Қазақстан тарихы нұсқау



бет3/19
Дата12.06.2023
өлшемі2,32 Mb.
#178695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
2 –мәтін
Сұлтанмахмұт 
Сұлтанмахмұт еш уақытта да өз айтқанынан басқаға көнгісі келмейтін. Мен бала кезімде Сұлтанмахмұтты екі рет жолықтырдым. Ұзын бойлы, ақ құбаша жігіт еді.
Бір жылы жазда, мен әлі ұмытқаным жоқ, ауыл мектебінде оқып жүрген бала күнім еді, Махмұтты көруге бір көршілес ауылға бардым. Онда Махмұттың менімен ісі жоқ, тек жиналған халықтың алдында «империалист соғыс» жайында әңгіме айтып отырғанын көрдім.
Бір уақытта елдің болысы өзінің шабарманынан хат жіберіп, «біздің үйге келіп, қала жайынан әңгіме айтсын», – деп Махмұтты шақыртыпты. Махмұт хатты оқып болған соң, болыстың шабарманына ашуланып қарады да:
– Мен Поштай ауылына барып сауын айтатын шапқыншы емеспін, әңгіме іздеген кісі өзі келер, – деді.
Махмұттың бұл сияқты еркін сөзі ол кезде жат болатын. Махмұтты тыңдап отырған жұрт қуанарын да, қорқарын да білмеді. Бірақ есіктен шығып бара жатқан болыстың шабарманы өзінің әдетінше:
– Шоқпыттың баласы, бұл да кісі болған екен! – деді.
Махмұтты ең соңғы рет 1919 жылы көрдім. Онда Махмұт аурудан әбден арықтап жүдеген. Мен ол кезде ашық еш нәрсені айырмайтынмын. Оқуға түсе алмай, Керекуде Мәшһүр-Жүсіптің Әмен деген баласының үйінде жатыр едім. Бір күні Сұлтанмахмұт келді. Әменмен сөйлесіп отыр:
– Үміт деген нәрсе қашан да болса адамның серігі ғой, мен ауруымды жазып, сендермен бірге қызмет істегім келеді, – деді…

  1. Сұлтанмахмұттың халық алдында айтқан әңгімесі

A)болыс жайлы
B)жігіт жайлы
C)соғыс жайлы
D)аңыз жайлы
E)жиналыс жайлы

  1. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ

A)Махмұт Поштай ауылына не мақсатпен барды?
B)Мәшһүр-Жүсіптің баласының есімі кім?
C)Болыс Махмұтқа хатты кім арқылы жіберді?
D)Автор Махмұтты соңғы рет нешінші жылы көрді?
E)Автор Махмұтты соңғы рет қай қалада көрді?

  1. Берілген ақпараттардың дұрысы

1. Автор Махмұттан әлдеқайда жас.
2. Махмұт бірбеткей жан болатын.
3. Автор Махмұтты екі рет көрген.
A)екінші мен үшіншісі
B)бірінші мен үшіншісі
C)үшеуі де дұрыс
D)тек үшіншісі
E)бірінші мен екіншісі

  1. Мәтін бойынша Сұлтанмахмұтқа қатысы жоқ нұсқа

A)Ұзын бойлы, ақ құбаша жігіт еді.
B)Оның еркін сөзі ол кезде халыққа жат еді.
C)Аурудан әбден арықтап жүдеген.
D)Болысқа шабарманы арқылы хат жібереді.
E)Өз айтқанынан басқаға көнбейтін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет