D)эпистаз
E)комплементарлық
F)полимерия
G)дупликация
H)инверсия

  1. Дигибридті, полигибридті (тригибрид) будандастыруда екінші ұрпақтың фенотипі түрлерінің көрініс беру саны

A)2
B)12
C)27
D)16
E)9
F)8
G)4
H)3

  1. Қызықтырушы рең(-дер)

A)теңіз атбас балығы мен инебалықтың балдырға ұқсауы
B)қара қоңыздың жағымсыз иіс шығаруы
C)усыз жыландардың, улы жыланға ұқсауы
D)қызыл орденді көбелектердің әдемі реңі 
E)шіл, құр реңі мекен ететін ортасына ұқсас
F)дәуіт қанатындағы көзге ұқсаған екі дағы
G)құс қораздарының әдемі реңдері 
H)көбелектің бұтаққа жабысып тұрған қуыршағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет