Білім алушы: Білу - ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін және оқиғалардың хронологиясы;
- тарихи тұлғаларды;
Түсіну - мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді;
- тарихи ұғымдарды;
- тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді;
Қолдану - әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады;
- ортағасырлық мемлекеттердің аумағын саяси картада көрсету;
- ортағасырлық тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсету;
Талдау - тарихи оқиғалардың байланысын анықтау;
- дереккөздегі маңызды ақпаратты табады;
- мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;
-тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және сабақтастығын талдайды;
Жинақтау - тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;
- алғашқы тайпалық бірлестіктердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жіктейді;
- тарихи фактілердің маңыздылығын жіктейді;
- тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды.
Бағалау - тарихи тұлғалардың рөлін бағалайды;
- тарихи үдерістердің маңызын бағалайды.