Қазақстан тарихы пәнінен арналған бақылау жұмысының тақырыптары 1-нұсқа



Дата22.08.2017
өлшемі409,96 Kb.
#23828
Қазақстан тарихы пәнінен арналған бақылау жұмысының тақырыптары
1-нұсқа.
Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.

Ежелгі адамның қазақстан жерін мекендеуі.

Тас дәуіріндегі Қазақстан территориясында табиғи жағдайлар және адамның шаруашылық әркеті. Палеолит мәдениетініғ аймақтары – Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан. Еңбек құралдарының пайда болуы мен дамуы.

«Неолит төңкерісі»: мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы. Адамзаттың дамуы үшін өндіргіш шаруашылықтың маңызы.

Қола дәуіріндегі Қазақстан. Ежелгі металлургияның ошағы – Орталық Қазақстан. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиялық сипаттамасы. Олардың тілі туралы мәселе. Рулық құрылыс. Матриархат пен патриархат. Рулық құрылыстың ыдырауы.
Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5-томдық. 1-том. А, 1996ж.

2. Қазақ ССР тарихы. 5-томдық. 1-том. А, 1980ж.

3. Қазақ ССР тарихы. 2-томдық. 1 том. А, 1963 ж.

4. Қазақстан тарихы. Очеректер. А, 1994ж,

5. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. Астана. 2000ж.

6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А, 1997ж.

7. Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. А, 1998ж


2-нұсқа

Тақырып. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар.

Б.Д.Д. 1 мыңжылдықтағы Қазақстан тарихы Ұлы даланың ерте көшпелілері туралы жазба деректер мен археологиялық материалдар. Қазақстан жерінде көшпелі қоғамның пайда болуы. Сақтардың тайпалық одағы. Сақтардың Қазақстан жерінде таралуы және олардың рулық құрылымы. Көрші тайпалармен қарым-қатынастары.Сақтардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы.

Еуразияның ерте көшпелілеріінің алдыңғы Азияның отрықшы өркениеттерімен күресі. Ахеменид патшаларының көшпелілерге қарсы жорықтары (б.д.д. 1540-530 – 519жж). Көшпелілердің грек-парсы соғыстарына қатысуы. Ескендір Зұлқарнайынның сақ еліне жорығы.

Ғұндар, үйсіндер, қаңылылар. Саяси тарихы мен қоғамдық құрылысы. Әлеуметтікң экономикалық жағдайы.

Ғұндардың батыс пен оңтүстікке қоныс аударуы. Ғұндардың Шығыс және Орталық еуропаны басып алуы. Еуропада Ғұн империясының құрылуы.

Әдебиеттер


  1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том – А.; 1996ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. Томдық. 1 том – А., 1980ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2 томдық. 1 том – А., 1963ж

  4. Қазақстан тарихы. Очеректер. – А., 1994ж

  5. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. – Астана 2000ж.

  6. Әдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – А., 1997ж

  7. Байбатша Ә. Қазақстан даласының ежелгі тарихы. А., 1996ж

  8. Қазақтың көне тарихы. А.1993ж.

  9. Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр. Егемен Қазақстан. 3 қазан 1992ж.

  10. Мусин Е, Маянов Х. Ұлы дала тарихы. А., 1994ж.

  11. Нығымет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А. 1994ж

  12. Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы. А. 1992ж.

  13. Аманжолов К., Рахметов К., Түркі халықтарының тарихы. 1 кітап. –А., 1996ж


3-нұсқа.

Тақырып. Қазақстан территориясындағы ерте түркі дәуірі.

Б.д. 1 мыңжылдығының ортасында Орталық Азия даласындағы ірі этносаяси қозғалыстар. Ерте түркі тапаларының пайда болуы.

Түркі қағандығы. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысы. Саяси тарихы. Батыс-түркі қағандығы. Түркеш қағандығы. Қарқұлұқ қағандығы. Этникалық құрылым мен саяси құрылыс. Әлеуметтік құрылымы. Қарахандар мемлекеті. Саяси тарихы. Этникалық-тайпалық құрылым. Оранласуы. Саяси құрлысы.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың арабтардың басып алуы. Қимақ-қыпшақ мемлекеті. Этинаклық құрылымы мен орналасуы. Мемлекеттік құрылыс. Әлеуметтік құрылым. Ішкі және сыртқы саясат. Дешті-Қыпшақ. Түркі тайпаларының тарихы. Қытай, парсы, араб, славян деректерінде.



Әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том – А.; 1996ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. Томдық. 1 том – А., 1980ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2 томдық. 1 том – А., 1963ж

  4. Қазақстан тарихы. Очеректер. – А., 1994ж

  5. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. – Астана 2000ж

  6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А.; 1997ж

  7. Аманжолов К. Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. 1 кітап. – А., 1996ж.

  8. Гумилев Л. Көне түріктер. – А., 1993ж

  9. Байназарова Ғ. Қасиетті түрік елі. - А., 1994ж.


4- нұсқа.

Тақырып: Алтын орда құрамындағы Қазақстан.

XXII ғ. басында Орталық Азиядағы геосаяси жағдай. Көшпелі моңғол

мемлекетінің құрылуы. Саяси құрылыс. Этникалық және әлеуметтік құрылымы.

Моңғол мемлекетінің көрші елдерге жүргізген басқыншылық жорықтары. Қазақстан

территориясының Моңғол империясының құрамына кіруі. Жергілікті тайпалардың

Моңғол басқыншылығына қарсы күресі. Моңғолдардың түркі тілдес тайпаларының

ішіндегі ассимиляциясы. Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орданың саяси және

мемлекеттік құрылысы. Қазақстан жерінде тайпалардың экономикалық және саяси

өмірінің құлдырауы.

Алтын Орданың ыдырауы. Ақ Орда мен Көк Орданың құрылуы. Моғолстан. Ноғай Ордасы. Әбілқайыр хандығы. Хандықтың саяси тарихы Қазақстанның саяси орталықтары мен экономикалық өмірі.


Әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том – А.; 1996ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. Томдық. 1 том – А., 1980ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2 томдық. 1 том – А., 1963ж

  4. Қазақстан тарихы. Очеректер. – А., 1994ж

  5. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. – Астана 2000ж

  6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А.; 1997ж

  7. Қазақтың көне тарихы. – А., 1993ж


5-нұсқа

Тақырып: XY-XYII ғасырлардағы қазақ хандығы

Жәнібек пен Керейдің құруы. Қазақ хандығының нығаюы. Қасым ханның барлық

қазақ жерлерін біріутіру үшін күрес. Мамыш, Тахир, Бұйдаш хандар тұсындағы

саяси бытыраңқылық. Хақназар тұсындағы Қазақ хандығы. Шығай, Тәукел, Есім,

Жәңгір хандарының тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Қазақтардың жоңғарлығымен күресі. Қазақ-Ресей байланыстары. Тәуке хан, оның

«Жеті Жарғысы».Мал шаруашылығы мен егіншілік, қалалармен қоныс-мекендердің

дамуы. Феодалдық - патриархалдық қатынастардың дамуы. Қазақ қоғамның

әлеуметтік құрлымы, алым-салықтар.

Әдебиеттер


  1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том – А.; 1996ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. Томдық. 1 том – А., 1980ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2 томдық. 1 том – А., 1963ж

  4. Қазақстан тарихы. Очеректер. – А., 1994ж

  5. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. – Астана 2000ж

  6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А.; 1997ж

7. Қазақтың көне тарихы. – А., 1993ж

8. Мағауин М.Қазақ тарихының әліппесі. – А., 1995ж.

9. Қазақ. Оқу құралы. - А., 1994ж

6-нұсқа.

Тақырып. XVIII ғасырдағы қазақ хандығы.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының тарихындағы ерекше маңыздылығы. «Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұлама» оқиғаларының себептері мен зардаптары.

XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстан Ресей империясының сыртқы саясатында.

Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі. А.И. Тевкелевтің елшілігі. Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.

Абылай хан: қызметі мен тарихы орны.

XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Патша үкіметінің қазақ даласында ықпалының күшеюі.
Әдебиеттер


  1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том – А.; 1996ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. Томдық. 1 том – А., 1980ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2 томдық. 1 том – А., 1963ж

  4. Қазақстан тарихы. Очеректер. – А., 1994ж

  5. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. – Астана 2000ж

  6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А.; 1997ж

  7. Абылай хан. Тарихи жырлар. 1 кітап. – А., 1993ж

  8. Жамбыл Омари. Бұқар жырау. Он екі тарих – Қарағанды. 1994ж.


7- нұсқа.

Тақырып. Қазақстан ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында.

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Патша үкіметінің аграрлық

саясаты. Орталық саясаттың күшеюі. Қазақстанда революциялық идеялардың

таратылуы. Саяси жер аударылғандардың қызметі. Қазақ ауылы мен орыс қоныс

аударылған деревнялардағы таптық күрес.

1905-1907 жылдардағы орыс буржуазиялық демократиялық революция кезінде қазақ өлкесіндегі революциялық қозғалыс. «Орыс-қазақ одағы». Қазақ шаруаларының ұлт-азаттық күресі. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Б.Қаратаев, т.б.

Қазақстан реакция және жаңа революцияның өрлеу жылдарында. Ипериалистік соғыстың Қазақстан еңбекшілерінің жағдайымен экономиксына тигізген әсері. 1916 жылғы көтерілістің әлеуметтік экономикалық және саяси алғышарттары. 1916 жылғы Иманов, Әліби Жангельдин. Патша үкіметінің жазалау саясаты. Ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себептерінің тарихи маңызы.

Әдебиеттер


  1. Қазақстан тарихы. Очектер. – А., 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. 5 томдық. 4 том. – А., 1985ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2 томдық 1 том. – А., 1963ж.

  4. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. – Астана, 2000ж.

  5. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – А., 1997ж.

  6. Қозыбаев М. Тарих зердесі. 2 кітап. – А., 1998ж.



8-нұсқа

Тақырып. Тоталитарлық жүйе қалыптасуы кезіндегі Қазақстан.

БК П Х съезі және жаңа экономикалық саясат. Қазақ ауылы жаңа экономикалық саясат жылдарында. 1921 жылы ашаршылық. Өлкенің халық шаруашылығының қиыншыллықтары мен табыстары. ЖЭС жылдарында Қазақстанның саяси және мәдени өмірінің ерекшеліктері. КСРО-ның құрылуы және Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік шекаралар мәселелері. 20-жылдарры патша ішіндегі күрес және оның Қазақстан үшін зардаптары. 20-жылдар ортасында қазақ ауылындағы реформалар және оның әлеуметтік салдары. ЖЭС-ты ыдырату.

Қазақстандағы индустриаландыру, оның ерекшеліктері. Түрксібтің құрылысы. Қазақстан-шикізат базасы. Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы. Индустриаландырудың нәтижелері мен қиындықтары. Өлкенің индустриалды-агралы респуликаға айналуы.

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұйымдастыру. Республикада колхоздық шаруашылыққа дейінгі формалардың дамуы. (ТОЗ, артель, т.б.) Қазақ қасіреті.Көшпелілерді массалық жерге отырғызу және қазақ ауылындағы жаппай ұжымдастыру. Байларды тап ретінде жою. Қазақ шаруаларының қарсылығы, көтерілістері. 1931-32ж.ж. құрғақшылық. 1931-33ж.ж. ашаршылық, оңның қайғылы зардаптары. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың қорытындылары мен маңызы.

Республикадағы қоғамдық – саяси өмір. Сталиннің жеке басына табынушылық пен байланысты республикадағы жағымсыз құбылыстар. Ф.И. Голощекин және республика әкімшілігінң әміршіл-әкімшіл жүйесінің қазақстанның қоғамдық өміріне қатерлі әсері. Республиканың саяси, шаруашылық, мәдени, ғылыми қайраткерлерінің саяси қуғын – сүргінге ұшырауы.

Әдебиеттер:


  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. А, 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. 5-томдық. А, 1986ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2-томдық. 2-том. А, 1963ж.

  4. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия. Астана, 2000ж

  5. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А, 1994ж.

  6. Әсіп Ә. Қазақ қасіреті. А, 1994ж.

  7. Қазақ қалай аштыққа ұшырады. А., 1991ж

  8. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. А, 1997ж

  9. Қызыл қырғын. 37-де опат болғандар. А, 1994ж

  10. Қызылорда қырғыны. А, 1993ж

  11. М.Шоқай. Таңдамалы. 2-томдық. А, 1998ж.

9-нұсқа

Тақырып: Қазақстан 1946-1985 жылдары

Бейбіт құрылысқа көшу. Соғыстан кейін республика экономикасынқайта құру. Қазақстан ауыл шаруашылығының жағдайы. Қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмысындағы шешілмеген мәселелер. Республиканың қоғамдық өміріндегі қайшылықтар. Ғылым мен мәдениет дамыуындағы жағымсыз бағыттар.

М.В. Сталиннің қайтыс болуынан кейін республиканың қоғамдық өміріндегі өзгерістер. КОКП ХХ съезі қоғамды демократияландыру. Тың және тыңайған жерлерді игеру: тәжірибе мен проблемалар.

1965-67 ж.ж. шаруашлықы реформалар және олардың Қазақстан үшін маңызы. 60-80 жылдардың ірі құрылыстары. Республика ауыл шаруашылығы дамуының қиындықтары. Экологиялық жағдайдың шиленісуі.

Қазақстан халық шаруашылығы дамуының экстенсивті сипаты. Республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірі: табыстар мен қателіктер. Әлеуметтік әділеттік деформациясы. Ұлтаралық қатынастар дамуындағы проблемалар.
Әдебиет


  1. Қазақстан тарихы. Очеректер. А., 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы. 5-томдық. 5-том. А; 1986ж.

  3. Қазақ ССР тарихы. 2-томдық 2-том А, 1963ж.

  4. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия.

Астана. 2000ж.

5. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.

6. Қонаев Д. Менің уақытым туралы. А., 1989ж.

7. Қозыбаев М.Тарих зердесі 1кітап. А, 1998ж.


10-тақырып

1990ж. 25 қазан – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануы. Кеңес Одағының ыдырауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. 1991 жыл-қоғамды әрі қарай демократияландыру және ұлттық қайта өрлеу процесінің кезеңі. 1991 ж 16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»

Конституциялық Заңның қабылдануы. 1992 жыл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы, Әнұранның қаблыдануы. Қазақ халқының этномәдени өрлеуі. Көп ұлтты мемлекеттің нығаюы. «Тіл туралы» заңның қабылдануы. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы. Қазақстан халықтарының форумы.

Қазақстанның геосаяси жағдайының специфинасы Қазақстанның ТМД жүйесіндегі орны мен ролі. Қазақстанның БҰҰ мүшелігіне өтуі. Қазақстанның шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарды құру. Қазақстанда дүниежүзілік қауымдастықтың мойындауы.

Қазақстандағы экономикалық реформалар: қиындықтар мен проблемалар. Нарыққа көшу. Жекешелендіру. Кіші және ұсақ кәсіпкерлікті дамыту шаралары. Сыртқы экономикалық саясат: шетел капиталын тарту, біріккен кәсіпорындарды құру. Қазақстан экспортын ұлғайту.

Үкіметтің Қазақстандықтардың жалпы ұлттық келісімін нығайту бағытындағы саясаты.

1993ж. 28 қаңтар - тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы. 1995ж 30-тамыз ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Қазақстанда демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекеттің құрылуы.

«Қазақстан 2030»- елбасының ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы Қазақстан болашағының бағдары.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А, 1993ж.

  2. Қзақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995ж.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1998ж.

  4. Қазақстан тарихы. Очерктер. А, 1994ж.

  5. Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық хрестоматия Астана 2000ж.

  6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А., 1997ж.

  7. Назарбаев Н. Ғасыр тоғысында.

  8. Назарбаев н. Тарих толқынында.

  9. Кекілбаев Ә. Азаматтықтың ақ таңы. А, 1998ж.

  10. Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі. 1997ж.

  11. Тәтіммов М. Қазақ әлемі. А, 1993ж.

  12. Шаймерденов С. Елтану әліппесі. А, 1998ж.

  13. Жамбылов Д. Тәуелсіздік дәне саяси сана. А, 1999ж.


Педагогика пәнінен арналған бақылау жұмысының тақырыптары

1-нұсқа

Тақырыбы: Халық педагогикасы – асыл мұра

Жоспар

  1. Халық педагогикасының теориялық негіздері, маңызы.

  2. Халық педагогикасының ұғымдары.

  3. Халық педагогикасын тиімді пайдалану жолдары.

  4. Шығармашылық жұмыс.

Әдістемелік нұсқау

Халық педагогикасына анықтама беру. Оның ұғымдары – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ауыз әдебиетінің үлгілері т.б. жеке-жеке тоқталу.

Сабақта және сабақтан тыс халық педагогикасын қолданудың тиімді жолдарын қарастыруда озат педагогтардың іс-тәжірибесін пайдаланыңыз. 4-сұрақ бойынша кез-келген тақырыпта мәселен ұлттық оюлар, ұлттық ыдыс-аяқтар, ұлттық музыкалық аспаптарды т.б. пйдалана отырып бір жұмыс жасау, еркін түрде (альбом, буклет, кітапша т.б.).

Әдебиеттер:

1. Қ.Жарықбаев, С. Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі», А., Санат, 1995 ж.

2. М. Әлімбаев «Халық – ғажап тәлімгер».

3. С. Кенжеахметұлы «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», А., Ана тілі, 1994

4. К. Ісләмжанұлы «Рухани уыз».

5. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика

Астана 2007.

6. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.



2-нұсқа

Тақырыбы: Оқыту әдістері

Жоспар

1. Оқыту әдістерін топтастыру.

2. Әдістерге қойылатын талаптар.

3. Әдістерді тиімді таңдап алу шарттары.



Әдістемелік нұсқау

Жұмыстың мазмұнын ашу барысында тек теориялық анықтама ғана емес, сонымен қатар мысалдар келтіріп (өз тәжірибеңізден т.б.) жауапты жан-жақты беруге тырысыңыз. Ойыңыздың логикалық бірізділікпен баяндалуын ескеріңіз.

Оқыту әдістерін қисынмен топтастырып, әр әдістің ерекшелігін көрсетуге тырысыңыз. Оқыту әдістері – білімді меңгеру жолы екендігін дәлелдеңіз және оның таным процесіне тигізер үлесін анықтаңыз. Әдістерді тиімді қолдану шарттарын атаңыз. Әдіс пен тәсілдің байланысын анықтаңыз.

Әдебиеттер:

1. Ж.Б. Қоянбаев «Педагока», Астана 1998 ж.

2. Т. Сабыров «Оқыту теориясы».

3. Баспа материалдары. «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» т.б. газет-журналдары.

4. И.Ф. Харламов «Педагогика», М., 1999 ж.

5. И.Я. Лернер «Дидактическое основы методов обучения», М., 1981 ж.

6. Педагогикалық ізденіс. А., Рауан 1989 ж.

7. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика

Астана 2007.

8. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.



3-нұсқа

Тақырыбы: Оқыту принциптері

Жоспар

1. Принцип туралы ұғым.

2. а) оқытудың ғылымилық принципі

ә) оқытудың бірізділік-жүйелілік принципі.

б) оқытудың көрнекілік принципі.

в) оқытудың ізгілендіру принципі.

г) оқытудың проблемалық принципі.

д) оқытудың саналылық принципі.



Әдістемелік нұсқау

Жұмыстың мазмұнын ашу барысында тек теориялық анықтама ғана емес, сонымен қатар мысалдар келтіріп (өз тәжірибеңізден т.б.) жауапты жан-жақты беруге тырысыңыз. Ойыңыздың логикалық бірізділікпен баяндалуын ескеріңіз.

Әр принципті жеке дара қарастырып, ерекшелігін көрсету, маңызын ашу.
Әдебиеттер:

1. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика», Астана 1998 ж.

2. Т. Сабыров «Оқыту теориясы».

3. И.Ф. Харламов «Педагогика», М., 1999 ж.

4. И.Я. Лернер «Процесс обучения и его закономерности», М., 1980 ж.

5. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика Астана 2007.

6. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.

4-нұсқа

Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері

Жоспар

1. Тәрбиенің мақсаттары.

2. Тәрбиенің міндеттері.

3. Тәрбие ұғымына жан-жақты мағына беру.

4. Тәрбиенің құрам бөліктері және олардың арасындағы байланыс.

Әдістемелік нұсқау

Бұл жұмысты орындаған кезде «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасын» пайдаланған жөн. Оны «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1993 ж. ақпан-қаңтар айларының нөмерінен табуға болады. Сонымен қатар «Педагогика» кітабын пайдаланыңыз.


Әдебиеттер:

1. А.С. Макаренко «Тәрбие сағаты» 5-том, М., 1968 ж.

2. В.А. Сухомлинский «Павлиш орта мектебі», М., 1968 ж.

3. В.А. Сухомлинский «Тәрбие жайлы», М., 1975 ж.

4. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы.

5. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика», А., Рауан 1992 ж.

6. М. Жұмабаев «Педагогика», 1992 ж.

7. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика Астана

2007.

8. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.


5-нұсқа

Тақырыбы: Педагогикалық қызметтің мәні мен құрылымы.

Жоспар

1. Педагогикалық жүйені түсіну және оның құрылымын құрастыру.

2. Педагогикалық қарым-қатынас.

3. Педагогикалық басқарудың ерекшеліктері (стилдері)

4. Педагоигкалық қызмет құрылымындағы шығармашылықтың орны мен ролі.

Әдістемелік нұсқау

Педагогикалық жүйенің шегінде бес құрылымдық құрастырулар айқындалады:

1. педагогикалық ықпалдың субьектісі.

2. педагогикалық ықпалдың обьектісі.

3. Олардың бірлескен қызметінің пәні .

4. Оқытудың мақсаты.

5. Педагогикалық қарым-қатынастың тәсілдері.

Әдетте педагогикалық қарым-қатынасты оқыту мен тәрбиелеу процесінде болатын оқыту мен тєрбиелеу процесінде болатын оқытушы мен оқушының арасындағы кәсіпқой қарым-қатынас деп түсінеді. Есте сақтау керек, педагогтың кәсіпқойлық деңгейі оның қабілетіне педагогикалық, әлеуметті-писихологиялық және кәсіпқой –педагогикалық ойлау дәрежесіне тәуелді.



Әдебиеттер:

Подласый И. П. « Педагогика. М, Владос 2000 ж.

Харламов Н. Ф « педагогика» М, 1997 ж.

Рогов Е. Н. «Личность учителя»

Теория и практика « Ростов-на –Дону» 1996 ж.

Зязюн Н. П. « Основы педагогического мастерства» М, 1978 ж.

Загваязинский В. Н. « Педогогическое творчество учителя» М,1987ж.

Канн-Калик В.А. « учителю о педогогическогом общении» М, 1987 ж.


6-нұсқа

Тақырыбы: Оқыту процесі

Жоспар

1. Процесс туралы ұғым.

2. Оқыту процесінің мәні.

3. «Білім», «Іскерлік», «Дағды», «Қабілет» - ұғымдарын жеке дара қарастыру.

4. Оқыту процесінің құрылымы.

5. Оқытудың функциялары.



Әдістемелік нұсқау

Жұмыстың мазмұнын ашу барысында тек теориялық анықтама ғана емес, сонымен қатар мысалдар келтіріп (өз тәжірибеңізден т.б.) жауапты жан-жақты беруге тырысыңыз. Ойыңыздың логикалық бірізділікпен баяндалуын ескеріңіз.

Бұл жұмысты орындағанда оқыту процесінің екі жақтылығын ескеру қажет және анықтама беру тиіс. Оқыту процесінде жеке бастың дамуын анықтау. Оқыту процесінің құрылымын, компоненттерін көрсету. Оның функцияларын жеке дара қарастыру, байланыстарын көрсету.

Әдебиеттер:

1. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика», Астана 1998 ж.

2. И.Ф. Харламов «Педагогика», М., 1999 ж.

3. Мұқанов. «Педагогикалық жас ерекшелік психологиясы»

4. М.И. Махмутов «Проблемалық оқытуды ұйымдастыру», М., 1997 ж.

5. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика Астана 2007.


7-нұсқа

Тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары

Жоспар

1. Оқу жұмысын ұйымдастыру.

2. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

3. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары.

4. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау

Оқытуды ұйымдастырудың барлық формасына тоқталу. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы болу себептерін түсіндіру.

Оқушылардың үйдегі оқу жұмысына толық талдау жасау.

Әдебиеттер:

1. Я.К. Коменский «Великая дидактика», изб. пед. соч. 1955 ж.

2. М.И. Махмуров «Современный урок», М., 1985 ж.

3. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика», Астана 1998 ж.

4. Т Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика

Астана 2007.

5. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.

6. С. Сабыров «Оқыту теориясы».



8-нұсқа

Тақырыбы: Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Жоспар

1. Сабақтың түрге және типке бөлінуі.

2. Сабаққа қойылатын талаптар.

3. Бірінші сынып сабақтарының ерекшеліктері.

4. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі. Сабақ жоспары.
Әдістемелік нұсқау

Сабақтың түрлерін ажырату. Әр типіне жеке дара тоқталу. Сабақты түрге, типке байланысты тиімді таңдау шарттары. Бірінші сынып сабақтарын, олардың жас және дербес ерекшеліктерімен санаса отыра талдау. 4-сұрақта нақты бір сабақ жоспарын толық жазып, мұғалімнің сабаққа әзірленуін кезеңдермен көрсету.


Әдебиеттер:

1. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика», Астана 1998 ж.

2. Т.С. Сабыров «Оқыту теориясы».

3. И.Ф. Харламов «Педагогика», М., 1999 ж.

4. Ш.А. Амонашвили «Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников», «Педагогика», 1984 ж.

5. Педагогикалық ізденіс. А., Рауан 1989 ж.

6. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика Астана 2007.

7. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.



9-нұсқа

Тақырыбы. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

Жоспар

1. Сабақ түрлері мен типтері.

2. Сабақтың бірліктері.

3. Сабақта оқушылармен жұмыс істеу формалары.

4. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын бақылау, бағалау, есепке алу.

5. Сабақта халық педагогикасының қолдану ерекшеліктері. Сабақ жоспары.

6. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика Астана 2007.

7. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.



Әдістемелік нұсқау

Жұмыстың мазмұнын ашу барысында тек теориялық анықтама ғана емес, сонымен қатар мысалдар келтіріп (өз тәжірибеңізден т.б.) жауапты жан-жақты беруге тырысыңыз. Ойыңыздың логикалық бірізділікпен баяндалуын ескеріңіз.

Сабақтың түрлері мен типтеріне жеке дара тоқталу, ерекшеліктерін ажырату. Сабақта оқушылармен жеке жұмыс істеу (жеке, дара, ұжымдық) формаларын мысалдармен көрсету. Халық педагогикасын сабақта тиімді қолдану жолдарын көрсету, маңызын ашу. Толық сабақ жоспарын жазу.

Әдебиеттер:

1. М. Әлімбаев «Халық – ғажап тәлімгер».

2. Ж.Б. Қоянбаев «Педагока», Астана 1998 ж.

3. Т.С. Сабыров «Оқыту теориясы».

4. И.Ф. Харламов «Педагогика», М., 1999 ж.

5. Баспа материалдары. «Бастауыш мектеп» журналы.

6. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика Астана

2007.


7. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.

10-нұсқа

Тақырыбы. Жалпы білім мазмұны

Жоспар

1. Білім мазмұны және оның ғылыми негіздері.

2. Білім мазмұнын көрсететін құжаттар.

3. Қазақ мектептеріндегі білім мазмұнының ерекшеліктері.

4. Оқулықтар. Олардағы өзгерістер және ерекшеліктер.

Әдістемелік нұсқау

Бұл тақырып бойынша жұмысты ҚР-ның «Білім туралы» заңымен жұмыс істеуден бастаңыз. Оқулық, бағдарламалармен танысып, оларды бұрынғы оқулықтармен салыстырып, артықшылығын көрсетіңіз. Дамыта оқыту мақсаттарын оқулық жүзеге асыра ма?



Әдебиеттер:

1. ҚР «Білім туралы» заңы. 27.07. 2007ж

2. ҚР-ның ата заңы – Конституция.

3. «Қазақстан 2030» Н.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасы.

4. Қазақстан мұғалімі, 30.09.1999, № 3.

5. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика», Астана 1998 ж.

6. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова Педагогика Астана 2007.

7. В.С. Кукушкин. Современные педагогические технологии. Феникс -2004г.



6. Бастауыш сынып. Оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқу стандарты және оқулықтар. Әдістемелік құралдар.
Дүниежүзілік және ұлтық мәдениет негіздері пәнінен арналған бақылау жұмысының тақырыптары
1-нұсқа

Мәдениет туралы түсінік. Мәдениет және өркениет.

Қазіргі заманғы мәдениет.
Мәденет қоғамдық қубылыс. Материалдық және рухани мәдениет. Материалдық мәдениеттің құндылықтары. Рухани мәдениет, оның структурасы.

Мәдениеттің дамуы: дәстурлер мен жаңашылдық. Мәдениеттердің жалғастырушылығы. Мәдениеттегі ұлтшылдық және жалпы адамзаттық.

Қазіргі заманғы мәдениет. «Көпшілік мәдениеті». Мәдениетінің индустриализациясы. Мәдениеттегі тұтынушылықтың басылымдағы. Элитарлық мәдениет. Жастар суб мәдениеті.
Әдебиеттер

  1. Тимошинов В. Культурология А.1997

  2. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А.2000

  3. Кішібеков. Садыков. Философия. А.1994

  4. Запад и Восток: традиция и современность. М.1993


2-нұсқа

Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
Қазақстан территориясы мәдениет жараталысының әлемдік бір алағы. Қазақ мәдениеті-көшкенді мәдениет формасы ретінде. Материалдың мәдениет ескерткіштері. Қазақ халқының дәстурлі мәдениетіне европалық мәдениетінің енуі. Екі мәдениеттің шекарасында тұратын маргиналдық мәдениеттің пайда болуі.
Әдебиеттер

  1. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А.2000

  2. Тимошинов В. Культурология. А.1997

  3. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. А. 2000

  4. Каракузов Ж. Космос казахской культуры. А.1993

3-нұсқа

Жеке адам мәдениеті.

Жеке адам мәдениетін құрайтындар: Эстетикалы, өнгелік, жалпыбілімдік, құқылы-саясатты, экономикалық, экологиялық, физикалық мәдениет.

Тұрмыс мәдеиеті және әдемілікті айыра білу критериі. Гармония, түс, симметрия сезімдері. Қазақ халқының тұрмысының эстетикасы. Қазақ психологиясы.
Әдебиеттер:

  1. Иман және инабат.А.1994

  2. Абай. Қара сөздер. А.1996

  3. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тілім тәрбиесі. А.1993

  4. Қазақ халқының саят-дәстүрлері. А.1994

  5. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А.2000

  6. Тимошинов В. Культурология. А.1997


4-нұсқа

Діннің мәні және ролі
Дін туралы түсінік. Діннің пайда болуы және тегі. Діннің рухани мәдениеттің әртүрлі жақтарына әсер етуі. Адамның тағдыры мен өмірінің мәні діни және философиялық оқуларда. Дүниежүзілік діндер- буддизм, христиан, ислам.

Әдебиеттер:

  1. Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. А.1993

  2. Кішібеков, Сыдықов. Философия. А. 1994

  3. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А.2000

  4. Тимошинов В. Культурология.А.1997

5-нұсқа

Дәстурлер, әдет-ғұрыптар,

мерекелер- мәдениетті құрайтын буындар.
Дүниежүзілік халықтарыдың дәстурлері мен әдебғұрыптарындағы жалпыадамзаттық өнегелі байлықтар. Мұсылмандардың, христиандардың, буддистердің әдет-ғұрыптары. Географиалық және климаттық жағдайлардың дүниежүзілік халықтардың әдет-ғұрыптарына әсері. Қазақстанда туратын халықтардың дәстурлері, әдет-ғұрыптары.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ халқының салт-дәстурлері. А.1994

  2. Қ. Жарықбаев. Қазақ тілім-тәрбиесі. А. 1995

  3. Весь мир. Справочник.М.2001

  4. История мировой культуры. А.М.Чернокозов. Ростов-на-Дону.1997

  5. Тимошинов В. Культурология. А.1997


6-нұсқа

Оқу- білім мәдениет жүйесінде
Қоғамның рухани дамуында мектеп пен оқу-білімнің ролі. Оқу-білім-адамды қоғам мәдениетіне қатыстыру жолы.

Оқу-ағарту ісінің Қазақстанда даму жолы: мұсылман оқуы (мектеп пен медреселер), орыс оқуы (азиат мектебі, тау мектептері, әскериоқу орындары).

Қазақстанда 20-30 жылдары жоғары және орта оқу орындарының ашылуы. Совет дәуіріндегі білім саласының дамуының дәрежелері мен қиындықтары.

Әдебиеттер:

  1. Қ. Жарықбаев. Қазақ тілім-тәрбиесі.А.1993

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А.1994

  3. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А. 2000

  4. Тимошинов В. Культурология. А.1997


7-нұсқа

Өнер-мәдениетті құрайтын бір буын.

Өнер қоғам мәдениетінің бірден бір бөлігі. Өнер ерекшелігі. Өнердің танымдылық, тәрбиелік және эстетикалық функциялары. Еңбектің бөлінуі- өнердің пайда болуының алғы шарты. Өнер мен мораль. Өнер және ғылыми-техникалық прогресс. Өнер және дін. Көркем бейне түсінігі. Өнер түрлері. Жанр. Негізгі дүниежүзілік стильдер ттүсінігі (готика, барокко, классицизм т.б).

Әдебиеттер:

  1. Чернокозов А.И. История мировой культуры. Ростов-на-Дону.1997

  2. Весь мир. Справочник. М.2001

  3. Тимошинов В. Культурология. А. 1997

  4. Өнер-өмір орысы. А.1986


8-нұсқа

Музыка
Музыка өнерінің ерекшелігі. Адамның рухани дүниесі және дыбыс байлығының мағынасы- музыка. Халық музыкасы- музыка өнерінің негізі. Музыканың мәсілдері: Мелодия, гармония, ритм. Аспапты және вокалды жанрлары. Қазақ халқының дәстурлі музыкасы: бақсылар, жыраулар, сал-серілер, ақындар, күйші, термешілер.

Әдебиеттер:

  1. О.Бейсенбекұлы. Сазды аспаптар сыры. А.1994

  2. Инструментальная музыка казахского народа. А.1985

  3. Казахский музыкальный фольклор.А.1982

  4. История мировой культуры. Чернокозов А. Ростов- на-Дону. 1997


9-нұсқа
Кескіндеме мен графика
Кескіндеменің көркем тәсілдері. Техникасының әртүрлілігі. Графиканың мәнерлеу тәсілдері. Суретшілер. Қазақ бейнелеу өнері. Бірінші қазақ суретшілері.

Әдебиеттер:

  1. Толебиев Ә. өнер өрісі. А, 1996

  2. Происхождение изоброзительного искусства. Столяр А. Д. М, 1986

  3. Тимошинов В. Культуралогия. А, 1997

  4. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А, 2000

  5. Медов А. Г. Гравюры на скалах. А, 1979


10-нұсқа

Сәнді – қолданбалы өнер.

Сәндік - қолданбалы өнердің түрлері. Халықтық қайнары. Тұрмыстағы сәндік - қолданбалы өнердің тәрбие тәсілі. Қазақ халқының сәндік- қолданбалы өнері.

Әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т. Мәдениеттану. А, 2000

  2. Джанибеков У. Культура казахского ремесла. А, 1982

  3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. А, 1995

  4. Тимошинов В. Культуралогия. А, 1997

  5. Джанибеков У. Эхо. А, 1990.


Экономикалық теория негіздері пєнінен арналған бақылау

жұмысының тақырыптары
1 нұсқа

Тақырыбы: Экономикалық теория пәні және әдісі.

Жоспары

1. Экономика дегеніміз – қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым.

2. Экономикалық теорияның ғылым ретінде даму кезеңдері: меркантелизм, классикалық,

физократтық мектебі.

3. Экономикалық теорияның атқаратын қызметі: танымдылық, болжаушылық,

практикалық.



Әдебиеттер: Әубәкіров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы 1998 жыл.

Борисов Е. Экономическая теория, Москва 1999 год.

Журавлева.

2 нұсқа

Таќырыбы: Экономикалық жүйе. Экономикалық дамудың жалпы проблемалары.

Жоспары


  1. Экономикалық жүйе дегеніміз - өндірісте тарату, алмастыру жєне материалдық емес игіліктер, қызметтерді қалыптастыратын шаруашылық қатынастары мен өзара байланысатын біріккен жиынтық болып табылады.

  2. Қоғамдық және єлеуметтік экономикалық прогресс. Өндірістің материалдың – заттық факторлары.

Әдебиеттер: Нүрпейісов Ж.Ќ. Экономикалық теория негізі Ақмола 1996 ж.

Әубәкіров Я.А. Экономикалық теория негіздері Алматы 1998 г.

Борисов Е. Экономическая теория негіздері Алматы 1998 ж.

Журнал «Экономикс» 2000-2001г. № 2,5



3 нұсқа

Тақырыбы: Меншік қатынастарының мәні және олардың даму ерекшеліктері.

Жоспары

  1. Меншік дегеніміз - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты туындайтын адамдар арасындағы экономикалық қатынастары және байланыстары.

  2. Меншіктің тарихи үлгілері және қоғамның экономикалық құрылысының үлгілері. Меншіктің түрлері.

  3. Қазақстан республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы.

  4. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру ерекшеліктері.

Әдебиеттер: Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998 г.

Нүрпейсов Ж.Қ. «Экономикалық теория негіздері» Ақтөбе 1998г.

Жүнісов А.Б. нарықтық экономика негіздері І. ІІ бµлім Ақтөбе 1993ж.

Медетов нарықтық экономика негіздері Алматы 1995


4 нұсқа

Тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастырудың жалпы типтері.

Жоспары

1. Шаруашылқтың формалары. Натуралды және тауарлы шаруашылық.

2. Тауарлы өндіріс . Тауар және оның қасиеттері.
Әдебиеттер: Нүрпейісов Ж.Ќ. «Экономикалық теория негіздері» Ақтөбе 1998ж.

Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.

Чепурин М.Н. «Курс экономический теории»

Мамыров Микроэкономика. Алматы 2001г.



5 - нұсқа

Тақырыбы: Кәсіпкерлік, мәні, мазұны.

Жоспары

  1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, түрлері. Кәсіпорындар.

  2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың жаңа түрлері Ірі және шағын кәсіпорындар.

  3. Нарық қатынасының негіздері.

Әдебиеттер: Нүрпейісов Ж.Ќ. «Экономикалық теория негіздері» Ақтөбе 1998ж.

Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.

Чепурин М.Н. «Курс экономический теории»

Мамыров Микроэкономика. Алматы 2001г.



6 - нұсқа

Тақырыбы: Ақша оның атқаратын қызметі, мәні. Инфляция жєне

антиинфляциялық саясат.



Жоспары

1. Ақшаның пайда болуы, маңызы. Ақшаның қасиеті мен қызметі.

2.Ақшаның айналымдағы ерекшеліктері. Ақша жүйесі. Инфляция, антиинфляциялық саясат.

Әдебиеттер: Нүрпейісов Ж.Ќ. «Экономикалық теория негіздері» Ақтөбе 1998ж.

Єубєкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.

Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»

Мамыров. Микроэкономика. Алматы 2001г.


7 - нұсқа

Тақырыбы: «Нарық оның құрылымы, қызметі және ықпал ету механизмі»

Жоспары

1. Нарық туралы ілім. Нарық экономикалық қатынас жүйесі ретінде.

2. Нарық құрылымы. Нарық механизмі, қызметі. Нарық стратегиясы.

Әдебиеттер: Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.

Нүрпейісов Ж.Қ. «Экономикалқ теория негіздері» Ақтөбе 1998ж.

Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»

Мєдетов Нарықтық экономика негіздері Алматы 1995

Жүнісов А.Б. нарықтық экономика негіздері І,ІІ бөлім. Ақтөбе 1993ж.

Назарбаев Н.Є. «Қазақстан – 2003» Алматы 1998 ж.



8 - нұсқа

Тақырыбы: Сұраныспен ұсыныс зањы.

Жоспары

  1. Сұраныс –нарықта болатын ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну формасы.

  2. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы орны.

  3. Нарықтық тепе-теңдік. Бәсеке ,оның түрлері. Бәсекенің нарықтағы орны.

Әдебиеттер: Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.

Нұрпейісов Ж.Ќ. «Экономикалық теория негіздері» Ақтөбе 1998ж.

Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»

9 - нұсқа

Тақырыбы: Менджменттің мақсаты, міндеті, қызметі.

Жоспары

1. Басқарудың мәні және оның өндіріс тиімділігіне ықпалы.

2. Менджменттің мақсаты, міндеті, тиімділігі.

Әдебиеттер: Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.

Нүрпейісов Ж.Қ. «Экономикалық теория негіздері» Ақтөбе 1998ж.

Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»

Ахметов. Менеджмент негізі.



10-нұсқа

Тақырыбы: Маркетинг дегеніміз не?

Жоспары

1. Маркетингтің даму кезеңдері.

2. Маркетингтің принциптері мен қызметі.

3. Бинес жоспар. Жарнама және ынталандыру.


Әдебиеттер: Әубәкіров Я.А. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 1998ж.

Нүрпейісов Ж.Қ. «Экономикалық теория негіздері» Ақтөбе 1998ж.

Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»

Ахметов. Менеджмент негізі.



Қазіргі қазақ тілі пәні бойынша берілетін

бақылау жұмысының тапсырмалары
1 нұсқа

1. Етістік негізі. Салт сабақты етістіктер.

2. Сөздің негізгі түбірлері.Жалаң, түбір, туынды, күрделі.

3. Көнерген сөздер. Неологизімдер.

4. Мына сөздерді бірде қыстырма сөз етіп, бірде сөйлем мүшесі етіп сөйлем құрап, морфологиялық талдау жасаңыз. Рас, білем, қайтейін, кім біледі, міне, байқаймын, қалай, не, осы.
2 нұсқа

1. Рай категориясы және оның түрлері.

2. Зат есім. Лексикалық сипаты, сөйлемдегі қызмет.

3. Абай тілінің сөздігі туралы.

4. Көркем шығармадан қыстырма сөзді,сөйлемдерді көшіріп жазып, қыстырмалардың мағыналарын,тыныс белгілерін түсіндіріңіз, лингвистикалық талдау жасаңыз.
3 нұсқа

1. Етістіктің граммматикалық категориялары туралы түсінік.

2. Көсемшелер, оның жұрнақтары, мысал келтір.

3. Сын есімнің шырай категориясы.

4. Салалас құрмаластың тыныс белгілерін қойып, себебін түсіндір,

сөйлем мүшесіне талдап, құрамына бөлшекте.

Алатаудың көрінісі тамаша бірсыпыра бұлт таудың басына ұлғайып,

ақ шалмаша таудың белуарынан шықтарына дейін оралып тұр.


4 нұсқа

1. Есімдік туралы жалпы сипаттама, оның шығу төркіні жағынан бөлінуі,

оның мағынасына қарай бөлінуі.

2. Етістік, оның түрлері, жасалу жолдары.

3. Сөздік қор мен сөздік құрам ара-қатынас.

4. Бірақ, алайда, дегенмен, сөйтсе де, ал жалғаулықтарын келтіріп, қарсылықты салалас сөйлемдер құрыңыз, морфологиялық талдау жасаңыз.



5 нұсқа

1. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. Метафора, оның түрлері.

2. Көп мағыналы сөздер мен омонимнің ерекшелігі. Синонимдер, оған тән белгілері, жасалу жолдары.

3. Етістіктің шақ категориясы туралы.

4. Көркем шығармалардан 10 салалас сөйлем теріп жазып, олардың сыңарларының қалай байланысқанын айтып, лингвистикалық талдау жаса.

6 нұсқа

1. Сын есім, оның түрлері. Дара және күрделі сын есімдер.

2. Зат есімнің грамматикалық категориялары.

3. Сөз табы. үстеу, оның түрлері.

4. Көркем шығармадан және, әрі , да, де жалғаулықты 5 ыңғайлас сөйлем теріп көшіріңіз.
7 нұсқа

1. Белгісіздік есімдік. Болымсыздық есімдік. Жалпылау есімдік.

2. Болымды, болымсыз етістік жєне оған мысалдар келтіріп дәлелде.

3. Сөз тудырушы жұрнақтар, түрленудіруші жұрнақтар.

4. «Базарда» деген тақырыпқа қысқа әңгіме құраңыз. Олар төл сөзді сөйлемдерден тұратын болсын. Оларға морфологиялық талдау жасаңыз.
8 нұсқа

1. Морфемалар туралы түсінік. Жұрнақ, жалпы системасы.

2. Сөз таптары, олардың морфологиялық құрылымы.

3. Сөздердің жасалу жолдарын пайдаланып, 8 мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрап, қызметіне қарай талдап, сөз құрамына ажыратыңыз.


9 нұсқа

1. Сын есім, оның семантикалық топтары, жасалуы.

2. Морфология. Грамматика, оның салалары.

3. Жалғаулар, оның түрлері.

4. Шартты салаласқа 5 сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне талдап, құрамына қарай ажыратыңыз.

10 нұсқа

1. Үстеу, оның морфологиялық белгілері, түрлері.

2. Есімшелер.

3. Есімшенің шақтық мағынаға қарай жіктелуі және жасалуы.

4. Мезгіл, шартты, қарсылықты, себеп, мақсат бағыныңқылы сабақтастарды

келтіріп, «Менің сүйікті кейіпкерім» деген тақырыпқа шығарма жазыңыз,

лингвистикалық талдау жасаңыз.
Қолданылған әдебиеттер

1. Н. Оралбаев, Ғ. Мадина «Қазақ тілі»

2. «Тіл білімдерінің негіздері» Аханов

3. С. Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің Қысқаша курсы»



4. Н. Оралбаев «Практикалық Қазақ тілі»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет