«Қазақстан тарихы» пәнінен а тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 11-сынып



бет9/12
Дата28.02.2023
өлшемі153,13 Kb.
#170436
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
DOC-20221222-WA0088.

Барлығы

30 балл


III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


III тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны- 30 балл

Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Берілген нұсқа 5 тапсырмадан тұрады.Тапсырмаларда кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушылар бірнеше жауап нұсқалары арасынан бір жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.


ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма №*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

Қоғамдық саяси ойдың дамуы

11.3.2.1 «Алаш» ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау

Білу және түсіну

1

1

КТБ

5

4

30

11.3.3.1 «Мәңгілік Ел» идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығын анықтау

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ҚЖ

6

5

11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдықсаяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

9

7

11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

10

8

11.3.2.2 Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси
көзқарастарын салыстыру

Қолдану

1

5

ТЖ

10

6

БАРЛЫҒЫ:




-

5

-

-

40

30

30

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер





















20



«Қазақстан тарихы» пәнінен Ш тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.Тест тапсырмаларын орындаңыз.


1.1.«Алаш» ұғымының шығуы немен байланысты?

  1. Қазақтың ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы

  2. Аңыз бойынша ертедегі ханның алты ұлына байланысты оқиға

  3. Мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сипаты

  4. Қалмақтарды қорқыту үшін қолданылған ұран 1.2. «Алаш» ұлттық идеясының туындау себебі неде?

  1. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қазақтардың қатысуы

  2. Отарлық езгіде болған елдің санасын оятудағы құрал

  3. Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін алуға бастау

  4. Ауызекі айтылуға жеңіл болғандықтан

1.3. «Алаш» партиясы қандай ұлттық мәселелерді көтерді?

  1. Ұлттық экономиканы дамыту

  2. Дәстүрлерді жандандыру

  3. Автономия алу

  4. Шекараларды бекіту

1.4. Қазақ ұлттық саяси партиясын құру қандай жиында талқыланды?

  1. Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезінде

  2. Орынбордағы Жалпы қазақ съезінде

  3. Бүкілтүркістандық төтенше IV съезінде

  4. Семейдегі облыстық съезде

[4]

  1. «Мәңгілік ел» идеясынның елді біріктіруші ретіндегі маңызын жазыңыз

Құндылықтар

Маңызы

Қазақстанның тәуелсіздігі мен астанасы




Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім




Зайырлы қоғам және жоғары руханият




Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы




Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы




[5]

  1. Дереккөздерді және өз біліміңізді қолданып, қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуына үлес қосқан тарихи қайраткерлерді бағалаңыз.


А дереккөзі


Әл Фараби «Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады».

В дереккөзі


«Диуани лұғат ат түрік» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді. Махмұд Қашғари онда тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».

С дереккөзі


Жүсіп Баласағұн қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. «Құтты біліктің» негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Оның пікірі бойынша мемлекеттік аппарат жақсы ұйымдасқан болуы тиіс: сыртқы басқыншы күштерге қарсы тұра алатындай қуатты болуы тиіс; жергілікті халықтың мүдделерін қорғайтындай икемді болуы тиіс; ел арасында салықты жинау мен оны реттеу үшін жеткілікті дайындалған болуы тиіс. Ол хандар мен бектерді кедейлерге қайырымды болуға, оларды киіндіріп, тамақ беруге, оларға жылы қарауға шақырады.



Қоғамдық ойдағы ұқсастығы

Қоғамдық ойдағы айырмашылығы

1.
2.
3.

1.
2.
3.

Тарихи маңызы:




[7]

4. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастарын IDEA формуласын қолдана отырып талдаңыз

Ш. Уәлиханов қазақтардың кедейлік тұрмысының және саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нәтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды және мәдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды.

Ы.Алтынсаринның ойынша, одан әрі қарай мектеп ісін дұрыс жолға қою қажет. Мектептер жаңа жақсы өмірге күресе алатын жаңа азаматтарды қалыптастыруға назар аударуы тиіс.



А.Құнанбаевтың іс-әрекеті халықты қанаудан сақтау болатын. Осы жағдайда ол билікті білімді адамдарға беру керек деген тұжырымға келеді. Ойшыл білімді билеуші мен білімді халықтың концепциясын негіздеушілердің бірі.

I (Identify) – тарихи оқиғалардың себептерін анықтаңыз.
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________


  1. (Describe) –сәйкесінше дәлелдерді сипаттаңыз.

1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________


  1. (Explain) – осы себептердің тарихи оқиғаға қалай ықпал еткенін түсіндіріңіз.

1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________

A (Analyze) – осы себептердің қаншалықты маңызды болғанына талдау жасаңыз
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________
[8]
5. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстырыңыз.




«Алаш» қозғалысы қайраткерлері

Революционер-демократтар

Көтерілген мәселелер







Ой-пікірлерінің мықты тұсы







Ой-пікірлерінің әлсіз тұсы







[6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет