Қазақстан тарихы пәні. Билет жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымының трансформациясы (XIX-ХХ ғ.басы.): жергілікті басқару жүйесінде қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы



бет2/8
Дата20.11.2023
өлшемі208,33 Kb.
#192038
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәні сессия
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
50. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымының трансформациясы (XIX-ХХ ғ.басы.): жергілікті басқару жүйесінде қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы.
Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. XIX ғ-ң ІІ-жартысы – XX ғ-ң басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде орын алған құбылыстар қазақ қоғамының санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Бұл өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуын анықтады. Дәуірдің жаңалықтарын, еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдері, адамдардын шағын тобы меңгерді.
Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының да, аграрлық қозғалыстың да, өлкедегі азаттық күресінің дамуында ХІХ – ХХ ғасырлар шебінде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды.
Құрамы, бағыты, қызметінің сипаты жағынан зиялылар әртүрлі болды. Зиялылардың үш тобын көрсетуге болады: 1) отаршылдық-әкімшілік өкілдері: дәрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар т.б., яғни үкіметті жақтған империялық позициядағылар. Олар дворяндардан, қоғамның төменгі топтарының әртекті ортасынан шыққандар еді; 2) социал-революционерлер, социал-демократтар, революцияшыл элементтер, саяси айдауда жүргендер; олар еңбекшілердің бой көрсетулеріне белсене қатысты. Жергілікті зиялылардың негізінен төменгі топтардан шыққандары социалистік идеяларды ұстанды. Мысалы, Омбы почта-телеграф кеңесінің телеграфисі, кеңсе қызметшілері бас көтеруін ұйымдастырушыларының бірі, Қарқаралыдан шыққан Мұхаммед-Мақсұт Хамидуллин-Бекметов, 1903 ж. РСДЖП мүшесі, Қарқаралы оқиғалары ұйымдастырушыларының бірі болған, революциялық идеяларды насихаттаған, А.Байтұрсыновпен жақсы таныс болған, орыс оқырманын оның шығармашылығымен, қоғамдық-саяси қызметімен таныстырған. 3) либерал-демократтар (кадеттер, октябристер т.б.) және ХХ ғ. басында «Алаш» қозғалысының өкілдері болған либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар. Қазақ зиялыларының саны, ықпалы жөнінен неғұрлым басым бөлігі осы либерал-демократиялық позицияны ұстанды. Бұлар негізінен дала аристократиялық топтарының өкілдері: Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаев т.б. болды. Олардың арасынан ауылдың орташа, төменгі топтарынан шыққандар да кездесті (А.Байтұрсынов т.б.). Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, ол күрделі, ұзаққа созылған үрдіс болды. XIX ғ-ң аяғы – XX ғ-ң басы – халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең.
Ұлт зиялылары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, М.Тынышбаев, Ә.Ермеков т.б. Қазақ зиялылардың ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірді, бұл үшін Бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік, саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетті. Бұл жол қиын күрес, күрделі тартыстар, ізденістер жолы болды. Сондықтан бұл жолда жетістіктер де, қателіктер де болды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты – халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» қозғалысының жетекшілерінің бірі М.Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында баяндаған: «... Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір Кеңес өкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».
ХХ ғ. басындағы алдыңы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның, әрбір халықтың өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта қазақ даласында қызу қызмет жүргізді.
Қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселені әділ шешу жолындағы күресімен тығыз астасып кеткен ұлт-азаттық қозғалысындағы қазақ зиялыларының маңызын атап өту қажет.
Қазақ зиялыларының либерал-демократиялық позицияны ұстанған «Алаш» қозғалысының өкілдері 1905 жылдың желтоқсанында Оралда 5 облыстың қазақ халқы депутаттарының съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға тырысты. Бөлімше 17 қазандағы патша манифесімен берілген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тырысты. 1906 ж. ақпанында Семейде қазақтардың 2-съезі болды, ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады, сонымен қатар оған өлкеге шаруалардың қоныс аударылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, т.б. талаптар енгізді. Бұл саяси ағымды Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері басқарды. Олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы актілеріне қарсылық білдірді. Ұлттық мәдениетті дамытуды, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды жақтады.
Патша шенеуніктері қазақ халқының зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген қажеттіліктері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда т.б. қалаларда оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар бастауыш, орта білім алды. Патша өкіметі «бұратаналарды» орта, жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Қазақ жастары Қазан, Томск, С.-Петербург, Мәскеу т.б. университеттерінде, техникалық, медициналық жоғары орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рөл атқарған қазақ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы ХХ ғ. басына қарай нақ сол буынынан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялылары патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдыретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмады. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар еді, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың т.б. қалыптасуымен ерекшеленді. Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымы кеңес өкіметі жылдарында қарқынды дамыды, алайда оның іргетасын ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының нақ осы талантты өкілдері қалаған еді.
ХХ ғ. басында шовинистік отаршылдық идеология мен бостандық, тәуелсіздік идеологиясы арасында ымырасыз күрес жүріп жатты. Қазақ даласына қалыптасып келе жатқан жас қазақ зиялылары белсене таратқан саяси идеялар қазақ қоғамының оянуына көмектесіп, бұл халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал жасады.

Қазақтардың осы жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес сипатында да бой көрсетті. XX ғасырдың басында ислам дінінің, түркі әлемінің ықпалы мен дәрежесін көтеріп, сонымен бірге Еуропадағы білім мен тұрмыстың жақсы жақтарын да өз елінде енгізгісі келген қоғамдық-саяси және діни қозғалыс жәдиттік қозғалыс өкілдерінің белсенділігі артты. Мұсылман дінбасылары мен татар буржуазиясының ықпалы күшті болған Семей, Петропавл, Ақмола, Верный және басқа қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейді. Ерекше мұсылмандық діни басқарма ұйымдастыру, мешіттер, діни мектептер ашу, мектепте исламды қазақ тілінде оқыту, Меккеге қажылыққа бару үшін шетелдік паспорт беру т.б. талаптар алға тартылды. 1905 ж. тамызда Нижний Новгородта Бүкілресейлік мұсылмандар съезі шақырылды. Съезд «Бүкілресейлік мұсылман одағын» құрды. Ол өзінің 3-ші съезінде (1906 ж. тамыз) кадет партиясының идеяларына жақын бағдарламаны қабылдады. Патша өкіметі Ресейдің, соның ішінде Қазақстанның мұсылман қауымына бірқатар жеңілдіктер жасауға барды. Мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы және мәдени-автономиялық даму туралы мәселе көтерді.

Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік Дума сайлауы да айтарлықтай рөл атқарды, сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі өрістеді. Мемлекеттік Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік цензіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Теңсіз сайлау жүйесінің нәтижесінде Ресейдің барлық жұмысшыларының ¾ бөлігі сайлауға қатысудан шеттетілді. Ұлттық шет аймақтар халқының құқықтарына қысым жасалды. Қазақстандағы Мемлекеттік Дума сайлауы орыс халқының саны едәуір болатын өлкенің ең ірі облыстарында социал-демократтар мен трудовиктер партиясы мүшелерінің, ал қазақ халқы арасында либерал-демократиялық ұлттық зиялылар өкілдерінің зор ықпалы болғанын көрсетеді.

51. Орынбор Мұсылмандарының рухани жиналысы және қазақ даласы. Қазақстандағы діни конфессиялардың миссионерлік қызметі. Джадидизмнің ағартушылық идеяларының әсері және мектептердің ашылуы.
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде қол астындағы мұсылман халықтарға, ислам мен оның институттарына қатысты саясатын белсенді түрде жандандырып, ХІХ ғасырдың екінші ширегінде бұл саясатынан бас тарта бастады. ХVІІІ ғасырдың ортасынан басталған, бірақ сәтсіздікпен аяқталған күштеу, зорлық-зомбылық көрсету тәсілдерінің орнына патша үкіметі жаңа заманда жаңа әдіс-тәсілдерге көшіп, мұсылман халықтарының, оның ішінде қазақтардың ел билеушілерін өзіне тартып, сыйлық беру, марапаттау, алдап-арбау сияқты қитұрқы саясат арқылы отарлауды іске асыра бастаған болатын. Мұсылман халықтары мекендеген аймақтардың орыс мемлекетінің құрамына қосыла бастаған уақытынан бері қаншама жылдар өтсе де патшалық биліктің исламға қатысты саясатында бірізділік болмағаны айқын көрінеді. Жалпы алып қарасақ, орыс мемлекеті мен ислам арасындағы қарым-қатынас эволюциялық бағытта, қарама-қарсы тұрудан өзара ынтымақтастыққа қарай дамыды. Орынбор мүфтилігінің құрылуы империялық биліктің исламды терезесі тең дін ретінде ресми мойындауы болып табылады. Мұсылмандардың діни басқару әкімшілігін құрғанда патша өкіметі бірқатар мақсаттарды көздеді: яғни біріншіден, мұсылман дінбасыларын өз бақылауына алу; екіншіден, оларды ресейлік жҽне шетелдік мұсылман қауымдары арасында Ресей саясатын жүргізу үшін пайдаланбақ болды. Мемлекет діни басқарманың түркі тілдес халықтар арасында беделінің көтеріліп кетпеуін де қадағалап, кедергілер қойып отырды. ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасыр басында Орынбор мүфтилігін қатаң қадағалайтын сенімді тетіктер қалыптасты. Мұны Орынбор мүфтилігінің екі жақты бағынышты жағдайда болуынан айқын байқауға болады, яғни ол бір мезгілде Ресей империясының Ішкі істер министрлігі мен Шетелдік діндердің айырықша департаментінің бақылауында тұрды.

Жәдидшілдік (араб.- жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс.[1] Алғаш 19 ғасырдың 80-жылдарында Қырым, Еділ бойы татарларының арасында қалыптасты. Кейіннен Жәдидшілдік Орталық Азиядағы барлық дерлік түркі халықтары (қазақ, қырғыз, өзбек, т.б.) арасында жалғасын тауып, өрістей түсті. Жәдидшілдіктің ірі өкілдері қатарында И.Гаспралы, Ш.Маржани, А.Ибрагимов, М.Абдурашидханов, М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев, т.б. болды. Ағартушылық сипатта жүрген Жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеді. Жәдидшілдік патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Түркі халықтарының ерікті әрі өркениетті болуын қалады. Мұсылмандық хадими (ескіше) мектептердегі ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келген оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесін жаңа заман талабына сәйкестендіріп, қайта құруды ұсынған ілгерішіл бағыт ұстанды. Мектеп-медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген кейбір дін иелері Жәдидшілдікті шариғатқа қарсы әрекет ретінде бағалады. Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. Жәдид мектептері оқушыларының басым көпшілігі Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында білім-тәрбие алған татар, башқұрт және қазақ жастары болды. Олардың арасында Стамбұл, Мысыр, Бағдат оқу орындарының түлектері де кездесетін. Патша өкіметі оларға өзінің Орталық Азия мен Қазақстандағы отаршылдық саясатына зиянын тигізетін саяси сенімсіз адамдар ретінде қарады. 19 ғасырдың соңында Ресей мұсылмандары хадимшілдер және жәдидшілдер болып, іс жүзінде бір-біріне қарсы екі топқа бөлінді. Хадими бағытты қолдаушылар “Сират әл-мустақим” (“Тура жол”) атты партия құрып, 1907 жылы Орынбор қаласындағы баспахана иесі, бай Ұ.Хұсайыновтың қаржысына “Дін уа мағишат” (Дін және өмір”) деген журнал шығарды. Бұл журнал Гаспралы басшылық еткен, Бақшасарайда (Қырым) 1883 жылдан бастап шығып отырған “Тәржіман” газетінің Жәдидшілдік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. Жәдидшілдік бағыт пен хадимшілдер арасындағы тартысты патша өкіметі әдейі қоздырып, біріне-бірін өшіктіріп, айдап салып отырды. Мұндай кедергілерге қарамастан, Жәдидшілдік қозғалысы екпін алып, жер-жерлерде аталмыш бағыттағы мектеп-медреселер ашыла бастады. Мұндай оқу орындарында жаратылыстану пәндеріне, түркі халықтарының төл тарихы мен әдебиетіне ерекше көңіл бөлінді. Уфадағы “ұалия”, Орынбордағы “Хусеиния”, Қазандағы “Мұхаммедия”, Қырғызстандағы “Шабдания” секілді мектеп-медреселер Жәдидшілдіктің ірі ошақтарына айналды. 1913 жылы бүкіл Түркістан өлкесінде Жәдидшілдік бағыттағы 92 мектеп-медреселер қызмет етті. Қазақстандағы Жәдидшілдік бағыттағы мектептердің ең ірілерінің бірі — “Мамания” мектебі болды.


Ал Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым мен діннің жаңа формада үйлесуін қолдап, қазақ жастарын озық ғылым-білім жетістіктерімен сусындауына үгіттеді.
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары жәдидшілдік тарихын негізінен жәдидшілдердің өздері жазған. Солардың қатарында Орта Азиялық жәдидтік өкілдері Садриддин Айни (1878-1954) [10] мен Файзулла Ходжаевтардың (1896-1938) еңбектерін атауға болады. Олар, өз еңбектерінде негізінен Бұқара әмірлігіндегі жәдидшілдікті қарастырып, оны бастапқыда мәдени-ағартушылық демократиялық қозғалыс десе, кейіннен таптық тұрғыда ұлттық буржуазиялық қозғалыс деп көрсеткен. Еңбектерінде Орта Азиялық жәдидтердің Түркістан өлкесі құрамындағы туыстас қазақ жәдидтерімен патшалық биліктің отаршылдық саясатына қарсы күресте бірігіп әрекет жасағаны баяндалады.
Қазақ ұлтынан ағартушылық туралы ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында зерттеу жүргізген еңбек авторлары белгілі ұлт зиялылары С.Асфендияров (1889-1938) пен М.Тынышбаевтар (1879-1937) болды.
Олар білім беру саласындағы патша өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп жазды, нәтижесінде репрессияға ұшырап, еңбектері ғылыми айналымнан алынып тасталды.

Бұдан кейін тақырыпқа қатысты зерттеулер біраз уақытқа тоқтап қалды. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда жәдидшілдік, көрінісі мен дамуы, оның ықпалы мен негіздері жөніндегі еңбектер жоқтың қасы. Өйткені бұл кезеңде ғылыми зерттеулер коммунистік партия саяси конъюнктурасы мүддесіне сай қарастырылды. ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары аралығында тақырып көлемінде зерттеулердің жүргізілмеуі негізінен түсінікті де, өйткені алдымен 1930-шы жылдардағы кеңестік саяси науқан, одан кейін Ұлы Отан соғысы, әдебиеттің де, тарихтыңда назарында соғыс, соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңдегі бейбіт өмірді қалпына келтіру тақырыптары, ал 1950-ші жылдардағы Одақтас республикалардың тарихы мен әдебиетіне деген кеңестік биліктің қатаң көзқарасы бірде-бір зерттеушігеөз ұлтының тарихы мен әдебиеті, мәдениеті мен ұлт зиялылары туралы қалам тартуға мүмкіншілік бермеді. Тек, 1956 жылы ақпан айында өткен партияның ХХ съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жоюды, тарих, әдебиет пен өнер мәселелеріне көп көңіл бөлуді тапсырды. Осы кезең тарихқа «Жылымықжылдар» деген атпен еніп, ұлттықреспубликалардың құқығы біршама кеңейтілгеннен кейін тақырыптың қарастырыла бастауының жаңа кезеңі басталған.


52. Исатай Тайманұлы пен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей хандығындағы қазақтардың көтерілісі (1836-1838 жж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, оның маңызы
Көтерілістің басты мақсаты:
Хан озбырлығына шек қою;
Шаруалар жағдайын жақсарту;
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту;
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы.
Көтерілістің барысы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.
53. Кіші жүздегі халық-азаттық қозғалыс: Сырым Датұлы көтерілісі. Қаратай мен Арынғазы сұлтандарының қозғалысы (1816-1821 жж.), Жоламан Тіленші қозғалысы (1822-1824 жж.).

ХVІІІ ғасырдың соңынан Арал маңындағы және Сырдария сағасындағы қазақтар саяси жағынан оқшауланып, Әбілхайыр отбасынан және орыс әкімшілігінен тәуелсіз хандарды сайлады. Бұл жерді Қайып ұрпақтарыбиледі. Оның баласы Батыр және немересі Қайып бір уақытта Хиуа хандары болды. Қайып баласы Әбілғазы Сырым Датұлын белсенді қолдаған.Арынғазы ұзақ уақыт бойы Хиуа сарайында тәрбиеленіп, күшті хан билігінің,мұсылман мәдениетінің және шариғаттың нағыз жақтаушысы болған. Оның әкесі Әбілғазы Хиуадан кетуге мәжбүр болғанда Арынғазы бұл мемлекетке қатысты күрт теріс позицияға ауысты. Хиуа хандарының Кіші жүз жерлерін жаулап алуы қазақ халқы арасында күштерді шоғырландыру ынтасын туындатты. 1816 жылдың сәуір айында Қаратай саяси қызметтен кеткеннен кейін ру басшыларының съезі Арынғазыны хан етіп сайлады (1816 – 1821 жж.). Өз басқаруының басынан бастап-ақ ол Хиуа мен Қоқандтың жалғасып келе жатқан агрессиясымен соқтығысты. Қазақ рубасылары екі мәрте, 1817 және 1819 жылдары император атына Серғазы ханды ығыстырып, Арынғазыны мойындау туралы сұраныс жасады. Кіші жүздің барлық қазақтары және Орта жүздің бір бөлігі Арынғазы ханды қолдады. Осыны негізге ала отырып, Орынбор губернаторы П.Эссен сұранысты қолдады, бірақ Сыртқы істер министрлігінің Азиялық комитеті Арынғазыны қолдау Ресейдің қазақ даласындағы отарлық жоспарлары үшін қауіпті деп есептеп бұл сұранысты қабылдаған жоқ.1820 жылы Хиуа әскерлері қайта қазақтарға шабуыл жасады. Арынғазы ауылы талқандалып, оның туыстары тұтқынға алынды, 300-ден астам қазақ өлтірілді, мыңға жуығы тұтқындалды. Көптеген рубасылары Хиуамен күресудің пайдасыз екендігін айтып қобалжи бастады. Бұл жағдайда Арынғазы Ресеймен жақындасуға шешім қабылдады. Ресей өкіметі Арынғазы сияқты қауіпті көршіден құтылуға шешім қабылдады. 1821 жылы ол Петерборға оны қазақ ханы ретінде мойындау туралы келіссөздер жүргізу үшін деп көзбояушылықпен шақырылды. Арынғазы өзінің бір қатар қолдаушыларымен барды, бірақ оның Хиуамен күресте көмек көрсетеді деген үміттері алданды. Ол тұтқындалып, Калугаға айдалды, осы жерде 1833 жылы 55 жаста қайтыс болды.


54. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың халық-азаттық қозғалысы (1837-1847 жж.): басталу себептері, қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері мен себептері.
XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
55. Торғай және Орал облыстарындағы (1868-1869 жж.) және Маңғыстаудағы (1870 ж.) қазақтардың көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы
Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады. 1810 ж. Елек, Қурайлы өзендерінің бойынан 700 мың десятина жер, 1830 ж. Ор өзенінен Березовкаға дейін 7,5 млн десятина жер, Ор мен Құмақ өзендері бойындағы шабындықтарды және 1865 ж. Орал өкілдерінің оң жағалауынан қырға қарай 25 шақырым жер алынып, Орал, Орынбор казак-орыс әскерлеріне берілді. Аманқарағай, Наурызым ормандарын Орынбор әкімшілігі пайдаланды. Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. 1851 ж. жайылымдық жерсіз қалған Кіші жүз шаруалары малының жартысы қырғынға ұшырады, Қазақтар тұзды (Елек, Тұзтөбе, ақжал), балықты (Шалқар, Қамыстысамар және т.б.) көлдер мен өзендерден (Есіл, Ор, Орал) ығыстырылды. Жем өкілдерінің төменгі бойы мен Каспий теңізінің шығыс жағалаулары Ресей кәсіпшілерінің меншігіне алынды. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мәжбүр болды. Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды. 19 ғасырдың 60 жылдарында әр түтінге салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен бірдей өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды. Кіші жүз қазақтары мемлекет кіресін тегін тарту үшін (Наурызым орманынан Сырдария бойындағы қалаларға ағаш тасу және т.б.) түйешілермен (5 түйеге бір адамнан) қоса 4 мың түйе беруге, Орта Азия хандарына жорық жасап жатқан патша әскерлерін азық-түлікпен, баспанамен, жылы киімдермен және т.б. жабдықтауға міндетті болды. Тек 1839-40 жылдары ғана 14 мың түйе, 15 мың пұт ет, 15 мың саржан киіз, 10 мың бас киім, қолғап алынды. Жергілікті әкімдер халық есебінен көлікпен, қаражатпен қамтамасыз етілді. Күйзеліске ұшыраған кедейлер топ-тобымен казак-орыс шептеріне, ірі қалаларға жалдануға кете бастады. 50 жылдары Орал казак-орыс шептерінде 20 мыңнан астам қазақ кедейлері жалданды.
Көтіріліс аяқталуыӨңдеу
Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан жеңіліске ұшырады. Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының ерекше бір көрінісі болды. Маңғыстау көтерілісі, 1870 жылы Маңғыстау өңірінде патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды.
Себебі
Көтеріліс патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережеге” (“Далалық облыстарды бас-қару жөніндегі Ереже”) сай туындады. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 67 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал обл. басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлш. 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті. Ел арасында толқу басталды. Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмағамбетов, Ержан және Ерменбет Құловтар басқарды. Оған қоса Маңғыстау приставы полк. Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға (1869 — 70) бір-ақ жинамақшы болды. Рукин 1870 жылы 15 наурызда Б.Маяевтың жол көрсетуімен төрт зеңбірегі бар 35 казак, тілмаш Бекметов, 60-тай билер мен старшындар құрамымен адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілерге “ұсақ” құдығы маңында Бозащы тобы қосылды. Рукин отряды біржола талқандалып, Б.Маяев өлтірілді, Рукин көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді.
56. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі. XІX ғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне алып келді. Көтерілістің негізгі себептері, Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853 жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда облысы) басып алған болатын. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған басқыншылық саясат халықтың ашу-ызасын тудырған еді. Шекті руы басқыншылардың бірі Жанғожа қарапайым халықтың арасында беделді болды. Ол сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отаршылық қанау салдарынан тұрмысы тіпті нашарлап кеткенін жақсы түсінді. Бұның себебі алдымен жер мәселесі еді.
Ақмешітті басып алғаннан кейін патша өкіметі Сырдария әскери шебін құрды. Бұл шеп бойынша бұрын қазақ халқы иемденіп келген көлемді әрі шұрайлы жер орыс-казактар мен Ресейден қоныс аударып келгендерді орналастыру үшін берілді. Жергілікті қазақтарға түтін салығы салынды, көптеген ауыр жұмыстарды орындау жүктелді. Олар жолды жөндеуге, көпірлер салуға, бас арықтарды тазалауға міндетті болды. Оның үстінде жергілікті үкімет орындарының талап етуімен бекіністер салуға, құрылыс материалдарын тасу үшін күш-көлік бөлуге де міндетті еді. Осы сияқты көлденең міндеткерліктер көбіне егіншілердің науқанды жұмыстарымен қабат келіп, олардың жағдайын ауырлата түсті. Егінші қазақтардың бұған дейін пайдаланып келген құнарлы жері күшпен тартылып алынып, казактарға берілді. 1857 жылға дейін 3000-дай қазақ отбасыларының егістікке жарамды жерлері тартып алынып, олар ағын суы жоқ, егістікке жарамсыз жерлерге қуылып тасталады. Осы жағдай 50-жылдардың ортасында шағын шекті руының егіншілерін ашық күреске шығуға әкелді. Есет батыр көтерілісі 1847 жылдан 1858 жылға дейін созылған. Алғашында партизандық соғыс сипатында еді, аз топтармен Ресей империясының күштеріне шабуылдап тұрған. Ал кей кездері патша әскерлерімен үлкен шайқастар да болған.
1853 жылы патша әскерлері Қоқан хандығының құрамында болған қазақтың Ақмешіт қаласына қарсы жорыққа аттанады. Бұл жорыққа қажетті 4 мың түйенің патша өкіметі Кіші жүздің қазақтарынан өндіргісі келді. Бұның салдарынан халық арасында патша өкіметіне деген наразылық есейе түсті.
Патша өкіметі 1855 жылы Есет батырға қарсы күш жібермек болды, батырымыз тоспай өзі бұрын күш жинай бастады. Бұл батырдың қол астында осы жылы 1300-ге жуық сарбаз жиналған, бұлардың барлығы дерлік патша өкіметі жүргізген саясатына қарсы болған адамдар еді.
57. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ даласы. 1916 жылғы азаттық көтеріліс:оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.

Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.


Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы — XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші — өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
58.ХVIII-ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті: ауызша поэтикалық шығармашылық және музыкалық өнер, қазақ әдебиеті.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С.Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
59. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мерзімді баспасөз. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы «Қазақ», «Шуро» газеттерінің, «Айқап» журналының рөлі. М. Сералин, С. Көбеев, С. Торайғыров және т. б. Шығармашылығы
Дінасыл Уник: Мерзімді басылымдар үш түрге бөлінеді: газеттер, журналдар жəне ғылыми қауымдастықтың мерзімді басылымдары. Түрлерін белгілеуге байланысты қолданатын терминдер қазіргі кездегі өз атауларына сəйкес келеді. Мерзімді басылымдарды олардың атқаратын қызметтеріне қарай жіктеуге болады. Мерзімді басылымдардың негізгі мақсаты — қоғамдық пікірді қалыптастыру.

Мерзімді басылымдардың маңызды сипаты олардың бір мезгілде шығатын санына байланысты, əсіресе олардың қалыптасуының бастапқы жəне қоғамдық күйзеліс кезеңдерінде жарық көрген басылымдардың көп бөлігі ұзақ уақытқа жетпеді. Сондықтан жиі қолданатын мерзімді басылымдардың жалпы саны газет жəне журналдардың жағдайына тең болмады. Келесі бір мерзімді басылымдардың сипаты оның таралымына байланысты болуында. Аталған сипаттар бір-бірімен тікелей байланысты. Мерзімді басылымдардың жеке немесе ресми екендігін ескеру қажет жəне оны қаржыландыру көзін де нақты білген дұрыс.


Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде қазақ зиялыларының пікір қайшылығынан туындаған (көшпелі және отырықшы) мәселеде парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге ой салып, елдік жолындағы саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат­мақсатта береке­бірлікке шақырса, «Сөз таласында» «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарайды.
Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтардың келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін айтады. «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы­ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс — тіл қаруы.
60. Қазақ зиялыларының қалыптасуы. I және II Мемлекеттік Думаның қазақ депутаттарының қызметі
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Аст…
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды
61) Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы. Ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қарқаралы петициясы (1905 ж.). Қазақ комитеттерін құру.

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.


Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.
Жер реформасы және жергілікті тұрғындарды жерінен айырған қоныс аудару саясаты, майдан қажеттіліктеріне жергілікті халықтан мал басын мәжбүрлеп жаппай реквизициялау (арзанға), салықтарды көбейту, байырғы мұсылман халқының тыл жұмыстарына қатысудан бас тартуы, жергілікті дегдарлардың Ресейге қарсы саясаты, қоныс аударушылардың жергілікті тұрғындарды ығыстыруы осы мәселелерді шешу.
Қарқаралы петициясы
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды
62) I Жалпы қазақсъезі және Алаш партиясын құру туралы шешім, партия бағдарламасы.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:Мемлекеттік құрылыс.Қазақ автономиясы.Жер мәселесі.Халық милициясы.Земство.Оқу мәселесі.Сот мәселесі.Дін мәселесі.Әйел мәселесі.Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.Қазақ саяси партиясы.Жетісу оқиғасы.
Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.
Алаш партиясы
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды.
63. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресей халықтарының құқықтары декларациясы (15 қараша 1917ж.).
Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады.Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға. Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері ол жұмысшылар,салдаттар,шаруалар болды .Ал қазан төңкерісінің себебі халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 карашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда,Атбасарда, Костанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетiсу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.
Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
Ресей халықтарының құқықтарының декларациясы-Большевиктер, патша режимін жеңгеннен кейін, бүкіл мемлекеттік аппараттың өздерінің толық иелігінде бар. бірінші нәрсе, жаңа мемлекеттік шенеуніктер Ресей халықтарының құқықтарын декларация болды, олардың біреуі, құжаттар мен жарлықтар басып бастады. империялық аумағы көрші мемлекеттермен біріктірілді фактісін ескере отырып, ол назарға жаңа азаматтардың мүддесін қабылдау қажет болды. Ресми, жаңа орыс ұлты, барлық бірдей құқықтары танылады және ортақ жауапкершілігін мiндеттi.
64. II Жалпы қазақ съезі және Алаш автономиясының құрылуы. Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқай–жалпы түркі азаттық қозғалысының көшбасшысы.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.

Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын.


Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын.

Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.


65) Қазақстан азаматтық текетірес жылдары (1918-1920 жж.): Алаш әскери жасақтарының қатысуы. «Соғыс коммунизмі»саясаты және оның теріс салдары.
Азаматтық соғыс большевиктерге үлкен армия құру, барлық ресурстарды барынша жұмылдыру, демек, билікті барынша орталықтандыру және оны мемлекет өмірінің барлық салаларын бақылауға беру міндетін қойды. Бұл ретте, міндеттері әскери лауазымы көріністермен большевиктер о социализме ретінде бестоварном, безрыночном орталықтандырылған қоғамда. Нәтижесінде, 1918-1920 жылдары большевиктер жүргізген "соғыс коммунизмі" саясаты, бір жағынан, бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі (Ресейде, Германияда) экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу тәжірибесі негізінде, екінші жағынан, әлемдік революцияны күту жағдайында нарықтық емес социализмге тікелей көшу мүмкіндігі туралы утопиялық идеяларға негізделді, бұл сайып келгенде азаматтық соғыс кезінде елдегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістердің қарқынын күшейтуге әкелді. Азаматтық соғыс кезінде Кеңес үкіметі өзі басқаратын аймақтарда соғыс коммунизм саясатын жүргізді. Оның мәні экономикаға төтенше шаралар енгізу болды. Атап айтқанда, бұл көрінді:
1. азық - түлік өрістетуде-тұқым қоры мен күнкөріс минимумын қоспағанда, шаруалардың азық-түлігін, астығын тәркілеуде. Әйтпесе, Кеңес үкіметі азаматтық соғыс жүргізе алмады;
2. Ірі ғана емес, орта, шағын өнеркәсіпті жедел ұлттандыруда, оны басқаруды орталықтандыруда;
3. Жалпыға бірдей еңбек міндетін енгізуде (алдымен буржуазия үшін, содан кейін халықтың барлық топтары үшін).
4. Мемлекеттік құрылыс саласында кеңес үкіметі орыс емес халықтарды өз жағына тарту үшін Ресейдің барлық шетінде автономия құруға кетті. 1920 жылдың 26 тамызында Ленин мен Калинин БОАК мен РСФСР ХКК "автономдық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы"декретіне қол қойды.
"Соғыс коммунизмі" саясатының негізгі элементтері. 1918 жылдың қараша айында продармия таратылып, 1919 жылдың 11 қаңтарында азық-түлік салғырты әкелінді. Жер туралы жарлық іс жүзінде жойылды. Жер қоры барлық жұмысшыларға берілмеді, бірақ, ең алдымен, совхоздар мен коммуналарға, екіншіден, еңбек артельдері мен жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктеріне (тоз) берілді.
66) Қырғыз (Қазақ) Кеңестік социалистік автономиялық республикасының құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-і аумақтық шекаралары мәселелерін әміршіл-әкімшіл шешу.

ҚазАКСР құрылуы


1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет